Қабыну ағымы. Қабыну ағымына реактивтілік (сыртқы орта жағдайына және ішкі ортаға әсер ететін заттарға ағзаның жауап қайтару қабілеті) әсер етеді.
Нормэргиялық реакция.
Аллергиялық реакция, ағза сенсибилизациясымен байланысты.
Гипоэргиялық-әлсіз, анық емес, ұзақ.
Гиперэргия- өзгерістің айқын формасы.
Қабынудың жіктелуі
Альтеративті қабыну- зақымдалу процессінің басым болуы, жиі паренхиматозды мүшелерде дамиды. Көлемді альтеративті қабыну мүшелер өліміне алып келеді.
Экссудативті қабыну-экссудация процессі басымырақ болады. Экссудат сипатына байланысты қабыну бөлінеді:
серозды (экссудат мөлдір не бұлыңғыр)- жиі серозды қуыста (плеврит, перикардит, артрит) және бас миы қабатында , дамуы жедел, әдетте, сіңіп кетеді;
фибринозды- экссудатта фибрин көп болады, ол қабыршық түрінде түсіп қалады; егер қабыршық қатты болса (көп қабатты жалпақ эпителийде)қабыну дифтериялық, ал егер борпылдақ және оңай аршылса- крупозды болады;
Достарыңызбен бөлісу: |