Сифилис кезінде- гумма, түйін қою сары түсті, дәнекер тінді капсуламен қоршалған.
Алапес (лепра)- сирек кездеседі, Ганзена таяқшасымен шақырылады. Грануляциялық тінде лепра кезінде теріде түйіндер болады (лепрома), ойық жара пайда болады.
Склерома-Волкович-Фриша таяқшасымен шақырылады, өзгеріс тыныс алу жүйесінде болады. Плазматикалық, эпителиоидты тіндер, лимфоциттер, Микулич және гиалинді шар (өлген плазматикалық тіндерден пайда болады)жасушалары тән.Процесс склерозбен аяқталады, асфиксиямен асқынады.
Гранулема ақыры- некроз немесе склероз.
Қабыну номенклатурасы. Мүшелер мен тіндер қабынуында латынша «ит» жалғауы жалғанады. Мысалы, бауыр қабынуы- гепатит, қуық қабынуы-цистит. Ескі атауларда бар, мысалы, пневмония-өкпе қабынуы, ангина-аңқа қабынуы және т.б.
Қабынудың жалпы белгілері:қызба, қанда лейкоцит санының артуы (лейкоцитоз), зат алмасудың бұзылысы, ауыр формада-жалпы интоксикация.
Ақыры:
|