Кіріспе. Жалпы фармакология. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы және фармакодинамикасы



бет2/8
Дата08.10.2023
өлшемі3,23 Mb.
#184129
1   2   3   4   5   6   7   8

Сублингвалды және буккалды

  • Артықшылығы:
  • қолдануға оңай және қарапайым
  • сіңірілуі тез басталады және әсері жылдам дамиды
  • Д.з. асқазан сөлінің әсеріне ұшырамайды және жүйелік қанға бауырға бармай түседі, биотрансформацияға ұшырамайды
  • Биожеткіліктігі жоғары
  • Енгізуді бірден тоқтатуға болады
  • Кемшіліктері:
  • сіңірілу алаңы кішкентай, сондықтан белсенділігі жоғары, мөлшері аз заттар енгізіледі
  • жиі қолданғанда ауыздың шырышты қабатының тітіркенуі байқалуы мүмкін

Ректалды

  • Артықшылығы
  • Д.з. жүйелік қанға төменгі геморроидалды веналар арқылы түседі, 50% бауырға бармай
  • Ауыз арқылы енгізгенге қарағанда мөлшерлеу нақтырақ
  • АІЖ ферменттерінің әсерінен және қышқыл ортада бұзылысқа ұшырамайды
  • Д.з. ауыз арқылы енгізу мүмкін болмағанда немесе қиындағанда
  • Кемшіліктері:
  • сіңірілу алаңы аз
  • сіңірілу жылдамдығы науқастың ішегінің жағдайына (моторикасына, нәжістің болуы) байланысты әртүрлі болады
  • Қолдануға қолайсыз, ыңғайсыз (жұмыста, саяхатта)
  • Тоқ ішекте сіңірілмейтін жоғары молекулалы белокты, майлы және полисахаридті құрылысты заттарды қолдануға болмайды

Көктамырға енгізу

  • Артықшылығы:
  • Әсер жылдам дамиды және нақты мөлшерлеу
  • Биожеткіліктігі 100%
  • Үлкен көлемде енгізуге болады
  • Жанама әсерлер дамығанда препаратты көктамырға енгізуді бірден тоқтатуға болады
  • АІЖ сіңірілмейтін және шырышты қабатты тітіркендіретін дәрілік заттарды енгізу мүмкін
  • Кемшілігі:
  • Енгізуге болмайды:
  • Ерімейтін заттарды;
  • Майлы ерітінділерді (эмболия шақыруы мүмкін);
  • Айқын тітіткендіргіш әсері бар заттарды (тромбоз, тромбофлебит дамуы мүмкін);
  • Қанның ұюын немесе гемолиз шақыратын препараттар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет