Кіріспе І хv ғасырдың аяғындағЫ Қазақ хандығының сыр өҢірлері үшін жүргізілген күрестері



бет1/8
Дата27.02.2022
өлшемі202 Kb.
#133593
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Касым хан тусындағы қазақ хандығы

МАЗМҰНЫ





Кіріспе.................







І ХV ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ СЫР ӨҢІРЛЕРІ ҮШІН ЖҮРГІЗІЛГЕН КҮРЕСТЕРІ







    1. Сыр өңірі үшін күрестің себептері







1.2. Сыр өңірі үшін жүргізілген күрестің барысы, нәтижелері







ІІ. XVI ҒАСЫРДАҒЫ МҰХАММЕД ШАЙБАНИДЫҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА ҚАРСЫ ЖОРЫҚТАРЫ







2.1 Қасым ханның билікке келуі







2.2 Қасым ханның Батыстағы жүргізілген саясаты





Қорытынды...........................................







Пайдаланған әдебиеттер тізімі




КІРІСПЕ



Зерттеу нысанасының өзектілігі: Түбі бір түркі халқының тарихында ел мақтап, жұрт жақтаған, талайдың көңілінен шыққан, елі мен жері үшін жүрегін жұлып беруге даяр болған, өмір бойы ел мерейінің биік болуын аңсаған ұлдары мен қыздары өте көп болған. Олардың кейбіреулері ел есінде, жұрт жадында мәңгіге сақталса, енді біреулері заманның талабы мен тағдырдың тәлкегіне сай есімдері мәңгілікке уақыт еншісінде қалып қойған тұлғалар. Ұлы адамдардың үшінші бір тобы бар, бұл кісілер өз еркімен емес өзгенің қалауымен жаман шекпен жабынып, жоқ жерден жасаған жақсылықтары жойылып, масқараланып, елдің жеккөрініштілеріне еріксіз айналған адамдар. Өкінішке орай ондай тұлғалар Отан тарихында өте көп. Бұлай болуының өзіндік себебі бар, еліміз тағдырдың ең ауыр да, сорақы тәлкегіне салынып, екі жарым ғасыр бойы бодан болып келді. Бұл сөздің атауы қандай жаман болса, заты да сондай жаман. Ең ауыр тигені елдің бір ғасырға жуық уақыт бойына тоталитарлық жүйеде өмір сүруі. Бұл кезеңде елдің ғылымы да, білімі де, діні де, тілі де өзгенің толық ықпалында болды. Осы кезде елдің көптеген ардақты да талантты ұл – қыздарына жала жабылып, халыққа жаман келбетте көрсетілді.Бұл кезеңде Ел тарихының көптеген мәселелері зерттелмей қалды. Жақсы зерттелмей қалды, бар болғаны Чулошников, Вельяминов-Зернов, Левшин, Юдин, Кунте, Семенов, Иванов сияқты орыс тарихшылары аздаған мәліметтер береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет