Кіріспе I дизайн және жарнама туралы ұғым


Мәтін жеңіл оқылатын және түсінікті болуы қажет



бет8/19
Дата07.02.2022
өлшемі53,69 Kb.
#94918
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
дизайн курс

Мәтін жеңіл оқылатын және түсінікті болуы қажет.
Жеңіл оқылатын мәтінге және түсінікті мәтінге ие сайттар өте әйгілілікпен пайдаланылады.
Хабарламаны түсінікті ету – ол автордыңғ және редактор міндеті болып табылады, ал сөздерді жеңіл түсінетін ету – ол дизайнер міндеті. Оқылудың жеңілдігі қатарлар ұзындығын, шрифті биіктігі, ал кейде мәтінді орналастыру жағдайы және оның түсімен анықталады.
Мәтіннің негізгі элементтері.
Тақырып – шрифты арқылы өзіне назар аударатындай етіп үлкен етіп жазған дұрыс, ол жеңіл оқылатын шрифты болуы, не болмаса өте анық көрінетін қиын оқылатын шрифты немесе есте қалатын гарнитура тәрізді болуы қажет. Бұл шрифттер сымалы ретінде келесілер атап өтуге болады: Helvetica, Tahoma, Arial (көлеңкесіз), Baltica (көлеңкелі), әртүрлі деколративті шрифтар.
Беттің ортасына тақырыпты қоймаңыздар. Орталықтандырылған мәтін бос кеңістікті екі бөлікке бөліп жібереді, яғни мәтіннің оң және сол жағында бос орын қалады. Бос кеңістік адам назарын мәтінге қарағанда көп өзіне аударуы мүмкін.
Бас әріптермен терілген тақырыпшаларды (сонымен қатар кез келген сөздер мен фразалар) жазбауға тырысыңыз. Мұндай жазулар басқа қарапайым әріптермен жазылған сөздерге қарағанда орынды көп қажет етеді. Одан басқа мұндай сөздер мұнда шығып тұратын әріптердің болмауынан танылуы қиын болады.
Девиз (немесе цитата) – бұл әдетте негізгі мәтінен қарапайым шрифттермен 1-2 қатар төмен орналастырылады. Мұнда оны жазу үшін пайдаланылатын шрифт кіші болғандықтан – 9-11 пиксел, мұнда асты сызылмаған және көлеңкелі шрифттерді пайдаланбаған дұрыс, атап айтатын болсақ келесі шрифтілерді (Helios, Helvetica, Arial, Tahoma). Одан басқа, егер фраза еңісті шрифтымен терілсе де жақсы, мысалы italic шрифтімен. Олай болса, оның байқалануы анағұрлым елеулі болады.
Негізгі мәтін – өлшемі 10-14 пиксел болатын шрпифтымен теріледі. Мұнда нгізінен стандартты шешім қабылдау қажет – көлеңкелі немесе көлеңкесіз, бірақ міндетті түрде оқылуы жоғары шрифты болуы тиіс. Веб – беттер үшін негізінен келесі шрифтылар Arial, Helvetica, Times Roman жақсы тура келеді.
Жалпы қабылданған: жуан асты сызылған және қисық шрифттер.
Міндетті емес: бөлу, астын сызу және түстер арқылы ерекшелеу.
Жуан асты сызылған шрифттарда ерекшелік бар – жуан әріппен жазылған сөз оқышуның бөлінетін орынға жетпей жатып көзіне көрінеді. Бұл оқып жатқан адамды автор дайындаған сыйлықтан алыстатын жіберуі мүмкін болғандықтан, мұндай жағдайларда негізінен негізгі мәтінде курсивті пайдаланған жөн, ал тақырыптар үшін – жуан асты немесе асты сызылған шрифтыларды пайдалануға болады. Басқа барлық тәсілдер сияқты шрифтыны түспен бөлуде де белгілі бір шек болуы қажет.
Мекен-жай, телефон, авторлар аты –жөні - әдетте не 1-2 пиксел өлшемге негізгі мәтіннен үлкен, немесе солармен бірдей өлшемде, бірақ жуан әріптермен жазылуы тиіс (bold).
Ешқашан басылым үшін шрифтыны таңдауда асықпаңыз, тіпті трекинг (әріптер арасындағы қашықтық), интерлиньяж (қатарлар арасындағы қашықтық), азат жол тасталатын қашықтығы және т.б. сияқты кіші нәрселердің өзіне ұқыпты қараған жөн. Бірінші кезеңдердің өзінен астарлы шрифттерді пайдаланбауға тырысыңыз, оларды білмей қолданатын болса оқып қараушыларды сіздің материалыңыздан бас алып қашуына алып келуі мүмкін. Әдемі, бірақ нашар оқылатын шрифтыларды пайдалану қағида бойынша, сайт құруды бастаушылардың негізгі қателіктері болып табылады.
Егер сіз екі түс пайдаланатын болсаңыз немесе фон үшін екі әртүрлі қаныққан түсті қолданатын болсаңыз, мәтін және суреттерге тартымдылық берудің күрделі емес тәсілдерінің бір – тақырыптарды екі әртүрлі түсті фон арасындағы шекараны бөліп тұратындай тіп орналастыру болып табылады. Тар колонкаларға сол жақ шетін фон түсінің өзгеру шекарасынан бастап қою арқылы көркемділік беріңіз.
Сайтқа оның жұмысын елеулі баяулатпастан бірыңғайлылық берудің қарапайым тәсілдерінің бірі – қайталанып келетін, аталуы, бөлімдерді бөлуші тақырыпшалар, кіші тақырыптар, бөлімдер және цитаталар сияқты мәтіндерге декоративті мәтінді пайдалану болып табылады. Декоративті мәтін элементтері сонымен қатар салыстырмалы үлкен емес және жылдам тиелетін болуы қажет. Сіз ең жақсысы мәтіннің сыртқы көрінісіне әсер ете алып және сіз пайдаланып жытқан шрифты браузерлермен пайдаланылатын сайтты көрушілеріңіздің пайдаланған ешқандай шрифтына ұқсамайтынына сінімді бола аласыз. Тіпті өзіндік сипатқа ие және өзгермейтін шрифтымен жазылған бір – екі сөздің өзі тамашы сыртқы көріністі ұстап тұру үшін жеткілікті болып табылады.
Ол негізінен құжатама денесін безендіру үшін басқа жолдарды іздеуге мәжбүр етеді. Жеке алып қарағанда мәтіннің қажетті бөліктерін түс арқылы бөлу, қатарлық символдарды пайдалану, олардың курсивті немесе жартылау жуан түрлері, сонымен қатар шрифт кегелінің манипуляциясы, яғни экранға шығару шарттары ескерілуі тиіс.
Оқылудың қолайлылығын қамтамасыз ету, немесе оқылу қолайлылығын бағалаудың негізгі көрсеткіштерінің бірі болып құжаттама қатарының ені есептеледі. «Идеалды енділікке» ие қатар шамамен 50-70 белгіні сыдыруы қажет. Егер олардың жиілігі бұдан асса онда оқылу жылдамдығы төмендейді, және шаршау едәуір жылдам келеді. сонымен қатар осы тұрғыдан сіздер үшін қысқаша кеңестер:

  • Шрифтылардың үлкен алуантүрлілігін пайдалбаңыз, егер олай жасасаңыз сіздің сайтыңызды көруші көзінде қажу пайда болады.

  • Мәтінде тыныс белгілерін жеткізесіз., атап айтсақ Леп белгілерін көптеп пайдаланбаған жөн (!!!!). Бұл арқылы сіз сайтты көруші клиенттің шын мәнідегі маңызды мезеттерді байқамай қалуын болдырмауға қол

Егер сіз көптеген жасалған сілтемелер назарды өзіне көп аударады деп есептесеңіз – онда сіз қателесесіз. Мұндай сілтемелердің үлкен саны оқып көрушіні немесе клиентіңізді қуатпайды. Негізгі фон түсін тегке қалдырыңыз, тіпті ол ақ болса да (#FFFFFF). Ал егер фон ретінде картинканы пайдаланатын болсаңыз, онда бәрібір сіз ұқсас түсті нұсқаған боласыз (картинамен гармонияланатын). Сой жасасаңыз түсіңіз түс белсенділігі болмайды, ал әртүрлі компьютерде мұны туралау қабілеті әртүрлі болып келеді.
Сілтемелерді ұқыпты және сауатты жазу қажет. Егер сілтемелерді алып тастаған кезде мәтін түсініксіз болатын болса, онда ол тіпті сілтеме бар болса да түсініксіз болады деген сөз. Осыдан қарапайым қорытынды шығаруға болады: сілтемелер, егер олар жоқ болған жағдайда да оқып көрушілер ештеңе жоғалтпайтындай етіп жасалуы тиіс. Бастау үшін тек мәтінді жазса ғана жеткілікті, ал одан ары оған сілтемелерді орналастыруға болады.
Сілтемелерді кері немесе қараңғы мақсатта пайдалануға болмайды. Егер көп сөздің асты сызылған болса, оқышу мәтінді оқып қабылдауды тоқтатып қояды. Түстің өте жиі қайталанып келуі – адамды тітіркендіреді. Сондықтан, мәтінде неғұрлым сілтемелер аз болса, солғұрлым жақсы. Тамаша нұсқасы – сілтемелерді материалдың соңына орналастыру болып табылады. Ол жерде сайтыңызды оқушы мазмұнын оқып көріп және оған қайда болса ары қарай жылжу қажет болады.
Сілтемелер түсінікті болуы қажет. «Осы жерге басыңыз» деген сияқты сілтемелерден аулақ болыңыз. Пайдаланушылардың көпшілігі түспен бөлініп тұрған мәтін сілтеме екенін біледі. Қандай жағдай болмасын келесі сөздер сияқты «осында», «осы жерде» сілтемелер жасамаңыз.
Сілтемелер сайттың жалпы дизайнының бір бөлігі болып табылады. Олар гармониялы немесе сайттың безендірудің жалпы стилімен дисгармонияда болуы қажет. Естен шығармаңыз сілтменің түсі оның үстіне тышқан курсорын алып барып шерткен кезде өзгереді. Ол деген сөз сайттың ең қарапайым безендірілген түрінің өзінде мәтін кемінде үш түстен құралады: қарапапайым мәтін түсі, мәтіндік сілтемелер түсі; барылп көріп болған мәтін сілтемелерінің түсі. Барып көріп болған мәтін бөліктерінің сілтемелерін әлі көрілмеген мәтін сілтемелеріне қарағанда тартымда етуге болмайды.
Сілтемелер тартымды болуы қажет. Өз сайтыңызға құрушы емес сайтты көрушілер көзқарасымен қарап көріңіз. Сілтемелерді түйінге келуші өзіне тартып алатындай етіп қайта фразалаңыз және солай болса ол өзіне адамдарды шақырып тұратын болады. Мысалы, «Біздің тарихымыз» сөзін «Біздің жүріп өткен жолымыз» деген сөзбен алмастыруға болады. Сілтемелер түсі, оқып көруші бір жағынан оның сілтеме екенін білетіндей, екінші жағынан оған сол мәтінді оқу үшін зиян немесе кедергі келтірмейтіндей болуы қажет. Сілтемелер жөнінде екі пайдалы кеңес бар: біріншісі – Сізге сілтемелер түсін, яғни көріп болған және әлі таныспаған сілтеме түрлерінің түсін бірдей қылғыңыз келсе де, оны сәл болсын бір бірінен ерекшенетіндей ету қажет (ешқандай себептер болмаса да); және екіншісі – асты сызылған мәтін Веб сілтеме символы болсын, сондықтан басылымда асты сызылған мәтіндерді пайдалануға тырысу қажет, бөліп көрсетудің басқа да тәсілдерін пайдаланыңыз. Өзіңіз ойлап көріңіз, сіздің белгілі бір сілтемені оқып көргіңіз келді делік, бірақ тышқан курсорын алып барған кезде онда ешқандай өзгеріс байқалмаса қалай сезінесіз. :-(.
Фон – бұл беттің екінші жоспарындағы (қарапайым түрде - түс) бейнесі, оның үстіне сөздер мен суреттер орналасады.
Фон сайттың барлық беттерінде өзгеріссіз қалуы тиіс. Ол барлық беттерде сол бір түсті немесе сол бір фонды пайдалануыңыз қажет дегенді білдіреді, сонымен қатар барлық беттерде сол бір құрылым мен сол бір өрнекті пайдалану пайдалы. Фонды облыстарға бөлуге болады, ол өз кезегінде келесілерге мүмкіндік береді, мысалы, навигация элементтерін беттің бір шетіне айналасына шоғырландырып орналастыру. Егер қаласаңыз қайталанатын элементтерді және навигация элементтерін беттің жоғарғы жағына шоғырландырып орналастыруға болады.
Облыстарға бөлудің ең қарапайым тәсілі – қаныққан түсті пайдалана отырып сол бір түсті қолдану (100 пайыз қаныққан), мысалы беттің бір жағына сол түстің қаныққан түрін және екінші бір жағына сол түстің небәрі 20 пайызға қаныққан түрін қою. Бұл негізіненөте тиімді эффекті береді. Бірақ бұл түстердің әртүрлі мониторларда қалай көрінетіндігін ойлауды да естен шығармау қажет. Веб – беттер фонының түсін таңдағанда көпшілік жағдайда келесі қателіктер кездеседі:

  • Шектен тыс ашық фон, ол хабарламаларды жауып қалады;

  • Шектен тыс қара фон, мұнда хабарлама мәтінінің жазулары көрінбей қалады;

  • Шектен тыс монотонды фон, сіздің хабарламаңызға өте маужыраған түс береді;

  • Шектен тыс қаныққан фон, негізгі ақпараттан назарды өзіне қарай тартып алады;

  • Текстуралы фон - әдетте текстуралар оқытушының назарын өзіне аудару үшін мәтінмен таласады, және сол арқылы әріптер мен сөздердің танылу дәрежесін төмендетеді.

Фонның негізгі арналуы турлы ұмытпаған дұрыс – яғни ол хабарламадан қарағанда қарап көрушінің назарын өзіне аударып алмсауы тиіс. Адам көзіне бірден ұрынатын немесе бірден түсетін фонды таңдаудың қажеті жоқ, бірақ есте қалатын болуы тиіс, болмаса фонды пайдаланбаса да болады.
Көпшілік түйіндерде, мәтінмен қатар графикалық элементтер де болады (немесе суреттер) – фотографиялар, иллюстрациялар, диаграммалар және кестелер және т.б. Себебі World Wide Web жүйесінің артықшылығы графикалық элементтермен жұмыс істей алуынан да көрінеді.
Барлық беттердің немесе оның жеке бөліктерінің өрнектілігін басқа қосымша графикалық элементті енгізе отырып көркемділігін арттырыңыз, атап айтсақ: түрін, стильденген үлкен емес суретті қою және боялған суреттерді енгізу, боялған әріптер, боялы түсті джақтар, түс градиенттерін өзгерту және т.б. арқылы көркемділігін арттыруға әрекет жасаңыз. Талдау жүргізу нәтижесінде егер артық элементтер жоқ болса оның артық еместігін және өз ролін атқарып жатқандығын негіздеңіз.
Көпшілік жағдайда қандай да бір тақырыпты иллюстрациялау үшін үлкен өлшемдегі суреттер қажет болады, олар негізінен жеткілікті ұзақ уақыт тиеледі. Үлкен суретті орналастыру қажет болған орында оның кіші көшірмесін орнатып және толық масштабты суретке немесе бейнеге сілтеме жасауға болады. Сайтты көрушілерге бұл шынында қызық болатын болса, олар сол сілтеме арқылы суртті толық масштабта көре алады, ал кімге қажет болмаса, ол одан ары беттерді парақтап кете береді. Мұндай әдістеме негізінен кітаптардың сырттары үшін, фотографиялар, жарнамалық беттер үшін аса тиімді болып табылады, оларды негізінен сайтты қараушылардың барлық аяғына дейін оқу немесе егжей – тегжейлі көруді қажет етпейді.
Қағида бойынша, логотип барлық құжаттамаларға кіретін ұйымның аталуының стильденген жазбасы болып табылады. Ұйым логотипін ала отырып және фон түсі мен алдыңғы панель түсін сәтті таңдай отырып, сіздің сайтыңыздың тамаша өзіне тән ғана стильде ғажап безендірілуін жүзеге асыруға болады.
Логотипті графикалық файл түрінде сақтаңыз, ол негізінен оны кез келген мезетте бетке қою мүмкін болуы үшін жасалады. Логотипті құру кезінде оның тиелу уақыты үлкен емес болу қажеттігін естен шығармаңыз.
Ашық, есте сақталатын және стильді логотипті құру оңай шаруа емес. Логотип лаконикалы және сонымен бір мезгілде айқын, көркем, ұйымның мән мағынасын және мазмұнын түсіндіре алатындай болуы қажет.
Беттерді графикамен шектен тыс жүктемеңіз, әсіресе бұл E-mail, Welcome, Next және т.б. типтегі файлдар үшін қатысты. Мұнда негізінен сайтыңызды көруші оның 5 минуттан астам уақыт жүктелгені себебі немесе оны ашу үшін уақыттың көп жұмсалғаны үшін сізге ешқашан рахмет айтпайды.
Беттерде негізінен үлкен картиналарды пайдаланбаңыз. Егер солай болса да оны бірнеше немесе ең болмағанда екі бөлікке бөліңіз және оларды кестеге орналастырыңыз. Осы арқылы графиканың ашылуын жеңілдетесіз.
Егер мүмкіндік болатын болса, онда картина – сілтемелерге мәтіндік сілтемелер көмегімен балама құрыңыз. Сайтта графикалық сілтеме де және мәтіндік сілтемеде болсын, себебі кейбір пайдаланушылар өздерінің браузерлерінде графиканың жүктелуін ажыратып тастайды.
Мүмкіндігінше өзіңіздің графикаңызды салуға тырысыңыз, ол арқылы сіз сайтыңызды көрушілерге ерекше бір сезім ұялатасыз. Дайын картиналарды қойып немесе картиналар бар орынды сілтей салып еріншектік жасамаңыз. Егер WIDTH және HEIGHT типті форматтағы картиналарды орналастырсаңыз сіздің мәтініңіз әртүрлі жаққа секіріп тұрады. Картиналар суреттемелеріне ALT-мәтін жазыңыз. Келіп көрушілерді толық тиелгенше күтуге мәжбүрлі етпестен, олардың алджын ала не туралы екендігін білуге мүмкіндік беріңіз. Картина – сілтемелерде border="0" (в тегах ) параметрлерін пайдаланыңыз, осы арқылы картина – сілтеме айналасындағы көк рамкалардан құтыла аласыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет