катаральды (экссудат шырышты болады)-шырышты қабаттарда дамиды, жедел (серозды, шырышты, іріңді, геморрагиялық) және созылмалы болуы мүмкін, атрофия мен гипертрофия дамиды;
іріңді-экссудат іріңді,сұйық, сары түсті, өлген клеткалардан құралған (тіндер лизисі нәтижесінде), нейтрофильді лейкоциттер жаулаған (іріңді денелер). Іріңді қабынудың 3 формасы бар: абсцесс (іріңмен толған қуыс, айналасындағы тіндерден грануляциялық тінмен шектелген, іріңге лейкоциттер түсе алады) және флегмона (тіндерде диффузды жайылған, шектелмеген іріңнің болуы); эмпиема- іріңді экссудаттың қуыстарға жиналуы. Ағымы жедел және созылмалы болады. Созылмалы іріңді қабыну ауыр түрде өтеді және жиі амилоидоз, сепсис пен кахексияға алып келеді;
шіріген- шіріген бактериямен (анаэробты) байланыста болатын мүшелерде дамиды;тіндер ыдырап, лас сары түске боялады және жағымсыз иіс шығады (газ);
геморрагиялық-әртүрлі көлемде эритроциттер болады ;
аралас (серозды-фибринозды, серозды-іріңді және т.б.)- ағзаның әлсіреуінде пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |