Эхокардиография — қазіргі заманғы жоғары информативті инвазивті емес ауырсынусыз және қауіпсіз жүрек қантамыр жүйесінің диагностикалау әдістерінің бірі болып табылады
Эхокардиография — қазіргі заманғы жоғары информативті инвазивті емес ауырсынусыз және қауіпсіз жүрек қантамыр жүйесінің диагностикалау әдістерінің бірі болып табылады.
Эхокардиография — қазіргі заманғы жоғары информативті инвазивті емес ауырсынусыз және қауіпсіз жүрек қантамыр жүйесінің диагностикалау әдістерінің бірі болып табылады.
Эхокардиография беретін мүмкіншіліктер:
Жүрек қуыстарының көлемдерін анықтауға
Жүрек клапандарының жағдайын және олардың қызметін бағалауға
Жүрек қабырғаларының қалыңдықтарын анықтауға
Жүрек қарыншаларының жиырылу мүмкіншіліктерін бағалауға
Жүректегі миокард инфарктінен кейінгі тыртықты өзгерістерді анықтауға
Жүрек ішіндегі қан қозғалысын бағалауға
Аорта және өкпе сабау артерияларын бағалауға
Перикардтың жағдайын бағалауға
Эхокардиографияға қарсы көрсеткіштері:
Кеуде клеткасының күйіктері
Жарақаттары
Кеуде деформациялары
Доплерография
Доплерография
Доплер бөлігі қан ағыны жылдамдығын өлшеуде қолданылады. Сондай-ақ зерттеу мәліметін арттыру ұшін аппарат микрокомпьютері долпер сигналының спектралді сипатамасын есептейді.
Доплер сигналының спектралді сипаттамасының пішіні сканер мониторының экранында кескінделеді. Жүрек клапандарының, түпкі тамырлардың доплер сигналдары спектрінің атласы жасалған. Атлас жүрек бөлігі жұмысының патологиялық бұзылуын пішіні бойынша анықтауға мұмкіндік береді.
Доплер датчигінен шыққан ультрадыбыс сәулесі мүмкіндігінше қан ағыны бағытымен сәйкес келуі тиіс. Осы кезде ғана доплер сигналының шамасы максимал болады. Егер ультрадыбыс сәулесі қан ағыны бағытына перпендикуляр болса, доплер сигналы нольдік мәнге ие болып, сондықтан қан ағыны жылдамдығын өлшеу мүмкін болмай қалады. Доплерографияның 2 негізгі әдісі бар: үздіксіз (CW) және импульсті (PW).
Жүректің магнитті-резонансты томографиясы-жүрек аурулары кезінде жүрек ішін көруге болатын әдіс. Бұл әдіс арқылы ақпарат алуға болады: