Этиология және патогенез
Қызбаны шақыра алады:
Пирогенді заттар: инфекциялық- инфекциялық қызба бактериялардың, вирустардың, қарапайым жәндіктердің, майда саңырауқұлақтардың әсерлерінен дамиды, инфекциялық емес (белокты)- тіндердін бүлінуіне әкелетін сыртқы және ішкі ықпалдардың әсерлерінен пайда болады. Бұларға: күйік, жарақат, инфаркт, қан құю, аллергия, қатерлі ісік т.б. себептер және бөгде белоктарды парентеральды енгізгенде болады.
Пирогендер жылу реттелу орталығындағы нейрондардың және жылу рецепторлары импульсінің сезімталдығын өзгертеді, бұл кезде гипоталамус қалыпты температураны төмен деп, ал жоғары температураны қалыпты деп қабылдайды.
Тұздар. Мысалы, гипертониялық сұйықтықты көп құйса, қанның осмостық қысымы жоғарылайды, орталық жүйке жүйесі тітіркенеді, зақымдалады да, ол өз кезегінде пирогенді заттардың қанға түсуіне әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |