Лекция тақырыбы: Қабыну. ҚЫзба қабыну жоспар: Қабыну туралы жалпы түсінік Қабынудың этиологиясы Қабынудың даму механизмі



бет1/17
Дата29.12.2021
өлшемі76,75 Kb.
#106227
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Лекция №8. Қабыну.Қызба
1570548267-KTZh-Algebra-zhane-analiz-bastamalary-11-synyp-KGB

.№8.Лекция тақырыбы: ҚАБЫНУ. ҚЫЗБА

ҚАБЫНУ

Жоспар:


  1. Қабыну туралы жалпы түсінік

  2. Қабынудың этиологиясы

  3. Қабынудың даму механизмі

  4. Қабынудың жергілікті бегілері және олардың даму механизмі

  5. Қабынудың жіктелуі


Білім алушы түсінуі тиіс:

  • қабыну туралы жалпы түсінікті;

  • қабыну түрлерін;

  • қабынудың анатомиялық номенклатурасын;

  • хемотаксис жөнінде;

  • фагоцитоз жөнінде;

  • қабынудың пайда болу жағдайларын.

Білім алушы білуі тиіс:

  • қабыну анықтамасын;

  • қабыну себептерін;

  • қабынудың жергілікті және жалпы белгілерін;

  • қабыну жіктелуін;

  • қабыну фазаларын;

  • альтерация;

  • экссудация;

  • пролиферация.

ҚАБЫНУ

Қабыну дегеніміз-флогендік факторлардың әсерінен зақымдалуға ағзаның жергілікті аймағында дамитын тамыр-тіндік өзгерістер яғни қорғану реакциясы, ол зақымдаушы факторды жоюға бағытталады, зақымдалған ошақты маңындағы тіндерден бөліп, зақымдалған қызметті қайта қалпына келтіреді. Флогендік фактор деп қабыну тудырушы әсерлерді атайды. Қабыну бұл типтік патологиялық процесс.Ал типтік патологиялық процесс дегеніміз-тудыратын себебіне,патологиялық түріне байланыссыз,жалпы заңдылықтарымен дамитын процесстерді атайды. Қабыну кезінде жергілікті жерде альтерация-тіннің зақымдануы,экссудация тамыр арнасынан қанның сұйық бөлігінің тамыр сыртына шығуы,пролиферация-жасушалардың көбейі сияқты процесстер байқалады.

Себептері

Қабынуды тудыратын себептер немесе флогогендер экзогенді және эндогенді болып бөлінеді.Қабынуды көбінесе экзогенді флогогендер тудырады.Оларға.

- биологиялық (микробтар, вирустар, саңырауқұлақ,қарапайым иммунды кешен).

- физикалық (травма, күйік, үсік),

-химиялық (қышқылдар,сілтілер,улы заттар), жатады.

Қабынудың эндогенді себептеріне тін некрозы,гемотома, тромб, ісік, ағзада өзге аурулар әсерінен түзілген тастар,ағзада тұздардың жиналуы,иммундық комплекстер жатады.Қабынуды шақыратын себептеріне байланысты екіге яғни инфекциялық және инфекциялық емес деп ажыратамыз.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет