МРТ арқылы қозғалмалы бейнені де көруге болатын болғандықтан,бүл әдіс арқылы жүректің сору қызметін, систола кезіндегі камералардағы өзгерісті,жүрек пен ірі қан тамырларындағы қан айналымды байқауға болады.
Оң жақ жүрекше мен оң жақ қарыншаның гипертрофиясы:
Оң жақ жүрекше мен оң жақ қарыншаның гипертрофиясы:
Үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі -оң жақ қарынша систоласы кезінде қақпақшаның толық жабылмауынан қанның бір бөлігі оң жақ жүрекшеге өтеді,сол кезде қуыс веналардан қалыпты мөлшерде қан келеді,сондықтан оң жақ жүрекше бірінші кеңейіп,кейін гипертрофияланады.Оң жақ қарынша диастоласы кезінде оң жақ жүрекшеден қайтқан қан мен қуыс венадан келген қан қосылып қалыптыдан көп қан оң жақ қарыншаға өтуі себебінен оң жақ қарынша кеңейіп,содан соң гипертрофияланады.
Оң жүрекше үлкеюі кезінде оның доғасы ұзарады және қалыптыдан артық өкпе алаңына
енеді.Оң қарыншаның үлкеюі кезінде де дәл осындай өзгеріс болады,себебі оның өзінің тура бағытта доғасы
жоқ.Бірақ тура бағытта түсірілген рентгенограммада оң Қарыншаның үлкейгеніңдәл анықтауға болады.Біріншіден,ол оң жүрекшені оңға және жоғары ығыстырады.Сондықтан оң контурдың төменгі доғасы ұзарып,оңға қарай ығысады және атриовазальды бұрыш Жоғары жылжиды. Екіншіден,сол контурдың екінші доғасы шығыңқы болады.Егер өте қатты үлкейсе сол контурда сол қарынша доғасы үстінде қосымша доға пайда болады.
Сол жақ қарынша гипертрофиясы:
Сол жақ қарынша гипертрофиясы:
Қолқа қақпақшасының стенозы-сол жақ қарынша систоласы кезінде қан қолқаның тар тесігінен толық өтпей белгілі бір мөлшері қалып қояды,диастоласы кезінде қалған қанға сол жақ жүрекшеден қалыпты мөлшерде қан келіп қосылады.Бұл сол жақ қарыншаның толуы мен бұндағы қысымның артуына алып келеді.Бұндай бұзылыстан сол жақ қарыншаға көп күш түседі және гипертрофияланады.
Қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі –сол қарынша диастоласы кезінде қан сол жақ жүрекшеден ғана емес,сонымен қоса қолқа қақпақшасының толық жабылмауынан қан қолқадан қайта келеді.Систоласы кезіндеқалыптыдан көп мөлшердегі қанды қолқаға айдау үшін үлкен күшпен жиырылуы қажет.Көп күш түскендіктен сол жақ қарынша гипеттрофияланады.
Сол жақ қарыншаның гипертрофиясыалдыңғы проекциясында рентгенограммада жүректің сол жақтағы ең төменгі доғасының үлкейгендегі байқалады. Сол жақ қарынша мен қантамырлар шоғырының арасындағы бұрыш тұйықталып, жүрек белі анық көрінеді.
Сол жақ жүрекше мен сол жақ қарыншаның гипертрофиясы: Митралды қақпақшаның жеткіліксіздігі -сол жақ қарынша систоласы кезінде митральды қақпақшаның толық жабылмауынан сол жүрекшеге белгілі бір мөлшерде қан қайтып келеді.Сол жүрекшеге қайтқан қанға өкпе веналарынан қалыпты мөлшерде қан келіп қосылады.Сондықтан жүрекшедегі қысым артып,кеңейіп, гипертрофиялануына алып келеді.Сол жақ қарынша диастоласы кезінде сол жүрекшеден қалыптыдан көп мөлшерде қан келеді. Сол қарыншаның артық күшпен жұмыс істеуінен сол қарынша да гипертрофияланады.