Кіріспе. Химиялық байланыстың электрондық теориясы. Бағытталған валенттіліктер теориясы Жоспары Органикалық химияның жеке ғылым болып дамуы


Органикалық қосылыстарда бейорганикалық қосылыстарда болмайтын өзіне тән ерекшеліктер бар



бет2/4
Дата29.09.2022
өлшемі1,59 Mb.
#151208
1   2   3   4
Байланысты:
1 ОХ кириспе 06.09.2022
Тіркеу бойынша нұсқаулық, СОР 8 кл геометрия 1 четверть, ИГиПТС каз 4, реферат1

Органикалық қосылыстарда бейорганикалық қосылыстарда болмайтын өзіне тән ерекшеліктер бар:

Органикалық қосылыстарда бейорганикалық қосылыстарда болмайтын өзіне тән ерекшеліктер бар:

1. Органикалық қосылыстардың барлығы жанады, ал бейорганикалық қосылыстардың көбі жанбайды.

2. Шамалы сыртқы әсерден, мысалы, шамалы қыздырғанда, органикалық затгардың көбі өзгеріске үшырайды, ыдырайды. Сондықтан олармен жұмыс істеу ерекше сақтықты қажет етеді.

3. Көміртек периодты системадағы барлық элементтермен (интертті газдардан баска) қосылыса алады, ал басқа кез келген элементте мұндай қабілет жоқ.

4. Органикалық заттардың молекуласында әр уақытта біртекті атомдардың бірнешеуі, кездесе алады, яғни молекулада көміртек атомдарының бірнешеуі кездеседі.

5. Органикалық қосылыстардың көбі иондарға ыдырамайды (диссоциацияланбайды), ал бейорганикалық қосылыстардың көбі иондарға ыдырайды.

5. Органикалық қосылыстардың көбі иондарға ыдырамайды (диссоциацияланбайды), ал бейорганикалық қосылыстардың көбі иондарға ыдырайды.

6. Органикалық қосылыстардың реакциялары бейорганикалық қосылыстардың реакцияларына қараганда баяу жүреді және көбінесе аяғына жетпейді, әрі шығымы аз болады.

7. Органикалық қосылыстардың арасында и з о м е р и я құбылысы кең тараған. Бұл құбылыс XIX ғасырдың басында ашылды. Молекулалық құрамы және молекулалық массасы бірдей, ал химиялық құрылысы әр түрлі заттарды изомерлер деп атады.

Органикалық қосылыстардың көптігінің бір себебі болып келетін изомерия қүбылысымен органикалық қосылыстардың жеке кластарын оқыганда кездесеміз.

Органикалық химияның алғашқы теориялары

XIX ғасырдың бірінші жартысында органикалық химиядан үлкен тәжірибелік материалдар жинақталды. Сол кезде осы нақты материалдарға түсінік беріп, олармен жұмыс істеуде әрі қарай жол сілтейтін органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясын орыстың ұлы ғалымы А.М.Бутлеров 1861 жылы жасады. Бұл теория қазіргі органикалық химияның бастамасы болып саналады. Әрине, басқа да үлкен ғылыми теориялар секілді бұл теория ғылымға бірден өзінен-өзі келе қоймады. Оның келуіне себепші болған және жағдай туғызған - сол теорияға дейінгі белгілі болған кішігірім теориялар мен фактілер еді. Олар Р а д и к а л д а р т е о р и я с ы және т и п т е р т е о р и я с ы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет