Техника технологиялық бөлім Геологиялық карта дегенiмiз - топографиялық негiзi бар жер қыр- тысының белгiлi бiр ауданының геологиялық құрылысын берiлген масштабта шартты белгiлер арқылы бейнелеу. Мұнда геологиялық құрылысы жер бетiне шығып жатқаны ғана емес терең қабаттардағы таужыныстары бiр-бiрiнен жасы, құрамы және жатыс жағдайлары бойынша ажыратылады.
Бiр карта көлемi негiзiнде ауданның геологиялық құрылысының бар ерекшелiктерiн көрсетуге болады, яғни төрттiк жыныстар құрамы мен қалыңдығын, тектоникалық өзгешелiгiн, пайдалы қазындыларын, гидрогеологиясын, геоморфологиясын, таужыныстардың физикалық қа- сиеттерiн және т.б. Практика жүзiнде мұндай жан-жақты карта жасалмайды, себебi шартты белгiлермен тым шексiз көп бейнеленгендiктен оны оқу қиынға соғады.
Сондықтан да кәдiмгi геологиялық картадан өзге, оның басқа түрлерi жасалынады. Оларға төрттiк шөгiндiлер, литолого-геологиялық, тектоникалық, геоморфологиялық, гидрогеологиялық, инженерлiк- геологиялық, пайдалы қазындылар, пайдалы қазбаларды болжау және т.б. геологиялық карта түрлерi жатады.
Төрттiкшөгiндiлеркартасында төрттiк жыныстар түпкiлiктi жыныстардан бөлек бейнеленедi. Мұнда олар жасы, тегi және құрамына бай- ланысты көрсетiледi. Кейде неогендiк континенттік жыныстарда осылай мазмұнды болып төрттік шөгінділер картасында көрсетіледі.
Литолого-геологиялықкартада жасына қарай боялған, өзiндiк жасты жыныстар көлемiнде, штрихпен олардың құрамы да көрсетiледi. Егер карта масштабы 1:1 000 дан iрi болса әрбiр жыныстардың таралу шекарасы нақтылы көрсетiледi, ал одан ұсақтарында басым таралған жыныстар ғана бейнеленедi. Жыныстардың литологиялық құрамы 1:50 000 және одан iрi масштабты карталарда да көрсетiледi. Аталған картаның бiр түрi- петрографиялық карта.
Тектон икалықкартадақұрылымдық пiшiндердiң әр түрлi категориялары мен жастары шартты белгiлер арқылы көрсетiледi. Олар жалпы және аймақтық болып бөлiнедi. Алғашқысында жер қыртысының - негiзгi құрылымдық элементтерi пайда болу жағдайлары мен уақыттарына байланысты бөлiнедi. Аймақтық тектоникалық картада өзіндік ерекшеліктері бар белгілі бір ауданның құрылымдары көрсетіледі. Бір ауданда пайдаланылған шартты белгі басқасында пайдаланылмайды
Геоморфологиялық картада шартты белгiлер мен жер бедерiнiң негiзгi түрлерi мен жеке элементтерi, жасы және тектерi есепке алына бейнеленедi. Бұл картаның негiзi ретiнде топографиялық карта мен төрттiк шөгiндiлер картасы пайдаланылады.
Гидрогеологиялық карта - сулы қабаттардың жасы, тегiне, құрылысына қарай жеке топтарға бөлiнiп түрлi түстi бояумен бейнеленедi.
Инженерлiк-геологиялықкартадажасы мен құрамы бейнеленген жыныстардың физикалық қасиеттерi түрлi түстi бояулар мен штрихтар көмегiмен көрсетiледi.
Пайдалықазындыларкартасыгеологиялық картаға әр түрлi форма және түстi шартты белгiлермен немесе табиғи контур түрiнде осы ауданда таралған пайдалы қазынды кенорындары, минерализация көздерi, учаскiлерi көрсетiледi. Бейнеленетiн картада пайдалы қазындылар топтарға (жанғыш, металдық, металдық емес), ал олар жеке түрлерге бөлiнедi.
Пайдалықазбалардыболжаукартасы- геологиялық немесе тектоникалық карталар негiзiнде, жеке минералдық шикiзаттар немесе олардың комплекстерi үшiн жасалынады. Мұнда олардың таралуы мен болашағы көрсетiледi.
Геологиялық карталар мiндетi (1:50 000 (1:25 000) пайдалы қазындылар және арнайы карталар (геофизикалық, геохимиялық, гидрогеологиялық, төрттiк шөгiндiлер, үгiлу қабаттары) болып бөлiнедi.
Геологиялық карталар масштабына байланысты ұсақ масштабты, орта масштабты, iрi масштабты және дәлдiктi болып төрт типке бөлiнедi.
Ұсақ масштабтыкарталар (1:500 000 және одан да ұсақ) iрi
аймақтардың, жеке мемлекеттердің, тұтас материктiң немесе дұние жүзiнiң геологиялық құрылысы жайлы жалпы мағлұматтар бередi. Мұнда масштаб көлемiнде негiзгi топографиялық элементтер (iрi өзендер, елдi мекендер мен теңiздер нобайы) ғана көрсетiледi. Мысалға Қазақстан аумағының 1: 1500 000 және 1:1000 000 масштабты карталары (В. Ф. Беспалов (1965)), (Н. А.
Афоничев (1981)), (Г.Р. Бекжанов (1996)).
Ортамасштабтыкарталар(1:200 000-1:100 000) топографиялық планшеттiң жеке беттерiне сәйкестендiрiле құрастырылады. Ол сол аймақтың геологиялық құрылысының негiзгi ерекшелiктерi мен пайдалы қазындыларының болашағы жайлы мағлұматтар бередi. Бұл картаның
топографиялық негiзiнде горизонталдар сиретiледi, негiзгi емес
қатынас жолдары, елдi мекендер, және т.б. алынып тасталынады.
Iрiмасштабтыкарталар(1:50 000-1:25 000) жоғарыда аталған сияқты жеке беттер түрiнде, нақтылы топографиялық негiзде орындалады. Бұл карта ауданның толық геологиялық құрылысын, пайдалы қазындыларының барлық түрiн, болашағын айқындап көрсетедi. Ол жер бетiнiң геологиялық құрылысы ғана емес, оның терең қабаттарының құрылысы туралы да мәлiметтер бере алады. Бұл картаны ауылшаруашылық, құрылыс, өндiрiс қажеттерiне де пайдалануға әбден болады.
Дәлдiктiмасштабтыгеологиялықкарталар(1:10 000 және iрiлерi) арнайы топографиялық негiздi пайдаланып құрастырылады. Мұнда кен орны орналасқан ауданның геологиялық құрылысы толық көрсетiлiп, пайдалы қазындының таралу заңдылығы, қоры мен игеру жағдайын анықтауға мүмкiндiк туады.