Лекция тақырыбы: Қабыну. ҚЫзба қабыну жоспар: Қабыну туралы жалпы түсінік Қабынудың этиологиясы Қабынудың даму механизмі


Ағзаға адреналин, тироксин енгізу



бет13/17
Дата29.12.2021
өлшемі76,75 Kb.
#106227
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Лекция №8. Қабыну.Қызба

Ағзаға адреналин, тироксин енгізу, олар жылу реттелу орталығын тітіркендіреді. Тотығу процессі артып, жылу бөлу артады.

Нейрогенді факторлар: бас миы зақымдалуы, ісіктер, психикалық жарақат және т.б. олар жылы реттелу орталығын тітіркендіреді.
ҚЫЗБА ПРОЦЕСІ 3 САТЫДАН ӨТЕДІ:
1.Температураның көтерілу сатысы. Қызба кейде температураның жоғары деңгейге кенет, бірнеше сағаттың ішінде, тез (бөліктік (крупозды) пневмония, тұмау, безгек, бөртпе сүзек т. б.), кейде біртіндеп, бірнеше күннің ішіңде (іш сүзегі, қызылша т. б.) көтерілуімен басталады. Бұл кезде организмнен жылудаң сыртқа шығарылуы шектеледі де, денеде жылу өндірілу одан басым болады. Шеткері қан тамырларының жиырылуынан және тер шығудың тежелуінен жылудың сыртқа берілуі төмендейді. Бүлшықеттерде, бауырда және ішкі ағзаларда тотығу-тотықсыздану үрдістерінің артуына байланысты организмде жылу өндірілуі күшейеді Кейде дене қызуы тез көтерілсе, еттердің тонусы жоғарылайды, олардың дірілдеуіне ауысады. Арқаның, қолдардың, кейде жалпы қаңқа еттердің талшықтарының еріксіз жиырылуы болады. Еттердің дірілдеуі тоңу жоғарыласа, онда дене қалтырамайды.Бұлшықеттердің жиырылуы тоңу сезімімен, дененің қалтырауымен қабаттасады. Тері мен ішкі ағзалардың температураларының айырмашылығы неғұрлым көп болса, соғұрлым дененің қалтырауы күшті болады. Егер дене қызуы температураның біртіндеп көтерілуімен басталса, онда дене қалтырауы болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет