Сабақ №8 тақырыбы: Атом орбитальдарының гибридтенуі, молекулалар геометриясы



бет1/3
Дата19.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#143980
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
сабақ № 8 атом гибридтену


Сабақ № 8
тақырыбы: Атом орбитальдарының гибридтенуі, молекулалар геометриясы

Гибридтену теориясы - валенттік байланыс (ВБ) әдісінен шығатын теория. Мұнда молекулалардың стереохимиясына қатысты мәселелерге ғана тоқталамыз.Молекулалардың түзілуі кезінде берілген орбиталдардың валенттік электрондары энергиясының және формасының өзгерісі болып өтеді де будандасқан орбиталдардың энергиясы мен формасы бойынша бірдей саны да сол негізде қалыптасады. Будандасу туралы ұғым мен түсінік молекулалардың құрылысындағы ерекшеліктерді түсінуге мүмкіндік береді. Ол оның бағыттылығы сияқты, коваленттік байланыстың осындай аса маңызды қасиетін көрсетеді (1-кесте).


Атомдардың орбитальдарының бір – бірімен қаптасуы нәтижесінде түзілген молекулалық орбиталь немесе ковалентті химиялық байланыс сол атомдардың ядроларының арасын байланыстыратын белдеу сызығының бойында жатса, онда осы сигма (σ) байланыс дейді. Сигма байланысы екі s – немесе екі р - , немесе екі d – орбитальдар және s– пен р -, d – мен s - , d – мен р – орбитальдар әрекеттескенде түзіледі.
δбайланыс . Бұл байланысты параллель жазықтарда жатқан екі d –орбитальдар өздерінің күлтелерімен түгел бір – бірімен қаптасу нәтижесінде түзіледі. Атомдар ядросын қосушы, орбитальдердің жабылуы кезіндегі сызық бойында жүзеге асады. (1-сурет).

1-сурет. Жабылу амалы арқылы химиялық байланыстың түзілу сызбанұсқасы


π – байланысы . Атомдардың электрон орбитальдарының бір – бірімен қаптасу арқылы түзілген молекулалық орбиталь сол атомдардың ядроларын байланыстыратын белдеу сызығына тік бұрыш жасай жатса онда оны пи (π) байланысы деп атайды (2-сурет): ру-ру, рz – рz, р-d, dх-dх.

Элементтің валенттілігі электрон жұптарының санына сәйкес. Мысалы: H ­_­ F молекуласында 1 коваленттік байланыс бар, бұл молекулада фтор – 1 валентті, Н _ О _ Н молекуласында 2 коваленттік байланыс бар, бұл молекулада оттек − 2 валентті, NH3 молекуласында 3 коваленттік байланыс бар, бұл молекулада азот − 3 валентті.
Гибридтеліну дегеніміз әр түрлі атомдық орбитальдардың араласып, энергиялық жағынан тиімді біркелкі атомдық орбитальдің түзілуі. Мұндай гибридті орбиталдар басқа атомдармен химиялық байланыс түзуге өте бейім. Гибридті орбиталдардың саны гибридтенуге қатынасқан орбиталдардың санына тең. Гибридті орбиталдар электрон бұлттарының пішіні мен энергиясы жағынан бірдей болып келеді. Олар атомдық орбиталдарға қарағанда химиялық байланыс түзу сызықтың бойында жатады, сондықтан электрон бұлттарының бүркесуіне қолайлы жағдай туады.
Атомдық орбитальдің гибридтену түрлері көп. Кейбір молекулалар түзілгенде олардың құрамындағы орбитальдардың бастапқы энергиялары мен кейінгі энергиялары бірдей болмайды.
Осындай құбылысты түсіндіру үшін Полинг “гибридтену” деген түсінік енгізді. Полингтің пікірі бойынша, s және р-орбитальдар байланыс түзердің алдында өзара араласады, басқаша айтқанда, гибридтенеді. Олардың ең маңыздыларын қарастырайық:
Sp-гибридтену.Периоодтық жүйедегі екінші топша элеиенттерінің галогендерімен қосылыстарында sp-гибридтену түрі іске асды Берилийдің сутекпен және галогендермен қосылыстарын қарастырайық. Берилий негізгі жағдайда жұптаспаған электрондары жоқ. Бірақ оның барлық қосылыстарының құрылысы түзу сызықты болып келеді. Осындай құрылысты ВБ теориясымен түсіндіру үшін, Ве электрондарының қозған жағдайын қарастырады, осының нәтижесінде екі жұптаспаған электрондар пайда болады. Бериллийдің әртүрлі екі орбиталі бірігіп жаңа және ұқсас екі гибридті электрондар пайда болады. Гибридтену теориясы бойынша молекуланың (ионның) кеңістіктегі құрылысы орталық атомның σ-байланыстар түзуге жұмсайтын орбитальдарының типіне байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет