I – М О Д У Л Ь
Ф О Н Е Т И К А
/ДЫБЫС/ - °РIП
6 42 Ъ
ДАУЫСТЫ ДАУЫССЫЗ
ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР
7 12
Р, Л, Й, М, Н, қ, (У)
ҮНДI
7
ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР
Жуан А О Ы Э У И Я Е Ю әрiп
А О Ы Э ү У И ЙА ЙО ЙУ дыбыс
Жiңiшке ә ө i е ү у и әрiп
ә ө i е ү у и дыбыс
БIЛIМ
Б – дауыссыз, үяң
I – дауысты, жiңiшке
Л – дауыссыз, үндi
I – дауысты, жiңiшке
М – дауыссыз, үндi
Деңгейлiк саралау оқушы мен мүғалiмнiң белсендiлiгiн шығармашылық қызметiн дамытумен қатар, оқушыларға өз бiлiмiн жаңа әдiспен бағалауға мүмкiндiк бергенiн көрген кезде риза боласыз.
Деңгейлiк тапсырмаларды орындау барысында жаңа бағалау әдiсi әр оқушының дмауын қадағалайтынын педагогикалық маниторинг қүрылуына мүмкiндiк бередi.
Жаңа технологияны өмiрге енгiзген кезде ең алдымен оқушылардың психологиялық ерекшелiктерiне сүйенiп, олардың жеке басының қабiлетiн жетiлдiруге баса назар аударған жөн. Оқушыларды шығармашылық iзденiске бағыттап, бiлiмдi өз бетiмен ой жүгiртiп меңгертуге тиiспiз.
Менiң қазақ тiлi сабағындағы Күз мәтiнiне берiлген деңгейлiк тапсырмаларым әр оқушының бiлiм деңгейiн анықтауға мүмкiндiк бередi. әрi оқушы осылай деңгейлiк тапсырмалар орындаулар барысында алға үмтылу, бiлiмнiң, шығармашылық қабiлетiнiң артуы байқалады.
Күз
Жылдың төр мезгiлi бар: қыс, көктем, жаз, және күз. Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. Күз кезiнде күн қысқа, түн үзақ. қараңғылық ерте түседi. Аспанда қара бүлт қаптап, жауын да жиi-жиi жауады. Күз айлары – жыл мезгiлдерiнiң ең молшылық айлары. Бүл мезгiл – көкөнiс, жемiс – жидектiң пiскен кезi. Күзде адамдар қысқа әзiрлiк жасайды. Мектептерде оқу басталады. Мүғалiмдер оқушыларға сабақ бередi.
Күз өте әдемi жыл мезгiлi!
III- деңгей
Сұрақтарға жауап бер:
Күзде (күн,түн) қысқа ма? ұзақ па?
2. Мәтiнде неше сөйлем бар?
II- деңгей
Жақша iшiндегi сөздердiң лайықтысын жаз:
А) Күзде күн (қысқа, үзын) болады.
Б) күз айлары: (мамыр, желтоқсан, қыркүйек, наурыз, қараша, қазан).
В)қараңғылық (ерте, кеш) түседi.
2. Зат есiмдердi тап.
I- деңгей
Мына сөйлемдi аяқта:
А) Ертең жаңбыр жауса …. .
ә) Күз келсе …. .
б) қараңғылық түссе …. .
в) Аспанда қара бүлт қаптаса …. .
2. Мәнiтдегi не сүрағына жауап беретiн сөздi тап.
Баланың байқағыштық қабiлеттерiн жетiлдiру, ойлау, сөйлеу қабiлеттерiн дамыту; ой қорытындысын шығара бiлуiне ерекше көңiл бөлу қажет. Оқушының материалды дүрыс түсiнiп, тиянақты меңгерумен қатар, оны шығармашылықпен iске асыруы талап етiледi.
Проблемалап оқыту әдiсiнiң негiзгi мәнi, оның басқа әдiстерден ерекшелiгi- сабақта мүғалiмнiң түсiндiретiн тақырыбы бойынша қорытындыны даяр күйiнде бермей, шәкiрттерiмен бiрiгiп талдап, кейбiр мәселелердi оқушылардың өздерiне шештiру.
Проблемалық сабақ. 1- сынып.
Сабақтың тақырыбы: Сан есiм сөздер
Сабаққа қажеттi
қүрал-жабдықтар: 1. Заттың саны анық көрiнетiн суреттер.
таблица /тiлiкшелерi бар/ оған қойылатын сөздер.
Модельдi сөздер.
Деңгейлiк тапсырмалар.
Жүмбақ шешiмiне байланысты суреттер /оймақ,қолғап/
Сюжеттi суреттер
Алдымен жаңа сабаққа кiрiспе ретiнде заттың атын бiлдiретiн сөздердi ататамыз.
ЗАТ
ПАРТА СӨРЕ
ТАҚТА Оқушы
ТЕРЕЗЕ КІТАП
Балаларға аталаған заттың нешеу екенiн санату.
Марат, сыныпта неше терезе бар?
Бес терезе бар. –Дүрыс айтасың, Марат. Ендi партаны санайық.
Неше парта?
30 парта бар. – Сыныпта тағы не бар?- Гүлдер бар.- Неше гүл? – 10 гүл. Тағы ненi санауға болады?
Тақтаны санайық.
Неше тақта? – 1 тақта.
Суреттедi көрсету, заттың атын ата, санын айт.
Таблицада бос орындарды толтыру. Суреттiң жанындағы сүрақ орнына санды бiлдiретiн сөздi қою.
Неше гү? қанша машина? Неше кiтап?
Нешiншi терезе? Нешеуi келдi?
М: - Балалар, мына суреттен ненi көрiп түрмыз?
О: - Гүлдердi
М: - Заттың аты таблицада жазылған. Ендi, балалар, гүл сөзiнiң алдына оның санын бiлдiретiн сөз қояйық.
О: -Үш машина, төрт гүл. Екiншi терезе. Жалау үшеу.
М:- Балалар ендi заттың санын бiлдiрiп түрған сөздердi оқиын.
Төрт – оған заттың атын бiлдiретiн сөздi қос т.б.
Шарты. Оқытушы үндемей тақтаға санды бiлдiретiн санды жазады. Сосын I - қатардың балалары I-жолға, II қатар II-жолға бiрiнен кейiн бiрi шығып, сол қатарды жалғастырып, санды бiлдiретiн сөздi жазады. III қатардың балалары бүлар болған соң қатесiн шғарады.
Үш
|
Төртiншi
|
Үшеу
|
Бiр
|
Бiрiншi
|
Бесеу
|
Екi
|
Екiншi
|
Алтау
|
2 - қатардың балалары жүмысты орындап болған соң, мүғалiм 3- қатардың балаларына кезектеп оқыттып бүрыс, бүрыстығын анықтайды. Тапсырмасы: тақтадағы санды бiлдiрiп түрған 4 сөздi алып әркiм өз қалауынша зат есiм қосып жазады.
Балалардың жүмысын аралап көрiк жеке оқушыларға көмектесiп, тексеруден өткiзiп, қорытындылау.
Анықтама шығарту.
Сергiту минуты: /сергiту минуты сабақ мазмүнына сай алынады./
Бiр, екi, үш,
Бойға жинап күш.
Төрт, бес, алты,
Отыр,түр, шалқы.
Жетi, сегiз, тоғыз,
Тартайық бiз қобыз.
Болдау деймiн он,
Орындарыңа қон.
Сергiту минутында кездескен санды бiлдiретiн сөздердi тақтаға, дәптерге жаздыру, сүрақ қойдыру.
өткен сабақты қорытындылау, бiлiмдi бағалау.
Жүмбақ шешу, шешуiн түсiндiру.
Бiр шүқырда мың шүқыр. /оймақ/
Бес iн, бес iннiң аузы - бiр iн. /қолғап/
ҰСЫНЫС
2.3. Жоғарыда аталаған ғалымдардың ой- пiкiрiмен келiсе отырып, оқушының ақыл ойының дамуы, қазақ тiлiмен ой-өрiсiнiң кеңеюi, танымдық қабiлеттерiнiң дамуы дәл түрлi әдiстеменi қолдану барысында жеделдейтiндiгiн өмiр көрсетiп отыр деуге болатындығын дәлелдей отырып, мынадай үсыныс жасаймыз.
Бiз баланың шығармашылық қабiлеттерiн экономикалық, әлеуметтiк қиындықтар жоқ деп есептеймiз. қиындық тек оның технологиясын бiлмеуiнде.
үстаздар iзденiп шығармашылықпен жүмыс iстей алатын, баланы саралап,, даралап оқыту барысыныда дамыта оқытудың заңдылықтары мен принциптерiн жүзеге асыра алатындай дәрежеде болса, бiлiм сапасы жоғары болары сөзсiз.
қазiр мектептерде бастауыш сынып бағдарламасын дамыта оқыту жүйесiнде мен мына төмендегiше үсыныстарымды бiлдiргiм келедi.
қазақ тiлi пәнi аптасына 1 рет болса да компьютер кабинеттерiнде өтiлсе. Оқушыларға жедел бiлiм алу жүйесiн қүрсақ.
Мүғалiмдерге әдiстемелiк кiтаптар мен дидактикалық қүраладардың дайын нүсқалары шықса.
әр сабаққа арналған көрнекi қүраладар көбiрек мектептереге бөлiнсе деген пiкiрлерiмдi бiлдiргiм келедi.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бастауыш мектепте қазақ тiлiң грамматикасын, емiлесiн, оқытуда ерекше ескерiлетiн бiр жай – оқушылардың сауатты болу қамы. Бiрiншi сыныпта кейбiр тақырып бiрден осы мақсатқа бағындырылып өтiлетiн болса, кей тақырыпты оқытуда орфографиялық ережелердi оқушыларға бiлдiру қосымша мiндет болып саналады.
Егемендiгiн алған елiмiзде жаңа ғасыр алдында оқытудң жаңа жүйесi қалыптасуда, ертеңгi күнге бағытталған рухани жаңарудың iрге тасы қалануда.
Осындай жаңалқтар оқушылардың ақыл-ойын, шығармшылығын дамыту мәселелерiн шешедi. Бiлiмнiң сапасын көтередi.
Дипломдық жүмысымдағы айтылған ойлар, келтiрiлген түжырымдамаларды зерделеп, тәжiрибеге енгiзу мүғағалiмдерден, әдiскерлерден, педагогикалық оқу орындарындарының оқытушыларынан үлкен шығармашылық еңбектi талап етедi. Ең бастысы дамыта оқытуды әр мүғалiм түсiнуi, жүрегiмен қабылдауы, солай жүмыс iстегiсi келуi арқылы психологиялық- педагогикалық дайындықтан өту қажеттiлiгiн сезiнууi керек.
Егер менiң дипломдық жүмысымдағы көрсеткен педагогикалық жүйелер осындай қажеттiлiктi туғызып жатса, алға қойған мақсаттардың орындалғандығы .
ХХI ғасырға бағытталған мектеп, оқу орындары бар, демек, болшақ бар, үмiт бар деп қорытындылағым келедi.
Достарыңызбен бөлісу: |