Кiрiспе I бастауыш сыныпта дамыта оқытудың ғылыми педагогикалық негiздерi



бет1/2
Дата17.06.2018
өлшемі260 Kb.
#42981
  1   2
    1. ЖОСПАРЫ





  1. КIРIСПЕ


I Бастауыш сыныпта дамыта оқытудың ғылыми педагогикалық негiздерi.


    1. Оқу жүйесiнде дамыта оқытудың орны, педагогикалық мәнi мен маңызы, даму тенденциясы.

    2. Бастауыш сыныпта дамыта оқытудың диагностикалық ерекшелiктерi мен мүмкiндiктерi.


II Қазақ тiлi пәнiнде дамыта оқытудың әдiстемелiк негiздерi және оларды iске асырудың жолдары.
2.1. 1- сыныпта қазақ тiлi сабағындағы дамыта оқыту, оған қойылатын талаптар.

2.2. Дамыта оқыту технологиясын жетiлдiру (педагогикалық тәжiрибе және оның нәтижесi).

2.3. Пiкiрлер мен үсыныстар
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
ҚОСЫМША

    1. КIРIСПЕ


Сен ешбiр нәрсе меңгермеген және өзiңнiң бiлiмiне ештеңе қоспақан осынау күндi немесе сағатты бақытсыз сана.
Я.А.Коменский
Болашақтың бүгiннен де нұрлы болуына ықпал етiп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек бiлiмде ғана. қай елдiң болмасын өсiп өркендеуi, өркениеттi дүниеде өзiндiк орын алуы оның үлттыңқ бiлiм жүйесiнiң деңгейiне, даму бағытына байланысты.

Қазақстан республикасының Бiлiм туралы Заңының 8- бап . бiлiм беру жүйесiнiң мiндеттерi бөлiмiнде:

Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндетi - үлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжiрибе жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсiиб шыңдауға бағыталған бiлiм алу үшiн қажеттi жағдайлар жасау делiнген

Сондай-ақ осы бапта жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы интеллектiн байыту;  делiнген.

Мiне осы мәселелерге тоқтала отырып, елiмiздiң экономикалық, әлеуметтiк, мәдени салалары өскен сайын, қоғам дамуының барлық саласындағы болып жатқан өзгерiстерге сай бiлiм беру саласы да өзгерiп, жаңару үстiнде. Себебi дәл қазiргi уақыт, ең алдымен, адамның ақыл-ойы мен қабiлетiне қойылар талапты күшейтiп жiбердi.

Жалпы алғанда педагогикалық процестегi оқыту теориясын дамытуға үлес қосқан ғалымдар, ғалым педагогтар бастауыш сыныпта дамыта оқыту жүйесiнде көптеген өздерiнiң еңбектерiне зерттеу жүмыстары н жүргiзiп түжырымдамалар жасады. Сонымен қатар жеке адам тәрбие мен оқыту процесiнiң жетiлiп, дамуды артына салып отыратындығын дәлелдедi. Олардың идеяларынң мәнi мына төмендегiге саяды:



  1. Таным қабiлетiнiң дамуы – бүл барлық мүғалiмдерiнiң барлық пәндер бойынша оқыту процесiндегi мақсаттылық iс-әрекетi.

  2. Оқушыларға бiлiм беру және объективтiк шындықты тану мәселелерi жайындағы оқулықтың ролi.

  3. Оқытудың әдiстерi мен формаларын жетiлдiру.

  4. Мүғалiмнiң теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлiгi, бiлiмдарлығы оқулардың таным iс-әрекетiнт дамытудың шешушi қүралдарының бiрi болып табылады.

Бүл жағдай мектептерде бастауыш сынып балаларына бiлiм берудiң жаңа философиясын, теорилық негiзiн, тәжiрибесiн насихаттауды бiр сәтте күн тәртiбiнен түсiрмеудi талап етедi. Сондықтан бiздер мүғалiмдер жүмысымызда дамыта оқытудың жаңа технологияларын меңгерiп, оқушыны бiлiмқүмарлылыққа, iзденiмпаздылылыққа, шығармашылық жүмыс iстей бiлу қабiлеттiтiлiгiн арттыруүшiн дүрыс бағдар беруiмiз керек.

«Пәндердi оқыту барысында дамыта оқытудың теориялық және тәжiрибелiк негiздерi« тақырыбында дипломдық жүмыс жазудағы басты мақсат:

бастауышмектепте қазақ тiлi сабағын оқыту барысында оқушылардың өзiндiк шығармашылығын, iс-әрекетi қалыптастыруда дамыта оқытудың тиiмдi әдiс-тәсiлдерiн ашып көрсету;

осы мақсатқа жетудегi туындаған мiндеттер:



  1. бастауыш сынып оқушыларынң өз беттерiнше даму iс-әрекетiнқалыптастыруда теориялық бiлiмдер мен педагогикалық ғылыми еңбектерге тоқталып, шолу жасау.

  2. Бiрiншi сыныптың қазақ тiл сабағында оқушылардың өзiндiк шығармашылық iс-әрекетiн қалыптастырудың тиiмдi жолдарын қүру .

  3. Оқушылардың өiзiндiк даму ерекшелiктерiн қалыптастыруда озат педагогикалдық тәжiрибелердi талдау мәнiн ашу, оны практикалық түрғыдан қолдана бiлу.

Çåðòòåó ¸äiñòåði: îºûòó áàðûñûíäà äàìûòà îºûòóäû ºàëûïòàñòûðóäûн òèiìäi æîëäàðû.

±ûëûìè çåðòòåó îáúåêòiñi: 14 ¸ë- ôàðàáè àòûíà¹û ºàçຠîðòà ìåêòåáiíiн áàñòàóûø áiðiíøi ñûíûáíûн îºó ò¸ðáèå ïðîöåñi.

Çåðòòåó ï¸íi: ºàçຠòiëi

Äèïëîì æ½ìûñûíûн º½ðûëûìû: кiрiспе, 2 тарау, әр тарау 2,3 бөлiмнен қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен түрады.

Мiне осындай зерттеулердi жинақтап қарастыра келе бiз ғылыми зерттеу жүмысының тақырыбын бiрiншi сыныпта қазақ тiлi пәнiн оқытудың теориялық және тәжiрибелiк негiздерi - деп атадық.



Бастауыш сыныпта дамыта оқытудың ғылыми педагогикалық негiздерi

    1. бастауыш сыныпта дамыта оқыту туралы түсiнiк және оның маңызы.

Баланың физикалық дамуы генетикалық бағдарлама бойынша қаңқасының, бүлшық ет көлемiнiң өсуi арқылы нақты, көрнектi жағдайда өтiп жатады.

Ал оның психикасының жекелiгiнiң дамуы ше? Сананың дамуы оқытудан ба, әлде әлеуметтiк жағдайдн ба? Не табиғи есеюден бе? Бүл сүрақтарға жауап адамның iшкi мүмкiндiктерiнiң шекарасын, сыртқы педагогикалық әсерлердiң мақсат мiндеттерiн анықтайды.

Педагогика тарихында екi түрлi қарама - қайшы пiкiр орын алып келедi. Бiрi – жаратушының күштiлiгiн, түқым қуалаушылық факторларды қуаттаса, екiншiсi керiсiнше барлық нәтиженi ортаның әсерiне жатқызады.

қазiргi күнгi ғылым психкалық даму қоршаған ортаның санада сәулеленуiне яғни танымдық тәжiрибенi және әрекеттi меңгеруiне , меншiктеуiне байланысты деп қарайды. Бүл – оқу бiлiм алу деген сөз.

Оқу - адамның психикалық дамуының формасы, элементi. Кез келген оқыту белгiлi бiр мөлшерде адамды дамытады. Бiз бүдан ары қарай дамудың алдында жүретiн, дамуда шешушi роль атқаратын оқыту жайлы сөз етпекпiз.

Дидактиканың ғылыми негiзiн салған чех педагогы Ян Амос Каменский /1592-1670/. Оның «Великая дидактикаң кiтабында (1632) оқытудың мақсаты, әдiстерi мен принциптерi және сынып сабақ жүйесi баяндалған.

ХХIғ. Швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827) дамытып оқыту принциптерiнiң жүйесiн дәлелдедi, бастауыш бiлiм беру әдiстерiнiң негiзiн жасады.

ХIХғ. Немiс педагогы Фридрих Вильгельм Адольф Дистервек (1790-1966) дамыта оқыту дидактикасын баяндады. Оқыту процесiнде әр түрлi ережелердi қолдана бiлудi атап көрсеттi:көрнекiлiк, елiктiргiштiк, жiгерлiк, оқушылардың дербес ерекшклiктерiн ескерту, жақыннан қашыққа, оңайдан күрделiлiкке көшу т.б.

К.Д.Ушинский Ресейде орыс дидактикасының дамуына игi әсерiн тигiздi, ал кеңес өкiметi жылдарында Н.К.Крупская, П.П.Бланский, С.П.Шацкий т.б. үлкен үлес қосты.

Белгiлi педагог ғалымдардың Б.П.Есипов, М.А.Данилов, Л.В.Заиков, М.Н. Скаткин тағы да басқа оқыту мәселелерi жүесiндегi еңбектердi жариалайды. Олар оқыту принциптерiнiң жүесiн, оқытуды үйымдастыруын әдiстерiмен формаларын дәлелдедi. Педагогика ғылымының дедактика саласында белгiлi қазақ педагог- ғылымдары, ағарту iсiнiң қайраткерлерi Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жүмабаев,Ахмет Байтүрсынов, Мыржақып Дулатов, Жүсiпек Аймаутов,Шарипа °лжанова т.б. өз уақытарында шығармашылықпен еңбектенiп, бiрсыпыра үлестерi қосты.

қазақыстан үлы педагогы Ыбыраи Алтынсарин (1841-1889) қазақ балаларын оқыту, оларға бiлiм беру жайлы оқыту әдiстерi мен тәсiлдерiн зертедi.Оның ғылыми- әдiстемелiк анықтамасы бойынша оқыту әңдiстерi – бүл балалардың сабақа, ғылымға, өздiгiмен алуға ынталарын артыратын, сезiмiн оятатын жол. Ы. Алтынсарин бiрнеше оқу қүралдарының, солардың iшiнде орыс тiлiн қазақтарға үйрету туралы бастауыш қүрал кiтабының, мектептер үшiн оқу жоспарларының, оқу пәнде бағдамаларының авторы. Осы оқулықтар мен оқу қүжатарының мектептерде үтымды қолдануды үйымдастырған алғашқы қазақ педагогы.

Мағжан Жұмабаев ұлы ақын, ағартушы, қысқа өмiрiнiң көбiн үстаздықпен өткiзген, жастарды қалай оқытып, өмiрге дайындаудың жолын қадала зерттеген педагог. Мағжан Жүмабаевтың шығармшылық iздену жүмысына ежелгi грек философтары Сорат, Аристотельдiң, сол кездiң атақты педагог психологтары С. Л. Рубинштейннiң /1889-1960/, А.А. Смирновтың /1894-1975/, т.б. ғалымдардың еңбектерi сегi әсер еттi.

Бастауыш сыныпта бiлiм берудiң мақсаты-жастарды жан-жақты дамытып, өмiрге, еңбек iс-әрекетiне қалыптасуына даярлау. бiлiм берудi жетiлдiрудiң негiзгi талаптарынң бiрi – оқу пәндерi бойынша сабақ беру деңгейiн арттыру, оқу пәндерiнiң негiзгi үғымдары мен жетекшi идеялар барынша айқын баяндалатын болсын, оларда ғылым мен практиканың жаңа жетiстiктерiнiң қажеттi түрде көрiнiс беруiн қамтамасыз етiлсiн , - деп мектеп реформасында жазылған.

Оқыту процесiнiң таысты болуы : бiрiншiден, мүғалiмнiң өз пәнiнен теориялық және практикалық дайындығына, оқу процесiн үйымдастыра және басқара бiлуiне; екiншiден, бiлiм дағдысына, жоғары мәдениеттiлiгiне , ғылым мен техника жетiстiктерiн пайдалана бiлуiне: үшiншiден, мүғалiм ен оқушлардың арасындағы адамгершiлiк өзара қарым-қатынас және бiрлiкке байланысты.

Оқыту пәндерi бойынша әрбiр сабақты шығармашылықпен өткiзу жайлы жаңашыл мүғалiмдердiң еңбектерiн тере зерттеп, тиiмдi етiп балай бiлген жөн. Бүл жөнiнде И.В.Волковтың Творчествоға баулимыз, В.Ф.Шаталовтың Баршаны да , әркiмдi де оқыта бiлейiк дген еңбектерiнде сабақты өткiзу принциптерiмен әдiстерi көрсетiлген. Жаңашыл экспериментшiл мүғалiмдердiң идеаларын сабақ үстiнде шығармашылық пайдалану оқыту процесiн жақсартудың шешушi жолдарынң бiрi.

Оқыту процесiн терең әрi берiк, дәл бiлiм алу таным жолындағы оқушылардың қимылына байланысты. Оқыту процесi – бүл мүғалiм мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесiнiң барысында шәкiрттерге бiлiм беру мiндеттерiн шешу. Оқыту процесiнiң түтас педагогикалық процесiнiң бiр бөлiгi.

Оқыту процесiнде оқушылардың ақыл-ойы дамиды, танымы, практикалық iскерлiгi және дағдысы қалыптасды. Оқыту процесiн басқару үшiн оның жүйесiн, қүрылымын, бөлiктерiн және заңдылықтарын, олардың өзара байланысын жете бiлу керек. Оқыту процесiнi жүйе ретiнде қарастырылады, ол өзiнiң белгiлi қүрылымы және бөлiктерiмен сипатталады. Олар:


  1. ±ылыми бiлiмнiң, iскерлiктiң және дағдының жүйесi (бiлiм беру мазмүны)

  2. мүғалiм, оынң өмiрге , ғылымға көзқарасы және оқушылармен қарым-қатынасы (сабақ беру)

  3. оқушылар сынып үжымы (оқу iс-әрекетi),

  4. оқыту әдiстерi

  5. оқытудың материалдарық қүралдары: дидактикалық және оқытудың техникалық қүралдары.

  6. Оқыту нәтижелерi.

Бiлiм адамзаттың жинақтаған тәжiриесi, заттар мен қүбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижеi. Бiлiмдi жеке адамның игiлiгiне айналдыру үшiн, оны ойлау операциясы – талдау, синтездеу, салыстыру, жiктеу,және жинақтау арқылы терең үғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйсiнiп, өз бiлiмiн шындыққа айналдырады. Бүл дамыта оқытудың негiзгi ережесi, яғни оқушылардың таным iс-әрекетiн дамыту, оларды өз бiтмен iзденуге, зерттей бiлуге және жаңа бiлiмдi еркiн игеруге үйрету.

даму үғымы философиялық сөздiкте … мөлшерлiк өзгерiстердiң белгiлi бiр өлшем шегiнен шығып, сапалық өзгерiстерге айналуы,-деп түсiндiрiледi. Дидактика заңы бойынша кез-келген қүбылыс өзiнiң жеткен дәрежесiне қанаттанып түрып қалмай, оларды жоққа шығар арқылы жаңа сапаға көшедi.терiстеу – дамудың қозғаушы күшi. Терiстеу белгiлi бiрзат пен қүбылыстың қайшылықтарын ашу, олардың шешу жолдары анықтау, жаңа сапаның болуына мүмкiндiк туғызу. ғылымға зерттеулерi баланың даму процесiне 3 түрлi күш пен үш түрлi фактордың қатысатындығын дәлелдейдi.

Олар:


  1. биологиялық фактор.

Бүл ата-аналардан ауысқан, туа бiттi және өмiр сүру барысында қабылданған дененiң барлық мүшелерiнiң , оның барлық жүйесi қүбылыстарының ерекшелiгiн бiлдiретiн, бала ағзасынынң қоршаған ортамен қарым қатынасының нәтижесi

  1. әлеуметтiк фактор

бүл бала өмiр сүретiн орта ең алдымен адамдарды ңортасы. Бүл сондай-ақ баламен қарым қатынас жасайтын адамдардың сипаттары, мiнез- қүлық және ақыл-ой бейнелерi, олардың мүдделерi мен пiкiрмлерi, iстерi мен сөздерi, талаптары мен дағдылары, үмтылыстары, яғни өсiп дамитын рухани орта.

3.баланың өз лелсендiлiгi

Даму процесiне әсер ететiн бүл үшiншi күш болып саналады. Оқитын пән қандай да жаңа, бағалыболмасын, мүғалiмнiң шеберлiгi қаншама жоғары болмасыз, егер мүғалiм баланың өз белсендiлiгiн туғыза аламаса, оған үсынылған iс пен еңбек те баланың әрекетке қатысуы әрекет күткен нәтиже бермейдi. Баланың ағзасы ретiнде дамуы мен жеке бас ретiнде қалыптасуы белсендiлiк арқылы жүзеге асады.

Баланың даму процесi , оның қоғамның белсендi де пайдалы мүшесi, азамат ретiнде қалыптасуы, осы үш фактордың қаысуымен қамтамасыз етiледi. Ең бастысы осы факторлардың бiр де бiрi, қандай да бiр көлемiне келген болса, да басқа екеуiнен ерекшеленiп жеке әсер ете алмайды. Барлық iс осы үш басты күштiң өзара әрекет етуiнде .

Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенiн психология ғылымы жеткiлiктi дәрежеде дәлелдеп бердi деп айтуға болады. Бүл мәселенi түбегейлi зертеп, бала дамуындағы оқытудың ролiн алар орнын анықтаған көрнектi психолог Л.С.Выгодский.

Ол дамуды оқытумен тең , керiсiнеш оқу мен даму екi бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғашқы рет бала дамуының тмендегiдей екi аймағы болатындығы жайлы теория қүрылды.



  1. бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердiң көмегi арқылы атқара алатын iстерi.

  2. Бала дамауының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердiң көмегiнсiз iстей алатын iстерi.

Баланың дамуы бiрiншi аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өрiс ашылады. Бүдан әрi психиканың бүкiл саласынның қалыптасуы, адамның белсендi қызметiн өрiстетуi мүмкiн болады. Бүл процесте олбiр жағынан өзiнiң iскерлiгi мен қабылетiн нығайтын жетiлдiредi, жаңа дадыларды игередi, екiншi жағынан материалдық және рухани байлықтар жасап, осы арқылы адамзат мәдениетiне өз үлесiн қосады. Баланың потенциалдық мүмкiндiктерi неғүрлым жан-жақты үйлесiмдi, толығырақ дамыса, есейген кезде, оның қызметi соғүрлым мазмүнды, жан-жақты, табысты болады. Оны жүзеге асырудың жолдарын ол соғүрлым серпiндi меңгерiп, жаңғырта алады. Демек , шын мәнiндегi – ертеңгң күнге меңзеу орын алады.

±алым психологтар Л.В. Зайцев, А.А. Люблинская, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, зертханаларында бастауыш мектепте оқытудың мазмүны мен сипатын өзгертуге арналған зерттеулер жасады. С.Л.Рубинштейн, Е.Н.Кабанова –Меллер және басқалар өз зерттеулерiнде оқыту дамудың негiзгi алғы шарты екенiн дәлелдедi.

И.Я.Лерненр даму деген үғымды педагогикалық заңдылықтарға негiздей отырып,, адамның әртүрлi қиындықтарға мәселелердi шеше бiлуге дайындығы деп түсiндiредi. Мүндай анықтама интеллектуалдық iс-әрекеттiжоғары орынға шығарады. Мәселе қаншылықты күрделi болса, оны шешуге жүмсалатн оқыл-ой қызметi десоншалықты кең, аумақты демек даму деңгейi де жоғары болады. Осы мәселе төңiрегiнде еңбертер жазған әртүрлi авторлар оқушының дамуының белгiлерiн атап көрсетедi. Мысал: П.П.Блонский бүған индевиддiң абстрактiден нақтыға және керiсiнше нақтыдан абстарктiгiе қарай қозғалыс жасай алу қабiлетiн жатқызса, Д.Н. Богаявленский және Н.А.Менчинская – оқ алуды яғни қысқа мерзiмде жоғары үлгерiмге жетудi, Н.Д.Левитов оқу материалын жылдам меңгеру өз бетiнше жаңа мысалдар қүрастыру негiзгiнi және көмекшiнi анықтай бiлу, оқиғаға, қүбылысқа, дүры баға бере бiлу дамдысын жатқызған.

Л.В. Зайков ақыл-ой қызметiнiң төөменедегiде көресткiштерi дамуды iске асырады деп есептейдi. Олоар байқампаздық, өз ойын еркiн жеткiзе бiлу, практикалық iс әрекеттер атқара бiлу.

В.В. Давыдов ақыл ойдың дамудың көрсеткiшi ретiнде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейдi.

Түтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойларын оқыту барысыныда баланың психикалқы жаңа сапалық деңгейге көтерiлуi дегенге келiп саяды және оның басты шарты ретiнде әрекет алынады.

80- жылдардың аяғында қазақстанның қоғамдық саяси өмiрiндегi болған өзгерiстер оқыту, тәриелеу, iсiне де жаңалықтар енгiзiп, жаңа леп әкелдi. Респубилка мектептерiндегi оқыту жаңадан жазылған төл оқулықттар, жаңа бағдарламын негiзiнде жүргiзiлiп, бiлiмнiң әлемтiк стандартқа сай болуы қарастырылды.

Оқытудың жаңа технологиялары кеңiнен енгiзiле бастады. °сiресе халықтың педагогиканы пайдаланып, үлттық үрдiсте тәрбиелеуде атқарылған шаруалар ауқымы бiраз. Еелiмiз егемендiгiн алу арқылы мүмкiн болған жаңа буын оқулықтарының да ғылыми негiзгi ретiнде дамыта оқыту жүйесi алынып отыр.

Оқушы қабiлеттерiн дамыту, талантты балалардың талабын үшқырлау мақсатында ашылып, жүмыс iстеп жатқан жаңа үлгiдегi меңей, гимназия сияқты мектептердi заман талабы өмiрге келтiрдi. Бүл мектептерде оқушылар қабiлеттерiне, қызығушылықтарына қарай лайықталынып жасалған арнайы бағдарламалармен оқытылады. Жалпы бiлiм берiлетiн мектептерге қарағанада жаңа үлгiдегi мектептерде пәрдер көбiрек, олардың балалардың талантын, дарынын ашуға мүмкiндiгi де мол.

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негiзгi факторы олардың бiлiмi мен дағдыларының дәрежесi ғана емес, сонымен қатар, баланың маңызды психикалық қызметтерiн, ақыл-ой жүмысысының тәсiлдерiн қалыптастыруға мүмкiндiк беретiн оқу процесiн жолға қою керектiгi саналады. Оқушының шығармашылқ қабiлетi де, оның ойлауы мен практикалық әрекеттерi арқылы ғана дамыди. Ойлауға үйрететiн сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп бiлемiз.

Дамыта оқытуды үйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетiн меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы еркше ақуал мүғалiммен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мүғалiм бүл жағдайда дайын бiлмдi түсiндiрiп қоюшы , бақылаушы, бағалаушы ғана емес, танымдық iс-әрекеттiк үйымдастыратын үжымдық iстердiң үйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектiсiнiң көзiн ашып, шығармашылығын дамытады.

Дамыта оқыту идеясының үзақ тарихы бар. Ерте кезеден бастап ақ ойшылдық бiлiм мен ақыл-ой тәрбиеснiң арақытанасын, олардың бала дамуына әсерiн зерттей бастаған. Бiзге белгелi алғашқы дидактирадың бiрi Квинтилиан мектеп алдына баланың қабiлеттерiне ақыллының қасиеттерiне , мiнез-қүлық ерекшелiктерiне сүйене отырып, оның ойын және тiлiнiң дамуын қамтамасыз етудi қойған.

ХҮII ғасырдағы Я.А. Каменскийдiң дидактикалық жүйесiнiң негiзгi қағидаларының бiрiнде де баланың ақыл-ой күшiн қабiлеттерiн дамыту. Олардың бiлiмге деген қүштарлығын оятып,лаулата түседi делiнген.

И.Т: Песталоций баланың ақыл ойын, барлық қабiлет-қасиеттерiн дамыту идеясымен арқауланған бастауышта оқыту әдiстемесiн жсауға әрекет етедi.

Дамыта оқыту үлы немiс педегогы А.Дистервергтiң әйгiлi немiс мүғалiмдерiнiң бiлiм беру iсiне басшылық (руководство к образаванию немецких учителей) атты еңбегiнiң де негiзi болып табылады. Дамыта оқыту деп ол балаынң бiлi алуға әрекет етуiн үйымдастыратын оқытуды атаған. жаман  мүғалiм ақықатты өзi айтып бередi, жақсы мүғалiм оқушыны өзiн iзденуге жетелейдi- деген.

Орыстың үлы ағартушысы К.Д.Ушинский де өз дидактикалық еңбектернде бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыта отырп, дамыту мәселелерiне ерекеше тоқталып арнайы әдiстеме жасаған.

Осылай бола түрғанмен, дамыта оқыту деген терминге көзқарастар мен пiкiрлер әр түрлi. Себебi дамыта оқыту үғымына берiлген түсыныктер әр түрлi және дамыпайтын оқыту бола ма ? деген сүрақтар жиi қоылады. Алайда дүстүрлi оқыту бал дамуына тек қондырғы ғана болып, дамуғы стихиялы әсер етсе дамудың соңында жүрсе ал, екншi жағдайда оқыту дамуды өзiмен бiрге ала жүредi  деген Л.С. Выгодский дiң пiкiрiнен кө п аңғаруға болады. Алғашқыда оқытудың тиiмдiлiгiн алылнған бiлiмнiң көлемiнене сапасынмен өлшенсе, соңғыда бiлiмнiң тиiмдiлiг қабiлеттiң деңгейiмен, әрекеттiң негiзiгi түрлернiң қаншалықты дамығандығмен өлшенедi.

Дамыта оқыту деген термин психология ғылымының қайнауында туып, баланың дамуын қарастыратын (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүiрлi деңгейiн, типтерiн (Л.В. Выготский, А.Н.Леонтиьев, С.Л. Рубинский) жiәне басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Аньев, А.А.Люблинкая т.б. ) iс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтиьев, П.Я.Галперин) еңбектерiнде жалып жан-жақты талданған. Нәтижеде дамыта оқыту проблемесына арналған екi iргелi эксперимент жасалып, оның бiрiн Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов ал, екiншiсi Л.В. Зайков басқарды.

Зерттешiлердiң мақсаты Л.С.Выгодскийдiң 1930 жылдардың басында жасаған оқыту мен дамытудың ара қатынасы жайлы болжамның дүрыстығын тексеру, нақтылау. өткiзiлген зерттеу жүмыстары бастауышта математикалық бiлiм беру iсiне үлкен өзгерiстер енгiзедi. Мысалы, 1969 жыл арифметика курс ыматематикаға ауытырылыды. Бiрақ бүл курста да негiзiнен назар баланың дағдыларын қалыптастыру, жай типтiк есептер шығаруда болып қалды, оқыту әдiстерi, сабақ үйымдастыру түрлерi, бiлi, бiлiк, дағды қалыптастыруға бағытталғандықтан, дамыта оқыту идеясы жүзеге аспайды.

Одан кейiн жиырма жыл көлемiнде дамыта оқыту псхология мен педагогика ғылымдарының келелi мәселесiне айналды. Жүйенiң авторлары «дамыта оқытуң деп – оқыту мақсаты , мiндеттерi , әдiс- тәсiлдерi баланың даму заңдылықтарына сәйкестендiрiлген оқытуды айтады. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа қүрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерiстер болуы тиiс деп есептейдi. Жүйенiң басты мақсаттарының бiрi- баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркiндiгiн қалыптастыру, өз бетiнше iзденуге, шешiм қабылдауға дағдыландыру, жекелiк қасиеттерiн ескеру, басшылыққа алу, әрi үшқырлау, түлғалыққа бағыттау. Мақсаты балалрға дайын пәндәк бiлiм, бiлiктердiң белгiлi бiр жиынтығын берумен шектелетiн, нәтижесiнде догмалық ойлауы басым, дайын нүсқаулар мен бүйрықтарды осындай бiлетiн адамдарды тәрбиелейтiн қазiргi мектепте орын алып отырған дәстүрлi оқыту жүйесi мүндай адамдарды дайындауға негiз бола алмайтындығын өмiр көрсеттi.

Сондықтан да жаңа сапаға ие, шығармашыл, қабiлеттi адамдар тәрбиелеу үшiн дамыта оқыту жүйесiн ең негiзгi басшылыққа алар нысана деп бiлемiз.

Оқыта отырып дамыту мәселесiне арналған дәстүрлi оқытуға өзгерiстер енгiзуге ықпылын тигiздi. Оқыту барысында баланың ақыл- ойын, қиялын т.б. танымдық үрдiстерiн дамытып қоймай, баланы әртүрлi әрекеттiң субъектiсi болып қалыптасуын қамтамасыз етудi алдыңғы қатарға шығарды.

Дамыта оқыту идеясын алғашқылардың бiрi болып 1959-60 жылдары қолға алған академик Л.В.Зайковтың басшылығымен жасалғанбастауышта оқытудың жаңа жүйесiн мүғалiмдер қауымы үлкен ықыласпен қабылдағанымен, белгiлi себептерге байланысты өрiстеп кете алмады. Тек 1990 жылдары ғана Ресеу мектептерiнде қайтадан қолданала бастады. қазiргi бүл жүйе дәстүрлi оқытумен қатар пайдаланылып келедi.

Л.С.Выготскийдiң теориясы Д.Б.Эльконин басқарған шығармашылық топ жүмысында әрi қарай жалғастырылады. Баланың өзiн- өзi өзгертушi субъектi ретiнде дамуына арналған түжырымдама жасалып, зерттеулержүргiзiлдi. Екi авторлар тобы да өз жүйелерi бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтарын, әдiстемелiк қүралдар дайындап шығарды. Осылайша, дамыта оқыту ғылыми теориядан практикалық iс тәжiрибеге батыл ене бастады.

Жалпы бiлiм беретiн мектептiң бастауыш сатысындағы бiлiм мазмүны түжырымдамасында былай делiнген:Бiлiм мазмүнын жаңартудың ғылыми негiзiнде бастауыш сынып оқушысын белгiлi бiр қажеттi бiлiктер мен дағдылардың иесi, оқу әрекетiнiң субъектiсi, әр- түрлi мәдениеттермен өз көзқарасы түрғысынан диалогқа түсетiн автор жас ерекшелiгiне сәйкес өз жасын қалыптастыруға күш жүмсап еңбектенетiн бала деп қарастыратын, осыған орайөкп қырлы қүрылымды бiлiм – тәрбие мазмүнын анықтыап қүруға көмектесетiн қазыргi заманғы дамыта отырып, оқыту идеясы алынады.

Бастауыш сатыдағы оқытудың мақсаты мен бiлiм мамзмүнынның негiзiнде алынған дамыта оқыту идеясына оның үстанымдарына сәйкес бiлiм мазмүнынның /негiзiне алынған/мынадай қүрамы анықталады.



  • дүние туралы /көркем, мифтiк т.б. түсiнiктермен байланысты дүниенiң ғылыми бейнесi/;

  • оқушыда қалыптасуы тиiс әрекет түрлерi /ойын, оу, еңбек, қарым-қатынас/;

  • дүниенi танып бiлудiң әдiс-тәсiлдерi /логикалық,ғылыми/ туралы бiлiм, бiлiктер.

Дамыта оқытудың түпкi мақсаты әр пәндi оқытудың тиiмдi әдiстерiн, түрлерiн таңдап пайдалануға үнемi нысана, тiрек болып отырады. Масалы, пәндердi дамыта отырып, отырудың түпкi мақсатының бiрi оқушыларды талдап, одан қорытынды шығару, бiр объектi қызметiнң әртүрлi қырлары бар екенiн көрiп ажырату, объектiнiң басқалармен байланысын анықтау; мәндi белгiлерден, мәнсiздерден ажырату; объектiлердiайырма белгiлерiне қарап жiктеуүқсас белгiлерi арқылы топтау, бақыланған қүбылыстарды жалпылау, белгiлi әрекет тәсiлдердi танс, емес жағдайларға қолдану, т.б. осылар жалпы интеллектуалдық бiлiктердi қалыптастыру десек, осы тiзiмнiң өзiнде-ақ оқу материлдары оқытудың логикалық әдiстерi мен тәсiлдерi анық көрiнедi.

Дамыта оқыту әдiстемесiндегi ең басты нәрсе- оқушыларды шығармашылық әрекет жағдайларына енгiзу. Мүның өзi эвристикалық және зерттеу ерекше мән берiлетiнiн көрсетедi.

қазiр дамыта оқытуға тән бүл сияқты әдiс-тәсiлдер, оқу жүмысын үйымдастыру түрлерi мектеп тәжiрибесiнде кең қолданылып жүр. Тек, олардың сыртқы белгiлерiмен әуестенiп, түпкi мақсат, мiндеттерi назардан тыс қалмағаны жөн.


    1. Бастауыш сыныпта дамыта оқытудың дидактикалық ерекшелiктерi мен мүмкiндiктерi

қазiргi кездегi қоғамда болып жатқан өзгерiстердi iзгiлендiру процесi – баланың еркiн талап етедi. Мектеп бiтiрген баланың өмiрде кездестiретiн сан түрлi қиындықтарынан қиналмай өтуi оның ақылының, еркнiнң , сезiмiнiң және оның жалпы дамуының деңгейiне байланысты. Сондықтан да бастауыш сыныптарда бiлiм беру жүйесiне ерекше мән беруiмiз қажет.

Сондықтан тәрбие баланың даму кезеңiндегi адамның рухани зегiн қорекендiрушi болып бiлiмiн бүрын жеткiзуi тиiс. Бiрақ тәрбиенiң жеткiзiлу қажеттiлiгi де , тәсiлi де бүгiнгi күнгi жастар үшiн мүлде басқаша. Олар тәлiм-тәрбиенi үлкендерден, мүғалiмдерден насихатта жолымен емес, тек шынайы сезiм қатынасында ғана алады.

Сөйтiп оқу – тәрбие процесiн iзгiлендiру, баланың сезiмiне әсер ете оқыту мәселесiнiң туындауы жеке түлғаның рухани адамгершiлiгiн дамыта оқыту iсiнiң басталуына себеп болып отыр. Оынң жеке түлғаның өзiн-өзi тануына, өзiндiк бағдарын анықтауға мүмкiндiк туғызатындай iс-шаралар кешенi өмiрге кеуде.

Жеке түлғаның рухани-көзқарасын дамыта оқыту дегенiмiз, мүнда оқыту мен тәрбиелеудiң бiртүтастығы көзделедi. Ада бойындағы жағымды қасиеттер мен жағымды ойлар балаен iштей сезiмдiк байланыс орнағанда ғана бiр-бiрiне ауысады.

Дегенмен, заман талабына сәйкес өмiр сүру тәртiбi адамның өзiн-өзi өзгертуiне, өзiндiк көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етпей қоймайды. Сондықтан жеке түлғаны дамыта оқыту үрдiсiн жандандыру iсi оқу-тәрбие процесiнң мазмүны жаңартуға бағытталған жаңа бетбүрыс болып табылады.

Дамыта оқыту – дәстүрлi оқытуға соңғы уақыттарға дейiн балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесiнде әр оқушы өзiн-өзi өзгертушi субъект дәрежесiне көтерiлуi көзделк, соған оқыту барысында лайықты жағдайдар жасау үлкен нәтиже бердi.

Дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин – В.В.Давылов жасаған жүйесiнiң көзделген мақсаттарға жету тек беленың өзiнiң белсендiлiгiне баййланысты. Осына орай, бүл жүйенiң әдiс- тәсiлдерi де оқушының оқу белсендiлiiгiн үйымдастыру, қолдап, көмектесiп отыруды көздейдi. Бүл жүйемен дәстүрлi оқытуды салытыру мынадай қорытынды жасауға негiз болды. Дәстүрлi сабақтардың әдiстерiнiң мәнi төмендегiдей үш қүрамдас бөлiктермен анықталады:


  1. үлiгiнi көрсеу

  2. түсiндiру

  3. бақылау, бағалау

яғни мүғалiм сабақ азмүнын жақсылап айтып түсiндiрiп шығады. Содан соң оын меңгеруге арналған жаттығулар орындалады.

Дамыта оқытуда баланың iзденушiлiк- зерттеушiлiк әрекетiн үйымдастыру басты назарда үсталады. Ол үшiн бала өзiнiң бүған дейiнгi бiлетiн амалдарынң, тәсiлдерiнң жаңа мәселенi шешуге жеткiлiксiз екенiн сезетiндей жағдайға түсуi керек. Дәстүрлi оқытуда оқу процесiне қатысушылардың басқарушылар мен орындаушылар түрiндегi рольдерi белгiленген. Басқарушылардың қарым-қатнасы қарапайым басқару түрiмен қатал әкiмшiлiкке дейiнгi щеңбер iшiнде жүзеге асып жатады. Олардың iсiнiң негiзгi мәнi- оқушыларды белгiленген нысанаға қарай бастау,ал орындаушылар мүғалiм соңынан ерiп огтырулары керек. Мәселенiң бүлай шешiлуi дамыта оқыту жүйесiнiң мақсаттарына мүлдем қайшы келедi.

Дамыта оқытудың Л.В. Занков жасаған жүйесiнiң ерекшелiктерiне тоқталып өтелiк. Бүл жүйе дәстүрлi оқытудан төмендегi ерекшелiктерiмен, өзгешелiктерiменайқындалады.



  • оқыту мазмүнындағы өзгешелiктер;

  • мақсаттағы айырмашылықтар;

  • дидактикалық принциптердегi өзгешелiктер;

  • әдiс – тәсiлдердегi ерекшелiктер;

  • оқытуды өзгеше үйымдастыру;

  • мүғалiм еңбегiнiң нәтижелiлiгiнiң анықтаудың жаңа көрсеткiштерi;

  • мүғалiм мен оқушы арасындағы жаңаша қарым-қатынастар;

Л.В. Занков жүйесiне сәйкес бастауыш мектептiң негiзгi мақсаты баланы жалпы дамыту. Ал жалпы дамыту деп байқампаздығын, ойлауын дамыту және практикалық iс-әрекеттi меңгеру қабылданады. Сондай –ақ ақыл, жiгерi, сезiмдерiнiң дамуы алынады.

Осы түста мүндай көзқарасты үлы Абай да уағыздап кеткендiгiне тоқталған жөн. қоршаған ортаның шындығын мойындап отырып, Абай ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамның iшкi сезiмдi қуаттарын бiртүтас етiп алады. Оның он жетiншi сөзiндегi қайрат, ақыл жүректiң сөз таластыруында тек бiрлесiп ынтымақтасқан жағдай ғана күш алатын үш түрлi жан қүбылысын әдеби публистикалық түрғыдан көрсеткенiн байқаймыз. Бүдан бүл мәселенiң үлттық психологиямыз бен философиямызда да ежелден көтерiлiркеле жатқандығын көруге болады.

Л.В. Занков жүйесi дәстүрлi оқыту жүйесiнен басқаша дидактиикалық прициптерге негiзделген. Ендi ерекше тоқталуды қажет ететiн кейбiр принциптердiң мәнiң аша кетейiк.

Жүйедегi бүгiнгi күннiң өлшемiмен қарағанда айрықша көкейкестiлiгiмен ерекшеленетiн принцип, жоғары қиындықта оқыту-принципi. Бүл қағида баланың қиындатылған тапсырмаларды орындауға мүмкiндiгiнiң бар екендiгiне көз жеткiзедi.

Шведтiк нейробиолого Холгер хиден өз зерттеулерiнде баланың миындағы клеткалар бiр-бiрiмен байланыстаратын талшықтар нейрондар тек ойлау әрекетi болған жерде ғана молайып, жиiлей түсетiндiгiн, сондықтан өте жас кезде баланың миын жүмыс iстеуге ынталандырып отыру керектiгiне назар аударады. Белсендi ой қызметiнсiз клеткалар бай талшықтар қүрай алмайтындығына; содан барып олардың қымметi төмендеп, бара-бара семе беретiндiгiне көзiмiздi жеткiзедi. ±ылымға белгiлi әртүрлi себептермен аңдар арасында қалып қалған алмауының басты себебi де осы болар.

Айтылғандарды қорыта келе, бастауыш сынып оқушыларының қарқынды ой еңбегiмен айналысуға табиғи мүмкiндiктерiнiңт бар екенiң оқыту процесiнде ескерту қажет деген түжырымға келемiз. Дамыта оқытудың жүйелi маңызды принциптерiнiң бiрi-теориялық бiлiмнiң жетекшi ролi приципi. Бүл прициптерi балалардың теорияны жаттауы, терминдердi есте сақтауы деп түсiнген жөн. Керiсiнше, оқыту барысында қарапайым бақылаулар, зерттеулер жасау арқылы, өмiр заңдылықтарына көздерiн жеткiзу, қорытынды жасауға дағдыландыру.

Дамыта оқыту жүйесi дидактикалық принциптерiнiң iшiнде оқытудың тәрбиелiк мәнiнiң болуы жайлы ешнәрсе айтылмайды. ґйткенi оқушылардың адамгершiлiк қасиеттерiн, қүқықтылығын қалыптастыру арнайы жарияланбағанымен түтас жүйе, оның қүрамдас бөлiктерi, әдiстерi арқылы iске асып жатуы ойластырылған.

Бүл жүйенiң қағидаларын дүрыс түсiнiп, жүрегiмен қабылдаған әрбiр мүғалiм өз сабақтарының дамушылық функциясын өз бетiнше- ақ арттыра алары сөзсiз.

Дамыта оқыту жүйесiндегi қойылатын сүрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететiндей етiп берiледi. Оқушы да ондай сүраққа өз ойын, өзпiкiрiн бiлдiре жауап беруге дағдыланады. Жауаптардың бiрнеше вариантта болуы мүмкiн екендiгi қарастырылады. Дидактикада салыстыру негiзгi тәсiл болып табылады. Заттарды салыстыра отырып түсiнiп тек адамға ғана тән. Балалар салыстыру тәсiлдерiмен мектепке келгенге дейiн де бiршама танысады. Ал мектепке келген соң, оқудың алғашқы күйiмен бастап бүл тәсiл туралы пайдаланыла бастайды.

Мүғалiм салыстыру әдiсiмен сабақ жүргiзе отырып, оқу материалын оңай, көрнекi етiп үстауға мүмкiндiк алады. Баланың қиялын дамытады. Салыстыру белгiлi мен белгiсiз арасындағы көпiр сияқты, оқушыларға өмiрiнен тысқары бiлiмдi меңгеруге көмектеседi. Салыстыра отырып, оқушы заттар мен объектiлердiң байқамай, көрiнбей қалатын белгiлерiн анықтауға үйретедi. Баланың байқампаздығынан артады. Ол байқамсыздық- баланың жалпы дамуындағы негiзгi психологиялық компонент болып табылады. Оқушы салыстыра отырып бүрынғы өтiп кеткен материалдар мен жаңа бiлiм арасындағы логикалық байланыстарды анықтауға үйренедi.

Дамыта оқыту жүйесiнiң маңызды тағы бiр ерекшелiгi сынып оқушыларын жақсы, жаман оқушылар деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшiн қолайлы жағдай туғызуды мақсат түтуы. Нашар оқушының да өз шамасы келгенiнше, қабiлетi жеткен жерге дейiн еңбек етуi ойластырылған. Сол арқылы ол да өзiн мүмкiн дәрежеге дейiн дамыта алады. Бүл жолда оның қателесуi, жаңылуы әбден мүмкiн. Тек мүғалiм тарапынан көрсетiлген сабырлылық, байсалдылық оның өз күшiне деген сенiмiн арттырып, алға жетелейдi деп есептеледi.

Дамыта оқыту жүйесiнде мүғалiм мен оқушы арасында қарым-қатынас жаңа қағидаларға негiзделедi. Олар ынтымақтастықтың, өзара силастық, түсiнiктi сияқты қасиеттер. Бала өз ойын қорықпай, сенiммен айта алатындай ахуал болуы басты назарда үсталынады. Ол үшiн оның әрбiр жауабы мүқият тыңдалып, дүрысы мақталып, қатесi еппен түзелiп отырылады.

Бастауыш мектеп оқушыларының оқу әрекетi ол орындайтын әрекеттердiң жетекшiсi, негiзгiсi. Оқу әрекетi арқылы осы кезеңге тән психологиялық жаңа қүрылымдар теориялық сана және ойлау қалыптасады.

Олармен байланысты рефлексия, талдау, жинақтау сияқты психикалық қабiлеттер дамиды. Оқу әрекеттi деп бiлiм, бiлiп алуға бағытталған әрекеттерi айту қабылданған. Ол өз бетiмен де, мүғалiмнiң жетекшелiгiмен де жүзеге асады. Осы мәселелердiң бастауыш мектеп кезеңiндегi оқу әрекетi Ш.А.Амона-Швили, В.В. Давыдов, Л.В.Занков, П.Е. Гальперин, т.б. зерттеулерiнде қарастырылды.

Дамыта оқыту арнайы педагогикалық технологияларды қажет етедi. Ол технологияларда баланы қоршаған ортамен еркiн қарым-қатынасқа түсу мүмкiндiгi берiледi.қарым-қатынастар: жоспарлау, үйымдастыру, мақсаттарды жүзеге асыру, iс-әрекеттердi талдаукезеңдерiнен түрады.

Дамыта оқытудың тағы бiр ерекшелiгi бастауыш мектепте фонетиканы ойын арқылы оқыту. Атақты педагог К.Д. Ушинскийдiң: бiр сарынды әрi бiр бағытта жүргiзiлген iс-әрекет бала өмiрiне шексiз зиянын тигiзедi. Сондықтан, әсiресе бастауыш сыныптарда оқыту барысында әртүрлi оқыту әдiстерi мен формаларын алмастыра отырып қолдану керек- дейдi.

Бастауыш сынып оқушыларының бiлуге деген ынтасы мен мүмкiндiгiн толық пайдалану және оларды оқу үрдiсiнде үздiксiз дамытып отыру, сабақ барысында алған бiлiмдерiн практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшiн сабақтар ойын түрлерiн пайдаланудың орны ерекше.

Ойын- бала әрекетiнiң негiзгi бiр түрi. Ойын арқылы адам баласының белгiлi бiр буыны қоғамдық тәжiрибенi меңгередi, өзiнiң психикалық ерекшелiктерiн қалыптастырады.

Бала ойын үстiнде дүнетанудағы өз мүмкiншiлiгiн сезiнумен қатар айналасындағы адамдар мен олардың әрекетiне көңiл аударады, заттың iшкi мазмүның бiлгiсi келедi. Балалардың қиялын, ойлауын, сөйлеуiн дамыту үшiн түрлi ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық үлкен мәнi бар. Сондықтан үстаздар мен ата-аналар бүл ойындарды белгiлi талапқа сай үйымдастырып отырулары қажет.

Ойын түрлерiн 1-сыныпта әр мүғалiм күнделiктi жүмысында дидактикалық деректiден-дерексiзге, жеңiлден-ауырға, жақыннан-алысқа дегендi негiзгi ала отырып, бiрте-бiрте күрделендiре жүргiзуiне болады. Ойын оқушылардың фонетиканы толық меңгерiп, жазу тiгiн дамытуларына мол мүмкiндiк бередi өз беттерiмен жүмыс iстей бiлуге дағдыланады. Ойланғыштық, iзденiмпаздық қабiлеттерiн арттырады, сөз қорларын молайтуларына көмектеседi. Мүнымен қатар сабақ үстiнде ойын түрлерiн қолдану оқушылардың оқып отырған сабағына қызығушылығын арттырады,оған белсендi түрде қатысып, түсiнбегенiн түсiнуге мүмкiндiк туғызады.

- Оқущылар бастауыщ мектепте:

Дыбыс және әрiп, Дауысты дыбыс, оның жуан және жiңiшке түрлерi. Дауыссыз дыбыс. қатаң, үяң, үндi дауыссыз дыбыстар, олардың үндесуi және емлесi. Буын және буын үндестiгi. Тасымал. қазақ алфавитi-сынды сөздiң фонетикалық қүрамымен танысады.

Осы кезеңдi тиiмдi пайдаланған жөн. Сондықтан қай сабақта болмасын талапқа сай дайындалған көрнекiлiк пен жүмбақ, ребус т.б. араластыра отырып ойын түрлерiн кеңiнен пайдаланған дүрыс. Сөзiмiз дәлелдi болу үшiн 1-сыныпта қазақ тiлi сабағында қолданылатын бiрнеше ойын түрiн көрейiк.

1. қай әрiптi жоғалттым ойыны. Бiрiншi сыныпта қазақ тiлiнен дыбыс пен әрiп, дауысты, дауыссыз дыбыстар жуан және жiңiшке дыбыстар тақырыптарын өткемiз. Ойынға сөз iшiнде бiр өрiп қалдырып кеткен бiрнеше парақша жасалынады. Жоғалған әрiптер парақшаларын жасағанда сөздердiң басынан, ортасына немесе соңынан әрiптер қалдырылады. Парақшалар сыныптағы әр балаға 5-6-дан келетiндей мөлшерде әр тақырыптың мазмүнына қарай бiр ойынға лайықтап жасалуға тиiс. Ойынға ең алдымен оқушы жаттыққанға дейiн онай орындай алатын суреттi парақшаларды қолдану қажет.

қай әрiптi жоғалттым ойыны сабақта жаттығудың бiр бөлiмi ретiнде 4-5 минут көлемiнде жүргiзiледi.

2. қай буынды жоғалттым ойыны. Бүл ойын 1-сыныпта әлiппенi үйрету кезеңiнде және буын тақырыбын өткенде сөздердi буынға дүрыс бөле бiлуге төселдiру үшiн қолданылады. қай буынды жоғалттым ойынына бiр буыны қалдырылып кеткен сөз прақшалары жасалынады. Ойын сабақты пысықтау кезеңiнде немесе сабақтан тыс уақытта өткiзiледi.

3. Бүл қалай өзгередi ойыны. Бүл ойын 1-сыныпта әлiппенi үйрету кезеңiнде д-т, ү-ү, б-п, о-е және а-ә әрiптерiн салыстыру сабақтарында, қазақ тiлiнен дыбыс пен әрiп: дауыссыз, дауысты дыбыстар: а-ә, ү-ү, о-ө әрiптерi бар сөздер тақырыптарын өткенде пайдаланылады.

Ойын барысында оқушылар сөз iшiндегi дүбыстардың дүрыс жазылуын егер сөздiң бiр дыбысы дүрыс жазылмаса, сөздiң мағынасының өзгерiп кеткенiне назар аударатын болады. Сол сияқты жуан, жiңiшке дауысты дыбыстардың дүрыс жазылуына да көңiл бөлiнедi.

4. Iзде, тап ойыны.

Ойын 1-сыныпта кiсi аттарының бас әрiппен жазылуы тақырыбын өткенде қолданылады.

Ойынға кiсi аттарына сай бас әрiппен және кiшi әрiппен жазылған бiрнеше буындар дайындалған. °рбiр қалтаға 10 кiсiнiң атын қүрап шығатындай бас әрiп, 10 кiшi әрiп кеспе буындары және ойын бастаушы үшiн кiсi аттары толық карточкалар салынып қойылады.

Бүған сондай-ақ қай буынды жоғалттым  ойнының кеспе буындарын қолдануға да болады. Кеспе буындар мен сөз прақшалар төмендегiдей.

Са, Ша,Ро,Ра, Мү, Са, Сә, Бо, Ду, Ай ра, ра, за,я,рат,кен,лат,ман,дар

Кiсi аттары: Сара, Шара, Роза, Рая, Мүрат, Самат, Сәкен, Болат, Думан, Айдар.

Осы сияқты бiрнеше қалталар жасалады.

Ойын тәртiбi:

А мүғалiм әрбiр практаға екi оқушыға бiр қалтадан таратып бередi. Олардың бiреуi бас әрiп буындарын, екiншi кiшi әрiп буындарын алады. Ал кiсi аты толық жазылған парақшалар мүғалiмнiң өзiнде қалады. Кiсi аттарының бас буыны алған оқушы оның бiрiн парта үстiне қояды.

1Мұғалiм сыныптағы оқушылардың екi топқа бөлiп өткiзуiне де болады.

2 ойынға арналған парақшалар жеке-жеке қалталарға салынады. Жоғарыдағы үлгiге арнап жуан, жiңiшке болып келетiн үқсас буындардан ойындарды үйымдастыруға болады.

Осындай ойындар үстiнде оқушылар тәжiрибе жасайды, себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелдiлiктi анықтауға тырысады. Олай болса, сабақта ойын түрлерiн тиiмдi пайдаланған жөн.

1.2. Дамыта оқыту идеясының үзақ тарихы бар. Ерте кезенде бастау алған, ойшылдардың бiлiм мен ақыл –ой тәрбиесiнiң ара қатынасын, олардың бала дамуына әсерiн зерттей келе мына төмендегiше түжырымға келемiз:

1. Дамыта оқыту жүйесi Х ғасырдан бастау алған. Шет ел ғалымдары мент Ресей ойшыль педагогтарының сорл кездегi iрге тасын қалаған дамыта оқыту жүйесi әр кезенде өз деңгейiнде дами отырып бүгiнгi күнге дейiн жеттi. Я.А. Коменскийден бастау алған бүл оқытудың түрi өз тиiмдiлiгiмен бүгiнгi күнге дейiн жетiп отыр. И.Т. Песталоцци баланың ақыл-ойын, барлық қабiлет-қасиеттерiн дамытса, орыстың үлы ағартушысы К.Д. Уленский де өз дидактикалық еңбеңтерiнде дамыту мәселесi ерекше тоқталып, арнайы әдiстеме жасады. оқыту дамуды өзiмен бiрге ала жүредi деген Л.С. Выготский пiкiрiмен көп нәрсе аңғаруға болады. Нәтижесiнде дамыта оқыту проблемасына арнайы екi iлгерi эксперимент жасалып, оның бiрiн Д.Б. Элъконин, В.В. Давыдов, ал екiншiсiн Л.В. Занков басқарады.

Зерттеушiлердiң мақсаты Л.С. Выготскийдiң 1930 жылдардың басында жасаған оқытумен дамытудың ара қатынасы жайлы болжамдар болса, осы зерттеу жүмыстары бастауышта бiлiм беру iсiне үлкен өзгерiстер енгiздi.

Одан кейiнгi 20 жыл көлемiнде дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарына келесi мәселесiне айналды. Бүл жүйенiң авторлары дамыта оқыту деп-оқыту мақсаты, мiндеттерi,әдiс-тәсiлдерi баланың даму заңдылықтарына сәйкестендiрiлген оқытуды айтады –деп түжырымдаймыз.

Осы дамыта оқыту жүйесiнде қазақстанда  ғасырда педагог – ағартушылар еселi еңбектерiн қоса бастады. Осы еңбектерге сүйене отырып дамыта оқыту проблемасының даму бағыттарына сараптама жасай отырыпмына төмендегiше негiзгi бағыттарға тоқталамыз.

1-бағыт. Баланың бойындағы қүмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемi алға жылжуға деген табиғи талап –тiлектерiн, сүраныс пен мүқтаждығын ескеру, шығармашылығын жетiлдiру.

2-бағыт. Бiлiмдi өз бетiмен iздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау.

3-бағыт. ґзiн-өзi дамытатын, түлға қалыптастыру.

қазiргi кездегi педагогикалық технологиялардың философиясы iзгiлiк, жеке бастың даму теориясына негiзделiп отыр.

П.К. Селевко педагогикалық технологияларды мәндiлiгiне, қолданылуына, үйымдастырылуына қарай төменлегiдей топтарға бөледi:

1. қолдану деңгейiне қарай жалпыпедагогикалық, пәндiк және әдiстемелiк, модульдiк

2. Философиялық негiзiне қарай материалистiк, идеалистiк,диалектикалық, метафизикалық, iзгiлiктi, ғылыми, прагматикалық т.б.

3. Психикалық дамудың жетекшiсi факторына қарай  биогендiк, социогендiк, психогендiк

4. ±ылыми түжырымдамасына қарай ассоциативтi-рефлекторлық, биховиристiк, гештальттехнология, дамытушылық

5. Түлғалық қүрылымдарға бағыттылығына қарай (ақпараттық, әрекеттiк, сезiмдiк, эвристикалық, қолданбалы, өзiн-өзi дамытушы)

6. қүрылымдық мазмүндық сипатына қарай  бiлiмдiк және тәрбиелiк, жалпы және кәсiби бағытты, технократтық және гумандық

Бастауыш мектепте қолданытып жүрген технологияларды бiлiмдiк өрiстерiне қарай төмендегiш топтауға болады.

1. Тiлдiк өрiс.

Бүл топ өте жас кезден бастап кубиктер арқылы жылдам оқуға үйретуге арналған Н.А. Зайцевтiң: каллиграфияны дүрыс қалыптастыру, сауатты жазуға үйретуге арналған Е.Н. Потапова және басқа да технологиялармен сипатталады.

Республикадағы бастауыш мектептi оқыту мазмүны жаңартылды. Жаңа мазмүнды ескi әдiстермен енгiзуге болмайтындығы белгiлi. Оқулық қанша жақсы болғанымен онымен жүмыс жасайтын мүғалiмдер оқытудың жаңа тәсiлдерiн меңгерменген болса, оқулықтардың негiзгi идеясы, дамытушылық мәнi iске аспауы мүмкiн. Сол себептi бүгiнгi күнi мектеп мүғалiмдерiнен жүмыстың жаңа тәсiлдерiн қолдану қатаң талап етiлiп отыр.

Дамыта оқыту арнайы педагогикалық технологияларды қажет етедi. Ол технологияларда баланы қоршаған ортамен еркiн қарым-қатынасқа түсу мүмкiндiгi берiледi. қарым-қатынастар: жоспарлау, үйымдастыру, мақсаттарды жүзеге асыру, iс-әрекеттi талдау кезендерiнен түрады. °р кезен бала түлғасының дамуына өз үлесiн қосады. Жүмысымыздың келесi бөлiмi осы мәселеге арналады.

II қазақ тiлi пәнiнде дамыта оқытудың әдiстемелiк негiздерi және оларды iске асырудың жолдары.



2.1. 1- сыныпта қазақ тiлi пәнiндегi дамыта оқыту, оған

қойылатын талаптар

Ұлттың болашағы тiлiнiң дамуымен, оның қоғамдық қызметiмен, қолдану аясының деңгейiмен тығыз байланысты. Сондықтан да қазiргi таңда үлттың үлттылығын, түрақты қауымдастығын аңғартатын негiзгi белгi- тiлiдi сақтап қалуды оның қолдану аясын кеңейту шарасы мен ғана емес, мемелекеттiк тiл статусын алған қазақ тiлiнiң мәртебесiн көтеру, ата-бабамыздан қалған асыл мүраларымды өз тiлiмiзде оқып -үйрену, зерттеу жүмыстарын ғылымиландыру дәрежесiне жеткiзу мәелесi көтерiлуде. Алдымызда түрған мүндай күрделi мiндеттi шешуде қазақ тiлiн оқып үйренудi дүрыс жолға қоюдың ең негiзгi сатысы болып табылатын бастауыш мектептiң орны ерекше. ґйткенi бастауыш мектеп сатысына бала алты жастан қабылданады. Осы түрғыдан қарағанда бастауыш мектептегiң оқудың, оның iшiнде ана тiлi пәндер тобын оқытцдың маңызы зор. Оның ең негiзгi мақсат- мiндеттерi мектеп қүрылымы мен мазмүнымен жаңалаумен байланысты шығып жатқан әртүрлi қүжаттарда, сондай-ақ бастауыш бiлiм мазмүны түжырымдамасына нақтылап көрсетiлген.

қазiргi таңда жас үрпақтың өз ана тiлiне деген сүйiспеншiлiгiн арттыру, оны қүрметтеу, бала лексиконын дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетiн арттыру төңiрегiнде атқарылуға тиiстi келелi мiндеттер көп. Бүл мiндеттер қоғамда болып жатқан айтулы өзгерiстерге, яғни қайта қүру, мектеп реформасының талабына сайкес балаларды алты жастан бастап дамыта оқыту,қазақ тiлiнiң мемелкетттiк мәртебесiн көтеруге байланысты туындап отыр.

Мектептегi қазақ тiлiн дамыта оқыту iсiнiң басты мiндетi – оқушылардың шығармасшылық ойлау дағдысын жоғарғы интелектуалдық ой- өрiсiн қалыптастыру деп есептесек, бiрден бiр алғы шарттары болып табылатын қарым- қатынастық (коммуникативтiк), танымдық,, адамгершiлiк, эстетикалық т.б. дағдыларды оқушылар тiкелеу тiлдi ана тiлiн оқып үйрену процесiнде меңгеретiндiгi белгiлi. Бүл жағдай бастауыш сыныптарда қойылатын пәндер жүйесiндегi қазақ тiлiнiң жетекшiлiк роль атқаратындығын көрсетедi.

қазiргi әлеуметтiк сүраныс пен бастауыш мектептiң жалпы орта бiлiм беру жүйесiндегi өзiндiк ролiн айқындай отырып, белгiлi ғалымдар, әдiскерлер бүл сыныптарда оқушылардың қазақ тiлiн оқытып үйрету мақсаттарын үш топқа бөлiп жүр:


  1. Балалардың қазақ тiлiне тiл бiлiмiне қызығушылығын ояту

  2. Тiл арқылы қарым-қатынас жасау қызметiнiң барлық түрлерiн (таңдау,оқу, сөйлеу, жазу) меңңңгеру процесiнде бүл қызметтiң дмыта оқыту тәсiлдерiн қолдана бiлуге үйрету.

  3. Тiлдiң қүбылыстарды талдап, олардың мәтiн ажырата бiлу дағдыларын қалыптастыру.

Бастауыш сыныптарда қазақ тiлi пәнiнен бүгiнге дейiн берiлiп келе жатқан бiлiм негiздернiң қүрылымы өзгерiп, басты назар грамматикалфық үғымдарды жалаң меңгеруде емес, тiлдiң көмегiмен баланың өзiн дамытуға бағытталуы қажет.

Бiрiншi сыныпқа келген оқушыларды оқу қызметiне бейiмдеу, тануға қүштарлығын ояту, дүрыс сөйлеуге ,өз-өзiн бағалай бiлуге үйрету.

Қазақ тiлiнiң негiзгi мiндетi- грамматикалық, орфографиялық негiздердi оқыта отырып, оны жалаң меңгертудi мақсат етпей, оқушының өз дамытуға, яғни сөйлеу(ауызша, жазбаша) ойлау қабiлетiн арттыруға, шығармашылықпен жүмыс жасай бiлуге үйретуге бағытталды.

Қазақ тiлi пәнi қазақ тiлi ғылымының алғашқы негiзiн қалауға көмектеседi. қазақ тiлiнiң негiзгi салаларынан- фонетика, лексика, грамматика, стилистика, пунктуация- түсiнiк берiп емле, енреже лерiмен, анықтамаларымен таныстырады. Дыбыстардың жасалуы мен жүйеленуiн, олардың өзара үндесуiн және және ықпал ыппал заңдылығы бiлмеген бала сауатсыз, әрi тiлдiң грамматикасын меңгеруге шорқақ келедi. өйткенi тiл заңдылықтары бiр-бiрiмен тығыз байланысты болады. Оқтыудың ғылыми сипаты оның тәрбиелiк және дамытушылық принцптерiн қоса қамтиды.

Дамыта оқыту жүйесi оқу материалдарының, логикалақ жағына бiрiзбен сатылай қүрылу тәртiбiн қарастырады. Жеңiлден ауырға қарай, деректiден дерексiзге қарай жүйелене орналасуын көздейдi. Мысал сауат ашу кезеңi дыбыспен әрiптi атнытудан басталад. Дыбысты танымай, әрiптi жазбай түрып, буын, сөз туралы айтып, не жаздыра ламаймыз. Сол сияқты қазақ тiлi пәнiнен қосымшалы сөздi бiлу үшiн, негiзгi түбiрдi, буын үндестгiн бiлу үшiн алдымен дауысты дыбыс деген не, оның жуан, жiңiшке үрлерiн ажыратып алу керек. Демек, оқу материладарының , логикалық iшкi азаңдылықтарын жүйелi оқып үйренген жағдайда ған оның ғылыми негiздерiн шын мағынасында меңгеруге болады.

Дамыта оқыту жүйесiнде берiлген бiлiм оқушы саасында берiк болып қалыптасады. Дамыта оқытудың берiк тиянақты, болу принцпi – оқушылардың, меңгерген ғылым негiздерiнiң бiлiм дағдыларының тиянақты болуларын көздейдi.

Бiрiншi сыныпта ана тiлi мен қаза тiлi кiрiктiрiлiп берiлгендiктен дамыта оқыту жолдарына ондғы бiлiм мен дағдыны қалыптастыруға мына төмендегiше тлаптар қойылады және оқушының iкерлiгiмен дағдысын жетiлдiруге септiгiн тигiзедi.

Оқытудың саналылық принцпi меңгерiлетiн материалды оқушының қүрғақ жаттамай саналы түрде үғынып, тәжiрибе жүзiнде iске асыра алатындай дәрежеде болуын қамтамасыз етуге қүрылады. Оқушыға дамыта оқыту барысында мүғалiмге көп жүмыс атқарға тура келедi.

Бiрiншiден, мүғалiм берiлетiн бiлiм мазмүнын, ғылыми сипатын, тәрбиелiк, дамытушылық мақсатын толық анықтап, негiзгi назар аударатын бөлiгiн табуы керек.

Екiншiден, берiлетiн бiлiмдi жеткiзе бiлудiң, тиiмдi әдiс – тәсiлiн тауып, бiрнеше жаттығу түрлерiн табу керек.

Үшiншiден, оқушылардың сабаққа қызығушылық белсендiлiгiн арттыратын мотивациялық әдiстер iрiктелуi керек.

Дамыта оқытудың негiзгi түрлерiнiң бiрi – проблемалық әдiстi бала дамуының негiзгi iс- әрекетiне пайдаланған жөн. Бiрнеше нақтылы заттарды алып, оның түр- түсiн, көлемiн, сапасын, әр түрлi сындық ерекшелiктерiн анықтатып, ой қорытындысын оқушының өзiне шығартуға жетелеу керек. Салыстыруды, сындық қасиетiн анықтауды танымдық қасиетiне сай, өздерi жақсы бiлiп, күнделiктiпайдаланып жүрген заттардан бастау керек. А) доп /үлкен-кiшi, қатты, жүмсақ, жеңiл-ауыр, көк, қызыл, үшқыр т.б./ б) қарындаш /үзын- қысқа, қатты-жүмсақ, қоңыр, қара т.б./ берiлген зат есiмге сын есiм, сын есiмге зат есiм сөздердi тiркестiру.

үлкен ……………………….., ………………………………… үй

жақсы……………………….., …………………………………жiгiт

тәтi …………………………, …………………………………..қарбыз

°рине, мүндай жүмыс түрлерiнiң бiрнешеуiн шығармашылық түрғыдан тауып, бiлiмдiсаналы меңгерту жолын қарастыруға болады. Сонда ғана жүмыс өз тәжiрибесiн бередi.

Дамыта оқытуда көрнекiлiк принципi жаңа материалды меңгертуде үлкен орын алады. Кзбен көрiп, қолмен үстаған жағдайда ғана мәнiн, иiсiн сезiм мүшелерiмен сезiнгенде ғана немесе, олардың бейнесiн көрiп бақылағанда ғана бiрiншi сынып оқушыларының танымдық әрекетi жоғары деңгейде болады.

қазақ тiлi сабағында көрнекi қүралдар көбнесе таблица түрiнде, жеке дидактикалық материалдар түрiнде де берiледi.

Көрнекiлiктердiң түрлерi бiрiншi сныпта бала жасына лайықталынып, түсiнiктi әрi баланың ойлау қабiлеттiлiгiн арттыратындай болуы керек. Сондықтан да соңғы уақыттарда, әсiресе бастауыш оқу дидактикасында бүл принцп нақты аталып жүр әрi жаңашыл, озат мүғалiмдердiң iс-тәжiребесiнен де көрiнiс беруде. Ойын сабақ т.б. – барлығы да оқушының сабақтағы белсндiлiгiн арттыруға, дамыта оқытуға бағытталған сабақтардың түрлерi.

ойынсыз, музыкасыз, ертегiсiз, қиялсыз толық мәнiндегi ақыл-ой тәрбиесi деген болмайды, - деп атақты педагог В.А. Сухомлинский ойынға ерекше мән берген. Ойын арқылы бала ой дамытатындығын, оқушының бар ынта –ықыласы сабақта болатындығын дәлелдеген. Кiшкентай адамдарды қоршаған ортаны танып- бiлу әлемiне қалай енгiзу керектiгiн өз тәжiрибесi арқылы көрсете бiлген. Ендеше өзiнiң де бала болып, оынң рухани дүниесiне кiре бiлу, не нәрсеге қызығатынын анықтау – ынталандыру принциптерiнiң негiзгi жолы бiрiншi сыныпта Не iстедi?, Не қылды?, қайттi? сүрақтарына жауап беретiн сөздер тақырыбын меңгертуде ойын арқылы өту тиiмдi нәтиже берiп, бала дамуының тиiмдi тәсiлдерi болып табылады. қазақ тiлi оқулықтарының сапалылығы дамыта оқыту негiзiне қүрылып, сапасы жақсарып, әр түрлi формадағы жаттығулармен толықтырылды.

Грамматика, емле, тiл дамыту материалдары үшiн алынған жүмыс түрлерi нақтыланып, сөйлемдер жыл мезгiлдерiне сай адам, жан-жануар, табиғат өмiрiнен алынып, кейбiр мәтiн ер хаықтың педагогика тағылымын үйретуге , оқушыларға үлттық тәрбие беруге қүрылды.

Бастауыш сыныпта оның iшiнде бiрiншi сыныпқа оқылатын пәндер жүйесiнде ерекше орын алатын- қазақ тiлi. Бүл пәннiң жалпы бiлiм алу саласындағы орны жөнiнде оқу- ағарту және әдiстеме мәселелерiне көңiл аударып, қазақ мектебiнiң келешегiн, ондағы оқудың ана тiлiнде жүргiзiлуiн мақсат еткен. А.Байтүрсынов: бастауыш мектепте оқығандар… ең әуелi қазақша толық хат бiлетiн дәрежеде болуын көздеу керек - деген пiкiер айтқан.

Қазiргi уақытта бiрiншi сыныпта оқу жүйесiнде қазақ тiлiн дамыта оқытуға ерекше көңiл бөлiнедi. Мүның өзi оқушыларды түсiнiп оқуға, еркiн сөйлеуге және сауатты жазуға үйретудi көздейдi.

Бiрiншi сынаптарда оқытылатын тiл сабағы осылармен қоса мынадай аса маңызды мiндеттердi де шешуге тиiс:



  1. оқушылардың үлттық және бүкiл адамзатты көзқарас негiзiнде саяси, адамгершiлiк, эстетикалық сезiмдерiн қалыптастыру.

  2. Балалардың айналадағы дүние туралы, адам, табиғат және қоғам туралы алатын нақты бiлiмдерiн байыту.

  3. Логикалық және бейнелi ойлауды жетiлдiру.

  4. Балалар орындауға қажеттi жаңа iс -әрекет түрлерiн: оқу әрекетiн меңгерту, сабаққа берiлген уақытты үқыпты пайдалана бiлу, өздiгiнен орындайтын жүмыстың шамасы келетiн тәсiлдерiн қолдана бiлу.

  5. Сабаққа жән бiлiм көзi – кiтапқа деген ынта – ықыласын арттыру.

Оқу үрдiсiн дамыту – педагогикалық жүйелер қатарында өзiндiк айқын мақсат көздейтiндiгiмен ерекшеленедi және бүл дамыта оқыту әдiсi өз тиiмдiлiгiн көрсетуде. Дамыта оқыту барысында оқушыларды саралау жүзеге асып отырады. Сондықтан саралап оқыту әдiсiнiң өзi әр-түрлi әдiстемелiк қүралдарды қолдану арқылы енген.

Бiрiншi сыныпта қазақ тiлi пәнiн деңгейлiк саралап оқытуға негiздеген технология дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi, өйткенi ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтау қабiлетiн, ынтасын, белсендiлiгiн, дағдысын, бiлiс сапасының дамуын қамтамасыз етедi.

Балалардың дамуы, қабiлетi, қабылдауы әр келкi болғандықтан, бiр сыныптың өзiнде үздiктер, жақсы оқитындар, нашарлар пайда болады. Сондықтан, мүғалiм балалармен сабақ және оның барлық кезңдерi: жаңа материлады түсiндiру, үсыну, сабақты қорытындылау, қайталау, бiлiм, бiлiк, дағдыны тексеру барысында саралау жүмысы жүргiзедi.

Жаңа материалды түсiндiру кезiнде мүғалiм мына мәселеге назар аударады:



  1. ең басты негiз, ядро- бiлiм мазмүны, пәннiң теориялық мәнi, тiрек мәлiметтерi. Алғашқы деңгей әрбiр тақырыптың ең негiзгi де басты , қарапайым мазмүнын ашып толық болмағанмен сол тақырыптың бiлуге мiндеттi түтас бейнесiн бередi. Бүл деңгей базалық деңгей ретiнде қабылданған.

  2. қосымша мәлiметет алғашқы деңгейде алған бiлiмдi одан әрi кеңiтiп, делеледеп, тиянақтайды, негiзi мазмүнын нақтылайды, үғымдардың не үшiн, қалай қолданылатындығын көрсетедi. Бүл деңгей мәлiметтер көлемiн арттырып, негiзгi матариалды тереңiрек түсiнуге көмектеседi.

  3. Дамытушы мәлiметтер – материалды бiр шама тереңдетiп, оған логикалық негiз бередi, болашақта шығармашылықпен қолдануға жол ашады. Бүл деңгейде бала өз бетiнше жүмыс iстеуге дағдыланады.

Бiрiншi сыныптың қазақ тiлi пәнiнде бiлiмдi дайын күйiнде беретiн дәстүрлi сабақтар – баладан ыждағатпен тыңдап, мүлтiксiз берген тапсырманы орындауды ғана талап етедi. Мүндай сабақтарда оқушы iзденiсi жоқ. Ал, информация жетпесе, оқушы қобалжиды, толқиды, бар ойын жүмылдырады, белгiсiздi табуқажеттiгi туады – бүл ойлауға үйрететiн сабақатар.

Ойлауға үйрететiн сабақтарды – дамыта оқыту сабақтары деп бiлемiз. Ойлауға үйрету – мүғалiмнiң ең қиын мiндетi. Ал, ойлауға үйрену – оқушының ең қиын мiндетi.

Дамыта оқытуды қолға алып, мүмкiндiгiнше жүзеге асырып отырған себебiмiз – ол баланы өзiн өзi бақылауға, өзiне өзi бақылау жасауға, өз бетiнше дамуға, яғни өзiн өзi тәрбиелеуге үйретедi.

Бiрiншi сыныпқа арналған қазақ тiлi оқулығында үлттық бiлiм жүйесiнiң деңгейiне, даму бағытына байланысты. Жаңа буын оқулықтары: көпдеңгейлi, интеграция (кiрiктiрiлген), дамыта оқыту жүйесi қағидаларына сәйкестендiрiлгендiгi – ерекшеленедi.

Демек, оқулық қүрылымы өзгеше, философиясы жаңа. Егер алғашқы екi ерекшелiгiн кез келген мүғалiм көрiп, байқай алса, үшiншiсiн тек дамыта оқыту жайлы теориялық түсiнiгi болғанда ғана жүзеге асырмақ.

Технологияда проблемалы оқытуға баса көңiл аударылмады. Тақырыпқа сай проблемаларды iздестiру їәм олоарды шешудiң жолдарын игеру, сондай-ақ, ықпалды факторларды зерттеу, модульдердi қүрау, сабаққа қатысты проблемаларды шешудiң түпкi мақсаты да әлдi бiр жаңа үғымды, дағдыны, шеберлiктi меңгертедi деп ойлаймын.



Дәстүрлi және дамыта оқыту жүйесiнiң негiзiнiде белгiлерiнiң салыстырмалы сипаттамасы


Педагогикалық процесiнiң компаненттерi

Мазмүнындағы басымдылық

Дәстүрлi иллюстрациялық түсiндiрме әдiсi

Дамыта оқыту

Мақсаты

Оқушыларда бiлi, бiлiк, дағды қалыптастыру

Байқампаздығын, ойлауын, практикалық әрекетiн дамыту

Бастапқы мазмүн

Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдер

Заңдылықтарды, теоияларды, үғымдарды, ережелердi, қорыту

Оқытудың формалары

Жеке, топтық фротальды

Бiрлескен үжымдық iс-әрекет

Оқыту әдiстерi

Ауызша түсiндiру, көрнекiлiк, практикалық

Проблемалық баяндау, iзденушiлiк, зерттеушiлiк

Бақылау, бағалау

Оқытудың нәтижесiн мүғалiмнiң бақылауы бағалауы

өзiн-өiз бақылау, өзiн-өзi бағалау, рефлексия


2.2. Дамыта оқыту технологиясын жетiлдiру (педагогикалық тәжiрибе және оның нәтижесiн)
Бiлiм берудi реформалауды жүзеге асырудың мақсат - қазiргi уақыттағы оқыту үрдiсiн технологиялардың қажеттiлiгiмен туып отыр, - дейдi үстаз жаңа технологиясының маңызы жайлы ой талғап, - соңғы жылдары В.В. Шаталовтың интенсивтi (тiрек сигналдарын пайдалану арқылы) оқыту, үрдiсiн технологияландырудың қажеттiлiгiнен туып отыр.

Педагогикалық технология туралы педагог ғалымдардың пiкiрi осы орайда еңбектенiп жүрген әрбiр үстазға түсiнiктi.

Педгогикалық технология – оқу тәрбие процесiнiң алдын –ала жүйелi түрде жоспарлануы және оның тәжiрибеде жүзеге асуы. Педагогикалық жүйе – бiр – бiрiмен байланысты әдiстер, педагогикалық процестер, жеке түлға қалыптастыруға әсер ететiн нақты мақсатты, бағытты педагогикалық әрекеттер.

Демек, бала бiлiмiн шығармашылық деңгейге жеткiзуде педагог -ғалымдар төмендегiдей оқыту әдiстерiн үсынады.



  1. түсiндiрмелi иллюстративтiк.

  2. Бағдарламалық

  3. Эвристикалық

  4. Проблемалық

  5. Модульдық

әр үстаз өз жүмысында бүл әдiстердi пайдаланады, бiрақ, ғылыми нақтылық, жүйелiлiк жетiспейдi. Дегенмен белгiлi ғалымдар Эльконин мен Довыдовтардың дамыта оқыту технологиясын өз тәжiрибеме батыл енгiзудемiн. Осы технологияны қазақ тiлi пәнiнде мына мақсаттарда жүзеге асырды:

  1. Дамыта оқыту өтiлгелi отырған оқу материалының негiзiнде оның басты ерекшелiгiне байланысты жүзеге асады.

  2. Мүғалiм мен оқушы iс әрекетiнiң негiзiнде жүзеге асады.

  3. Оқушы белсендi субъектiге айналады да, ал , мүғалiм көмек берушi, үйымдастырушы бағыт берушi деңгейде болады.

Дамыта оқыту технологиясы туралы сөз қозғалғанда оны оқытудың жаңаша әдiстемесi деп ойлауға болмайды. Бүл адамзат баласынң өз үрпағын оқыту, тәрбиелеудегi озық, тиiмдi iзденiстерiн, тәжiрибелерiн жалғастыратын, яғни, классикалық педагогиканың озық үлгiлерiн жаңашылдықпен дамыту болып табылады.

Жалпы педагогиаклық технология  дегендi қалай түсiнемiз, неге бүгiнгi күн талабында технологияға жүгiнемi, оқу процесiнiң бүгiнгi жағдайында осы технологияның оқушыға берерi қандай? Жалпы, егемен елiмiздiң жаңа мүратты үрпағын даярлауда әр үстазды толағдыратын мәселелерде жеткiлiктi. Себебi, жеке түлға, яғни, дарынды, шығармашылық түлға қалыптастыру бiлiм мен тәрбие берудегi мемелекеттiк iстiң ең маңыздысы болып отыр. Демек, осы игi оқыту мақсатына жетуде педагогикалық технология тиiмдi жолдарды көрсетедi.

Дамыта оқыту технологиясы қарапайым тiлмен айтқанда, жүзеге асатын ғана, нақтымақсаттардың алднала ойластырылыған нақты жобасы, яғни, белгiлi педагогикалық жүйенiң тәжiрибеде жүзеге асатын жобасы.

Дамыта оқыту жүйесiндегi қойылатын сүрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететiндей етiп берiледi. Оқушы да ондай сүраққа өз ойын, өз пiкiрiн бiлдiре жауап беруге дағдыланады. Көрнекiлiк әдiстер де осылайша жаңа мақсаттарға сәйкес өзгертiле, күрделендiрiле пайдаланылады.

Дамыта оқыту сабақтарында жаңа материалды талдауға зор көңiл бөлiнедi. ґйткенi, талданбаған шығарма бала жүрегiне жетпейдi деп есептелiнедi. Талдау – бiрлескен iзденiс. Iзденiс барысында мүғалiм әр баланың көңiл-күйiн бақылауға, о- пiкiрiн байқауға мүмкiндiк алады. Интелект деңгейiн анықтай алады.

Бiрiншi сыныптың қазақ тiлi пәнiндегi берiлген бiлiмдердi бала санасына жеткiзу үшiн дамыта оқытудың мына қағидаларын мүғалiм сабаққа басты түлға етiп алуы керек. Сабақтың әрекет теориясына сәйкес үйымдастырылуы – баланың жеке басын дамытудың басты мақсаты.



  1. баланың боййындағы қүмарлығын жойып алмай, оның үнемi алға жылжуға деген табиғи талап-тiлектерiн, сүраныс пен мүқтаждарн ескеру, шығармашылығын жетiлдiру.

  2. Бiлiмдi өз бетiнше iздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау.

  3. өзiн -өзi дамытатын түлға қалыптастыру.

Бiрiншi сыныптың қазақ тiлi пәнiнде дайын үлгi бойынша бiлiм алуға үйренген баланың шығаршылық қабiлеттерi шектелiп, табиғи мүмкiншiлiктерi жойылады. Ал, әр сабақ сайын iзденуге үйренген бала, кез-келген проблеманы тез шешуге төңiрегiнде пiкiр алмасулар көп уақытта алмайды, қайта оқулықтан, бағдарламадан тыс дүниелер туралы хабарлар алуға, таным көкжиегiнiң тарылмай, тарқай түсуiне жол ашады.

Сонымен бiз дамыта оқыту мен дәстүрлi оқыту жүйелерiнiң ерекшелiктерi мен өзгешелiктерiне тоқталып кеттiк. Айтылғандарды қорыта келе, дәстүрлi оқыту әдiстемесi негiзiнде метафизикалық (экстенсивтiк, сандық, мазмүндық) әдiснама, ал дамыта оқыту технологиясының негiзiнде дилтикалық (интенсивтi, сапалық, мәндiлiк) әдiснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлi оқыту балада бiлiм, бiлiк дағды алуға қажеттi ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын бiлiмдi қүю керек деген көзқарасқа, ал, дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабiлеттердi жаңа белестерге көтерудi мақсат түтатын принциптерге негiзделген. Дәстүрлi оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал, дамыта оқыту дербес жүмыс iстеуге алған бiлiмдi пайдалана бiлуге үйретедi. Айтылғандарды кесте түрiнде төмендегiдей бейнелеуге болады.

Дамыта оқыту арнайы педагогикадлық технологияларды қажет етедi. Ол технологияларда баланы қоршаған оратмен еркiн қарым - қатынасқа түсу мүмкiндiгi берiледi. қарым-қатынастар: жоспарлау, үйымдастыру, мақсаттарды жүзеге асыру, iс-әрекеттi талдау кезеңдерiнен түрады. әр кезең бала түлғасының дамуына өз үлесiн қосады. Жүмысмыздың нәтижелi, сапалы болуына ықпал жасайды. Нысыптың қазақ тiлi сабағында оқулық кiрiктiрiлiпберiлгендiктен бiрiншi мәтiнмен жүмыс сабақтың екiншi жартысында жазбаша жаттығулар мен баланы сауатты жазуға берiлген тақырыпты меңгеруге арналады. Мiне осындай кездерде модульдi оқыту, деңгейлеп оқыту, баланың тiл байлығын дамыту мақсаттарында түрлiше әдiс-тәсiлдер қолданылып жүмыс жүргiзiледi.

Дамыта оқыту технологиясының бiрнеше түрлерi бар. Оларды қазiргi кезде сабақта пайдаланып отырамыз. Соның бiрi сын түрғысынан ойлау. Сын түрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнiң түпкiр-түпкiрiнен жиылған бiлiм берушiлердiң бiрлескен еңбегi. Тәжiрибенi жүйеге келтiреген Джинни Л. Ситл, Кутис С. Меридит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негiзi Ж.Пиаже, Л.с. Выгодский теорияларын басшылыққа алады.

Мақсаты барлық жастағы оқушаларға кез клеген мазмүнға сыни түрғыдан қарап, екi үйғарым бiр пiкiрдiң бiреуiн таңдауға саналышешiм қабылдауға сабақтарда үйрету.

Сын түрғысынан ойлау – сынау емемс, шыңдалған ойлау.бүл бағдарламаның iшкi қүрылымында ерекшелiк бар. Бүл қүрылым 3 деңгейден түратын оқыту мен үйретудiң моделi. Бiлiмнiң боалашақта пайдаға ауы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтайотырып, iшiнен қажеттiсiн алуға үйретi.

Сын түрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерiнен түзiледi.

Осы бағдарламаны мен өз сабақтарымда әр сабақтың ерекшелiгiне ауыр- жеңiлдiгiне қарай лайықтала қолданамын. Олар: бес жолды өлең, Венн диаграммасы, Еркiн жазу,Семантикалық карта, Т кестесi сияқты стратегиялар

Сондай-ақ Ақыл –ой Одиссеясы- технологиясы арқылы 1-шi сыныптың қазақ тii пәнiнде мен сабақтар өтiп жүрмiн. Бүл бағдарлама 1978 жылы Американың Нью Джерси штатында басталды. Технологияның бүл түрi баланы дамыта оқытудың бiр түрi. Оқушының бiлiмiне деген белсендiлiгiн арттыруға болады. Бүл бағдарламаның теориялық негiзi ретiнде жоғарда аталған әлемдiк деңгейдегi ғалымдардың түжырымдамаларымен бiрге Д.Гилфорд, Е.Торренс, А.Осборн сияқты шығармшылық теориясын жасаған кезде ғалымдар еңбегi алынады.

Бiрiншi сыныптың ана тiлi мен қазақ тiлi пәнi кiрiктiрiлген пән ретiнде берiлген. Атамүра бағдарламасы бекiткен бүл оқулық осы дамыта оқытудың және үлттың салт-дәстүрiмiздiң барлық талаптарына сай қүрастырылғандығын әрбiр үстаз аңғара бiлуге тиiстi.

Бiрiнiшi Тiл және сөулеу  бөлiмiн оқытқанда осы жоғарыда аталған технологияларды тиiмдi пайдалан отырып өтуге тырыстым. Онда дауысты және дауыссыз дыбыстар мен олардың әрiптерi жайлы, қазақ алфавитi, жуан және жiңiшке айтылатын сөздер, жуан және жiңiшке дауыстылар, жуан және жiңiшке жүп дауыстылар бөлiмдерiн өткенде модульдi технология мен деңгейлеп оқыту технологияларын кеңiнен қолданып отырдым. Бiрнеше модульдi, тест тапсырмаларын, т.б. пайдаландым. Бүл тақырыптарды өткенде сабақта мәтiн оқу арқылы тiл дамытып, ойлау қабiлетiн дамыта отырып, үлтымызды салт-дәстүрiн негiзге ала отырып, жан-жақты бiлiм беруге тырыстым. Осы бөлiмдерде төрт түлiктi тану, сүю, күте бiлу, адамгершiлiкке баулу, үлкенге қүрмет, кiшiге iзеткөрсетiлсе, сонымен қата оқулықтағы Фонетика үғымын меңгертемiз.

Мен бiрiншi сыныптың қазақ тiлi пәнiнде модульдi сабағымның бiр түрiне тоқталып кетейiн. Сабақтың тақырыбы Дауыссыз дыбыс әрiптерi. Түйе. Ботақан мiне бүл сабақта мәтiндi оқып, мазмүнын түсiнiп қана қоймай, жазба жүмыстарын да меңгертуге тиiспiз. Дамытушылық мақсаты – оқушыларды сабаққа қызықтыру , оларды бiлiмiн тереңдетiп, iзденiп жүруге баулу, оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, сабақта оқушылардың белсендiлiгiн арттыру.

Балалар тақтаға iлiнген модульдi плакаттан төрт түлiктiң iшiнене түйенi тауып, оның төлiн ажырата бiлуге тиiстi. малдың пайдасы плакаты бойынша өздерi бiлетiндерiн айтып бередi. Малды күту плакаты бойынша бала түйе қалай күтуiмiз керек тiгiнөз беттерiнше әңгiмелеу керек. Мiне осы түста модульдiң тиiмдi түрлерiн пайдаланған жөн. қорытынды бөлiмiнде деңгейлiк тапсырмалар орындату барысында оқушының бiлiм деңгейiнiң қаншалықты екенiн ажыратамыз. Деңгейлiк тапсырманы бал өзi тайдайды. қабiлетi төмен балаларды төменгi деңгейден жоғары деңгейге жетелеу iс-шаралары түзiлiп күнделiктi сабақта iске асырылып отырады.

Сонымен қатар мен өз шығармашылық жүмысымдағы Балаларға базарлық деген кiтапшамнан – кәне балалар, осы кiтапта төрт түлiкке қатысты өлеңдер бар ма деп тапқызып, оқытып отырамын.

Жаңа буын оқулықтары : көпдеңгейлi, интергация /келiстiрiлген/, дамыта оқыту жүйесi қағидаларына сәйкестендiрiлмегендiгiмен ерекшеленедi.

Мен өзiмнiң күнделiктi өтiлетiн әрбiр пән бойынша педагогика ғылымының докторы, профессор Ж.А. қараевтың түжырымдамасы негiзiнде жасақталған жаңа педагогикалық технология бойынша дайындалған деңгейлiк тапсырмалар жүйесi – дамыта оқыту идеясын интерграциялап оқыту арқылы жүзеге асыруға тырысамын. өйткенi, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтау белсендiлiгiн, байқампаздығы мен дағдысын, бiлiм сапасының дамуын қамтамасыз етедi.

Профессор А.Ж.қараев технолоясының мақсаты мүғалiмдер мен оқушылар арасындағы өзара мүдделi байланысты, жүйелi ойлауға дағдыланбаған дербестiкке, өзiн-өзi анықтауға жету.

Технологияда проблемалы оқытуға баса көңiл аударылады. Тақырыпқа сай пробемаларды iздестiру їәм оларды шешудiң жолдарын игеру, сондай-ақ, ықпалды факторларды зерттеу, модульдердi қүру, сабаққа қатысты проблемаларды шешудiң түпкi мақсаты да әлде бiр жаңа үғымды, дағдыны, шеберлiктi меңгертедi. Бүл жүмыс балаларды өз бiтнше iзденiп, қосымша материалдар арқылы дамыта оқытудың бiр түрi бола алады. Ол кiтаптан балалар Жайлауда өлеңiн оқып бередi.

Мен бiрiншi сыныпты әрбiр тақырыпты қорытындылау сабақтарда төмендег сызбаларды пайдаландым. Бүл модульдiк оқыту технологиясы. Бүл модуль арқылы бала өзi өткен сабақтарға қоырытынды жасап қалай меңгергенiн жауабы арқылы алады.



        1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет