Жарнамалық ұйым сайтының сыртқы көрінісін басқару Веб – дизайнның негізгі мәселесі түйіннің соңғы жасалатын бір жола сыртқы көрінісін кім анықтайтынындағында – дизайнер немесе сайтты қарап көруші клиент. Құру кезінде сіз сайтқа белгілі бір сыртқы көріністі бере аласыз, бірақ ол сіздің сайтыңызды көрушілер сол сіз жасаған күйде сайтты қабылдайды немесе сол күйінде көреді деген сөз емес. Қағида бойынша хабарламаны көрсету үшін қолданылатын шрифтының көлемін, өлшемін және типін бақылай алмайсыз. Сіз сонымен қатар клиентпен қолданылатын монитор өлшемін анық біле алмайсыз, себебі мониторлар өлшемі және олардың туралау жүйесі мүлде басқаша, яғни әртүрлі болып келеді. ал осы аталған факторлар өз кезегінде суреттер өлшеміне, мәтіннің анықтығына және корректілі немесе дұрыс көрінетін түс санына әсер ете алады.
Диагоналы бойынша 20 дюйм болатын мониторда тамаша болып көрінетін веб – беттер сол сияқты бірақ диагоналы 14-15 дюйм болатын мониторда сапасыз болып көрінеді. Егер сіз стандартты түстерді пайдаланудан бас тарсаңыз, онда сіздің веб – бетіңіз тартымда емес, ажарлы емес түстерден құралған болып көрінеді.
Мәтіннің сыртқы көрінісін тамаша басқару үшін декоративті мәтінді қолдануға болады. Ол мәтін негізінен графикалық элементке түрленеді және оны басқа суреттер сияқты компьютерге жүктей аласыз. Декоративті мәтін шрифтыны анықтауға, оның өлшемін, түсін және қатар аралық интервалды анықтауға мүмкіндік береді. Оған кез келген эффектілерді қолдануға болады: әріптерді ығыстыру, символдарды бояу, жартылай мөлдір облыстар жасау, көлеңкелер және контурлар, сонымен қатар мәтінді бұрышпен немесе қисайтып орналастыру. Бірақ ол мүмкіндіктер үшін өңделген мәтінді жүктеу кезінде уақыттың көптігімен төлеуге туралы келеді. аталған эффектілердің көпшілігі негізіненкаскадты кестелік стильді алуға мүмкіндік береді, онымен сіз жетінші бөлімде танысатын боласыз.
Декоративті мәтін логотиптер, сайттар аталуын, негізгі тақырыптарды және бөлімдер атауларын жасауға тамаша жарамды. Декоративті мәтінді өз меншікті стиліңізді құру үшін пайдаланыңыз.
Қарапайым мәтін тақырыпшалар, кіші тақырыпшалар және беттің негізгі мәтінін жасау үшін қолданылады. Оны басқару қиын, бірақ ол жылдам тиеледі және ақпараттық өрісті жылдам құра алады.
Беттің өлшемі деген түсінікті енгізейік – беттің толық өлшемі статикалық картиналар файлдарының өлшемінен құралады, олар міндетті түрде әруақта жүктеледі (логотип, навигация заттары, тетіктер), сонымен қатар динамикалық та кіреді, коим ретінде мұнда жарнамалар және әртүрлі баннерлер, сонымен қатар бет үшін жауап беретін код та қарастырылады.
Жобалау кезінде монитордың сандық параметрлерін ескеру қажет – беттің ең үлкен ені кемінде 770 пиксел, навигацияның бүйірлік панелін 570 пикселден ары асырмағанр жұрыс (ол негізінен экраннның рұқсат ету дәрежесіне байланысты болады 800х600 пиксел).
Бүкіл әлемдік желі статистикасы бойынша экранның шамамен 20 пайызын түрлендіру интерфейсі және операциялық жүйенің элементтері, шамамен 20 пайызын сайт навигациясы, шамамен 6-7 пайызын – беттік жарнамалар, шамамен 10 пайызын – меншікті жарнама, және тек 20-25 пайызын ғана логотиптер және толықтырушылар және қалған 10 пайызын – пайдалы ақпарат алып тұрады екен. Ал қалғаны болса – пайдаланылмаған орын.