Кіріспе І хv ғасырдың аяғындағЫ Қазақ хандығының сыр өҢірлері үшін жүргізілген күрестері


Сыр өңірі үшін жүгізілген күрестің барысы, нәтижелері



бет5/8
Дата27.02.2022
өлшемі202 Kb.
#133593
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Касым хан тусындағы қазақ хандығы
11-13 апта тапсырмасы, Ибн Сина
1.2.Сыр өңірі үшін жүгізілген күрестің барысы, нәтижелері

XIV-XVIғасырлардағы Сыр өңіріндегі маңызын ондаған қалалардың экономикалық, саяси, әкімшілік, діни, мәдени өмірлерде атқарған ролін анықтамай, ғылыми жобамыздың маңызын аша алмаймыз.


Содан да болар осы өңірдегі қалаларын тарихи ұзақ жылдардан бері тарихшылар мен археологтар зерттеу объектісінен түпейді.
Сыр өңіріндегі қалалардың Қазақ хандығы үшін XV-XVI ғасырларда атқарған қызметін К.А.Пищулина зерттеді. [2.94] XX ғасырлардың басынан 60-шы жылдардың соңына дейінгі аралықта табылған археологиялық деректер оның археологиялық зерттеу еңбектерінің негізін құрады деуге болады. ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдары Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария өзенінің бойындағы ежелгі және ортағасырлық қалаларды зерттеуде археологтар үлкен табыстарға жетті. [3.50] Жаңадан табылғын археологиялық деректер XV-XVI ғасырлардағы Сыр өңірінің Қазақ хандығы үшін атқарған маңызын тереңдеп көрсетуге, жан-жақты анықтауға мүмкіндіктер береді.
ХIII – ХVI ғасырлардағы Сығанақ қаласының ірі сауда орталығы ретіндегі халқаралық және жергілікті маңызы зор болды. Ибн Рузбеханның мәліметтеріне сүйенсек, Сығанақ Еділ бойынан Түркістан аймағына дейінгі аралықтағы жалғыз сауда пункті болған көрінеді. Қалаға Мауреннахрдан, Қашқардан, Хотаннан және Түркістанның басқа қалаларынан сауда керуендері келіп тұрғандықтан, мұнда әр елден әкелінген заттар өте көп кездеседі. Қала базарларында мақта-матадан тоқылған киім-кешек, үй тұрмысына қажетті заттар, темірден, шыныдан жасалған әшекейлі бұйымдар және егіншілік пен мал шаруашылығының өнімдері сауда-айырбасқа түсіп отырған. [6.64] Бұл жағдайда қаланың сауда қатынастарының халықаралық сипатын біршама ашып көрсетумен қатар, археолог К. М. Байпаковтың атап көрсеткеніндей, Сығанақтан бастау алып, солтүстікке қарай, Дешті Қыпшаққа апарар керуен жолы [6.90] қаланың сауда-айырбастағы жергілікті маңызын аша түседі. Бұл жолмен қалаға Дешті Қыпшақ тұрғындары мал, тері, жүн және солардан жасалған бұйымдар, сондай-ақ садақ пен жебе секілді өздері өндірген заттарды әкеліп, айырбасқа түсіріп отырған. [72.71] Біз қарастырып отырған ғасырлар ішінде Дешті қыпшақ пен Мауреннахр аймақтың басқа қалалары арасындағы байланыста Сығанақ қаласы маңызды роль атқарады.
Қаланың Дешті Қыпшақпен етене тығыз байланысы және оның Түркістан аймағымен түйіскен жерде орналасуы екі жақты этникалық байланыстардың дамуына әсер етеді. Қала төңірегінде Дешті Қыпшақтың кедейленген малшылары қоныстана бастайды да, жартылай отырықшы, жаппай отырықшы өмірге бейімделеді. [4.62] Алайда, шаруашылық өмірдегі өзгерістер этникалық процестерге ықпалын баяу тигізіді. Көшпелі тайпалардың бір бөлігінің отырықшылыққа көшуі үздіксіз процесс болғандықтан, Дешті Қыпшақ пен Түркістан аймағы арасындағы этникалық байланыс үзілмейді, керісінше, нығая түседі де, Дешті Қыпшақ пен Түркістан аймағында ортақ этникалық кеңістіктің қалыптасуына алғышарттар мен қолайлы жағдайлар жасай бастайды. Грамоталардың бірінде Сығанақ қаласы мен төңірегіндегі елді мекендерде тұратын тұрғындар арасында түріктер, қазақтар және қарақалпақтар тұғандығы айтылыда. [1.43] П. П. Иванов мұндағы «түріктерді» Сығанақ қаласының түпкілікті тұрғындары, жергілікті өзбектер мен қазақтар ортасынан шыққан деген. [8.25].
XVI ғасырдағы Қазақ хандығының тарихында ерекше орвн алатын бірнеше хандар болды. Олардың тарихи ролі әрбір хан тұмындағы хандықтың саяси-экономикалық және әскери жағдайымен бағаланды.
Қасым ханның XVI ғасырдағы тарихи ролі неден көрінеді десек,ең алдымен Қазақ хандығының территориясы жағынан кеңеюімен, мемлекеттілігі жағынан нығаюымен, халқы сынының өсуімен, қазақ деген халықтың және мемлекеттің атын алыс-жақын – жақын елдерге паш етуімен көрінді дейміз.
Ең бастысы, қазақ халқының ауыз әдебиетінде кездесетін Қасым хан туралы «Қасым ханның қасқа жолы» деген сөз тіркесі осыдан жарты мың жыл бұрын өмір сүрген тарихи тұлғаның халық санаында терең де тұрақты орын алғандығын көрсетеді.
Қасым хан өмірінің сұлтандық дәуірі, 1511 жылға дейін Қазақ хандығының күшеюі мен Сыр бойы үшін жүргізілген күрестер жылдарында өтеді. Бұл оқиғаларда Қасым хан тікелей қатынасын үлкен роль атқарды. Күрестің алғашқы кезендерінде ол қазақ әскерлерінің қолбасшысы болып, 4.162 үнемі Бұрындық хан қасында болады. «Бұрындық ханға бағынып оны тыңдайды», 5.4 XV ғасырдың 90 жылдарынан бастап, Қазақ хандығының билеуші топтары арасында екі топ пайда болғанда, Қасым хан Жәнібек ханның басқа ұлдарынан бірге екінші топтың басында пайда болады.
Қасым ханның сұлтандық дәуіріндегі атақ-даңқының өсуі XV ғасыр басында, Мұхаммед Шайбани ханның Қазақ хандығына жасаған жорықтары кезінде көрінеді. Әсіресе, 1510 жылғы соңғы жорық кезінде, XVI ғасыр басында Әдік сұлтан қайтыс болғаннан кейін, ол сұлтан Нигар ханымға үйленеді және «ең күшті, ықпалды тұлғаға айналады».
1510 жылдың қысында Қасым ханның Шайбани хан әскерін талқандауының бір салдары Шайбани ханның 1510 жылдың күзінде қаза табуына себепші болды. А. П. Чулошников «... өзбектердің қыпшақ даласында жеңіліске ұшырауы ізсіз кеткен жоқ, Шайбани ханның Мерв түбіндегі талқандалуы, көп жағдайда солтүстегі жеңілістен болды ...», - деп түсіндірілді. 9.20  Шайбани хан өлімінен кейін шайбанилық сұлтандар арасында бірден бірлік орнамады. Мұндай жағдайды тез түсінген Бабыр Кабулден шығып, Мауреннахрға аттанады., Исмаил шахтың көмегімен ол 1511 жылдың күзінде Мауреннахрда 6-7 айға созылған билігін орнатты.  31.43  Мауреннах қалалары мен оған тәуелді аймақтарға Бабыр өз адамдаын әуім етіп тағайындайды. Мысалы, Мауреннахрдың Түркістандағы иелігі Сайрам қаласына Қаттабекті, ал Ташкентке оның ағасын Мір-Ахмед Қасымды отырғызады.
Қасым ханның 1513 жылы көктем айындағы Ташкентке жорығы сәтсіз болғанымен, оның Қазақ хандығының саяси жағдайына тигізген әсері онша болмады. Осы жылдары Қазақ хандығы Дешті Қыпшақ мен Мауреннахрдағы бірден бір күшті мемлкеттердің бірі болып қала берді. Мұхаммед Хайдар мырза Дулати «Дәл осы жылдары Қасым ханның 300 000 әскер болған», - деп жазады.
Ташкент түбіндегі оқиғадан кейін, арада 3-4 ай өткеннен кейін шайбанилық сұлтандарға қарсы бірігіп күресу үшін Қасым хан ордасына Сұлтан Сайд хан келеді. Бұл туралы «Тарихи Рашидиде» өте жақсы баяндалады. Автордың осы баяндауындағы мәліметтерден Қасым ханның Қазақ хандығындағы беделінің зор болғандығын көреміз. «Қасым хан жасының ұлғаюына байланысты ханды қарсы алуға шыға алмады. Қалған сұлтандарға, ішінде бірнешеуі: Жаныш хан, Таныш хан, Мамаш хан, Жан-Хайдар сұлтан, Қарыш сұлтан және басқалары 50-60 жаста болды, жалпы саны Жошы ұрпағының 30-40 сұлтанына, ханды қарсы алуға бұйырады», - дейді «Тарихи Рашиди» авторы. 2.58
Сұлтан Сайд ханның Қазақ хандығына келудегі мақсаты, атап өткеніміздей, шайбанилық сұлтандарға қарсы одақ құру және нақты іске, Ташкентке қарай Қасым ханды тағы да жорыққа көтеру болды. 2.65 Қасым хан шағатайлық ханның бұл ұсынысына жауапты жаздың соңына таман береді. Хан жарлығымен қазақтар қыстауларына қарай жылжи бастайды.
Қасым ханның Сұлтан Сайд зан ұсынысын қабылдамауының екінші себебі, соңғы XVI ғасыр басындағы жағдай жаты. Андижан – ежелден Мауреннахрдың бір аймағы, темірлік, кейіннен шайбанилық сұлтандардың иелігі болып саналды. Шағатайлық ханның онда ұзақ тұруға және шайбанилық сұлтандарға төтеп беруге күші жоқ болатын. Егерде Қасым хан Сұлтан Сайд ханның ұсынысын қабылдағанда, онда оған үнемі әскери жәрдем ретінде қазақ әскерлері бөгде елде соғысқан болар еді. Осылайша, Қасым хан шағатайлық ханмен одақтастық қатынасты үзбей, сақтап қалады. Оның бұл әрекеті алдын терең ойлайтын, шебер дипломат ретіндегі қырын көрсетеді.
Зерттеушілер тарапынан Қасым ханның Сұлтан Сайд хан ұсынысынан бас тартуы, терең қарастырылмай, тек тарихт факті ретінде айтып өтеді. 2.14 Тек А. П. Чулошников қана бұл жөніндегі «көктемгі Ташкент түбіндегі сәтсіздік, оны сабырлы болуға, асығыс шешім қабылдаудан Абай болуға итермелейді», - деп тұжырым жасайды. 6.27
Осы оқиғалардан кейін, XV ғасырдың 20 жылдарына дейінгі Қазақ хандығының Мауреннахрмен қарым-қатынасы туралы мәліметтер жоққа тән. Тек қана 1516-17 жылдары Мауреннахр билеушілерінің Қазақ хандығына жасаған жорығы жөніндегі бір мәлімет Васифи еңбегінде кездеседі. Бұл мәліметті терең талдау – Қазақ хандығы мен Мауреннахр арасындағы саяси қарым-қатынастың барысын түсіндіруге жағдайлар жасайды. Сол себепті де оған тоқтала кетелік.
Қазақ хандығы өзінің Сыр бойындағы иеліктерін сақтай отырып, оңтүстікте Мауреннахрмен Ташкент аймағында шектесеседі. Түркістан аймағы XVI ғасырдың бірінші ширегінің соңыга дейін Дешті Қыпшақпен бірге біртұтас саяси, экономикалық, этникалық, мәдени кеңістік құрайды. Жетісудың, Сыр бойындағы Қазақ хандығының құрамына қосылуы қазақ тайпаларының этникалыө территориясын біріктірудегі үлкен жеңіс болады.
XVI ғасырдың 20 жылдарына таман Қазақ хандығы батыста да нәтижелі сыртқы саясат жүргізеді. Орыс деректерінде қазақ тарихи жылдарында 1519 жылы Қазақ хандығы Еділдің сол жағалауындағы өңірлерге де билігін таратқандығын, Еділ-Жайық аралығы Қазақ тайпаларының көшіп-қонатын жеріне айналғандығытуралы айналады. 1.106  Осы кездерде Қазақ хандығы Қырым, Астрахань хандықтарымен қарым-қатынастар орнатқан. 10.4. Осылайша, Қазақ хандығы XVI ғасырдың бірінші ширегіндегі Қасым ханның билігі тұсында бұрыңғы Жошы және Шағатай ұлыстары территориясындағы ең күшті мемлекетке айналады. Қазақ хандығыны күшеюіндегі Қасым ханның ролін сол кезде тарихшылардың өздері де түсініп, ол туралы әртүрлі мәліметтер береді.
Қасым хан туралы Бабыр «Жұрттың айтуына қарағанда, Қазақ хандығы мен сұлтандарының бірде-бір бұл халықты дәл осы Қасым хан сияқты бағындыра алмаса керек. Оның әскерлерінде 300 000 жуық адам бар еді»- деп жазса, Мұхаммед Хайжар мырза Дулати «ол Дешті Қыпшаққа билігін таратты. Оның әскерлерінде миллионнан аса адам болды. Жошы ханнан кейін бұл жұртта дәл ондай күшті хан болған жоқ», - мәлімет береді. 6.222 Қадырғали Жалаири «олардың арасында Жәнібек хан ұлдары арасында автор аса белгілі болғаны Қасым хан еді. Ұзақ уақыт атыасының ұлысында патшалық етті. Төңірегнідегі улаяттарды өзіне қаратты. Оның хикаялары әр жерде кездеседі, көпке мәлім мәнһүр»,-деді. 7.258 Махмуд ибн Уали болса, «Қасым хан Дешті Қыпшақты аймақтарында өз билігін күшейткені соншалық, оның әкерінде екі жүз мыңана аса Адам болды »,- деп баяндайды. 8.353 «1515-1516 жылы Қаысм хан Жошы ұлысын тәртіпке келтіргендігі сондай, бұдан артықты көз алдымызға елестету мүмкін емес, оның әскерлерінің саны миллионға жетті дейді», - дейді сефевилік шығарма авторы Хайдар Рази 5. 215 әл-Гаффри болса, «Қасым хан Дештінің ханы болды. Онымен және Шайбани хан арасында қақтығыстар болды. 1509-1510 жылдары Шайбани хан оған қарсы аттанды, бірақ жеңіліс тапты», - деп жазады. 8. 212
Қасым хан тұсында Қазақ хандығының күшеюі шығыс авторларынан басқа Мәскеу патшалығына және сол арқылы батыс Еуропа елдеріне белгілі болды. XVI ғасырдың 70 жылдарында құрастырылған патша мұрағатының тізімінде былай дейді: «38 жәшік. Онда Қасым хан тұсындағы қазақтар туралы кітаптар мен қағаздар бар». Өкіңшке орай, бұл қағаздар бізге дейін жеткен жоқ.
XVI ғасырдың бірінші ширегінде Мәскеу патшалығының Қазақ хандығына арнайы көңіл аударып, дипломатиялық байланыстар орнатуы, 14.282 Қазақ хандығы осы кездерде Алтын Орда батыс бөлігінде белсенді сыртқы саясат жүргізуіне байланысты болса керек. XVI ғасырдың 20 жылдарында Қазақ хандығы батыста Астрахань хандығымен шектесіп, Қырым хандығына елшіліктер жібереді. Жошы ұлысы территориясында Қазақ хандығының күшеюі, Алтын Орда езгізінен енді енді құтыла бастаған Мәскеу патшалығы үшін өте қорқынышты еді. Сондықта да Мәскеуде Қасым хан туралды, Қазақ хандығы және қазақтар туралы мәліметтер арнайы жинақтада берсе керек.
1525 жылы Ресей туралы кітап жазған әдебиетші Иовии 10.1 мәскеудің шығысындағы көршілерді жалпылама атуымен «татарлар деп, олардың территориясы Қытайға дейін созылып жатыр», - деп жазады. Ал, 1516 және 1526 жылдары Мәскеудже екі рет болған Австрия елшісі Сингизмунд Герберштейн «Волга бойындағы бұл патшалық оңтүстікте және шығыста далалық аймақпен шектеседі. Шығыста олар шайбанилық және қазақ деп аталатын татарлармен араласып тұрады», - деп мәліметтейді.
Осылайша Қазақ хандығының Қасым хан тұсында Мауреннахрмен саяси қарым-қатынасының жемісті болуы, оның оңтүстік және оңтүстік-шығыс бағыттарында территориясын кеңейтіп қоймай сонымен бірге батыста да қарым-қатынастар жүргізуге мүмкіндіктер береді. Қазақ хандығының құрамында Еділге жейін жерлердің қосылуы Қазақ тайпаларының этникалық территориясын біріктірудегі өзінше бір кезең болса, Мәскеу үшін ол қауіпті бола бастайды. Күшейген Қазақ хандығы иуралы мәліметтер батыс Еуропа елдеріне де жетеді.
XVI ғасырдың бірінші ширегінде Қазақ хандығын күшейтіп, Қазақ халқының атауын алыс-жақын елдерге тартқан Қасым хан есімі қазақ халқының есінде жарты мың жылдан бері сақталып келе жатыр. Ол туралы халық ауыз әдебиеттерніде «Қасым ханның қасқа жолы» - деген сөз сақталған. «Қасқа жол» - қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде жасалған және көшпелі қазақ өміріне үйлесімді заң болды. Кез-келген қоғам өз дамуының белгілі бір сатысына көтерілгенде, ондағы қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарын шығарады. Қазақ хандығы да XVI ғасырдың бірінші ширегінде дейінгі кезеңдермен салыстырғанда территориясы, халқының саны, хандықтың күші мен қуаты жағынан анағұрлым биікке көтерілді. Біздің пікірімізше, «Қасқа жол» - осы жаңа жағдайға сай жасалған заң.
XVI ғасырдың бірінші ширегінде Қазақ хандығының күшеюі Қазақ хандығы мен қазақ халқының атауларына байланысты бұрыңғы ұғымдарға өзгерістер енгізеді. «Көшпелі өзбектер», «Өзбек-қазақ» этнонимдерінің орнына бір ортақ этникалық атау – «қазақ» қолданыла бастайды.
Географиялық мәдениеті «Дешті Қыпшақ» ғұмырына қоса, этногеографиялық «Қазақстан» атауы қатар қолданыла бастайды. «Қазақстан» термині алған реет XVI ғасырдың бірінші жартысында ортағасырлық дерек мәліметтерінде кездеседі. 34.180 Кейбір зерттеушілер бұл терминнің Мұхаммед Талибтің «Матлаб ад-талибин» атты еңбегінде 1512 жылғы оқиғаларда кездесетіндігін айтады.
Жалпы алғанда, Қазақ хандығы XVI ғасырдың бірінші ширегінде Мауреннахрмен саяси қарым-қатынастардың барысында өмірлік маңызы ерекше Сыр бойын Қазақ хандығына қосады. Бұл жағдай хандықтың күшеюі мен нығаюына, тікелей әсер етеді. Ал, сол кездегі хандықты басқарған Қасым хан есімі аңызға айналады. Замандастарының бәрі Қасым ханның беделіг мойындайды, оның атақ-даңқы туралы мәліметтер қалдыралы.
Ең басты, Қазақ хандығының XVI ғасырдың соңына дейін Сыр бойы үшін жүргізілген күрестің бірінші кезеңі – XV ғасырдың 70 жылдары XVI бірінші ширегіндегәі жеңіспен аяқталады. Бұл жеңіс Қазақ тайпаларының этникалық территориясын біріктірудегі алғашқы сәтті қадам болды және аймақтың Қазақ хандығы құрамына түпкілікті қосылуына жағдайдал жасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет