Тақырыбы:Жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің гипертрофиялық визуалды диагностика әдістері
Орындаған:Әбдірайым Ж
Қабылдаған:Убайдаева А
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Түркістан 2022
Кіріспе
Жалпы жүрек гипертрофиясы туралы түсінік.
Жүрек гипертрофиясы деп – жүрек миокардының миоциттерінің гиперплазиясынәтижесінде дамыған ет қабығының қалыңдауы. Ол жүрек қарыншаларын, жүрекшелерін қамтиды,(көбінесе сол жақ қарыншасы ұшырайды). Этиологиясы: Аортаның жарты ай тәрізді қақпашаларының жетіспеушілігі немесе стенозы - сол жақ қарыншаның гипертрофиясы; Атриовентрикулярлық митральды қақпашалардың жетіспеушілігі-сол жүрекшенің гипертрофиясы; Атриовентрикулярлық үш жармалы қақпашалардың жетіспеушілігі-оң жақ қарыншаның гипертрофиясы; Стенозында оң жақ жүрекшенің гипертрофиясы; Өкпе артериясының жарты ай тәрізді қақпашаларының стенозы немесе жетіспеушлігі оң жақ қарыншаның гипертрофиясы; Үлкен қанайналым шеңберіндегі артериялық гипертензия-сол жақ қарыншаның гипертрофиясы;
Жүрекше мен қарынша гипертрофиясының себептері
Жүрек қуыстарының гипертрофиялануының басты себебі қақпақшаларының жеткіліксіздігі немесе тарылуы болып табылады. Оның себептері: • Сепсис; • Атеросклероз; • Мерез; • Эндокардит; • Ревматизм
Патогенезі:
Мысалы: сол жақ қарыншаның гипертрофиясы:
Аортаның қақпашаларының стенозы кезінде сол жүрекшеден келген қан сол қарыншаға өтеді де, аорта қуысына қарай шыға алмай, сол қарынша қанға толады, жүрекке дейінгі жүктеме артады. Бұған қарсы организмде компенсаторлық механизм іске қосылады (Франк-Старлинг заңы). Қарыншаның жиырылу күші күшейеді, гипертрофияға ұшырайды.
Жүрек камераларының қабырғаларының гипертрофиясын визуальды диагностикалау.
Рентгенологиялық зерттеулер-рентгеноскопия, рентгенография, КТ. Олардың көмегімен жүректің орналасуы, формасы, магистральды қантамырлардың көлемі анықталады. Жүрек екі өкпенің аралығында орналасқандықтан контуры анық, бірыңғай қараю байқалады. Тәжірибелі дәрігер жүректің рентгенограммасын талдамас бұрын науқастың дене бітімін қарап тексеруі керек. Астеник, нормостеник, гиперстениктерде жүректің орналасуы әртүрлі болады.