Лекция тақырыбы: Қабыну. ҚЫзба қабыну жоспар: Қабыну туралы жалпы түсінік Қабынудың этиологиясы Қабынудың даму механизмі


ҚЫЗБА КЕЗІНДЕГІ АҒЗАЛАР МЕН ЖҮЙЕЛЕРДІҢ



бет17/17
Дата29.12.2021
өлшемі76,75 Kb.
#106227
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Лекция №8. Қабыну.Қызба

ҚЫЗБА КЕЗІНДЕГІ АҒЗАЛАР МЕН ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ӨЗГЕРІСТЕРІ.
Орталық жүйке жүйесінде алғашқыда қозу, кейін тежелу болады. Жиі бас ауырсыну, әлсіздік,сандырақтау болады.

Зат алмасу процессі күшейеді, белок, көмірсу, май ыдырайды, ағзаның оттегіге сұранысы артады, анаэробты гликолиз жоғарылайды. Тотықпаған алмасу өнімдер жиналады (кетоқышқылдар), қанда сүт қышқылы артып, ацидоз пайда болады, ол ішкі мүшелердің дистрофиясына алып келеді. Гипоксия компенсаторлы тыныс алудың жиіленуін тудырады.

Қызба кезінде ең айқын өзгерістер қан айналым жүйесінде байқалады. Дене температурасының 1о С-ға көтерілуі, тамыр соғуының минутына 8—10-ға жиілеуімен сипатталады. Бұны жүректің синустық торабы ыстық қанмен қоздырылуымен түсіндіреді. Сонымен бірге, ет ысуы кезінде симпатикалық жүйкелердін межеқуаты көтерілуі де тахикардия дамуына белгілі үлесін қосады. Жүрек соғуы жиілеудің нәтижесінде қанның минуттік көлемі үлкейеді. Қызудың бірінші сатысында артериялық қан қысымы көтеріледі, терінің қан тамырлары тарылады, ішкі ағзалардың тамырлары, керісінше, кеңиді. Үшінші сатысьщда дене температурасы күрт төмеңдеуінен артериялардың межеқуаты қатты азайып, қан тамырлары қызметінің қауырт дамитын жеткіліксіздігі (коллапс) байқалуы мүмкін.

Ал менингит, іш сүзегі ауруларында керісінше брадикардия болады. Ол микробтардың уыттарымен организмнің уыттануынан дамиды



Ас қорыту жүйесінің қызметі (секреторлы және моторлы)төмендейді. Тәбет төмендейді, сөл бөлінеді, ауыздың құрғауы пайда болады, секрет қоюланып, ауызда жабын пайда болады. Ас қорытылу бұзылып, метеоризм, іш кебу,іш қату немесе іш өту пайда болады.

Бүйрек қызметі өзгереді. Басында зәр мөлшері артады, қызба қатты көтерілген кезінде- төмендейді.

ҚЫЗБАНЫҢ АҒЗА ҮШІН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Дене қызуы ағзада тек патологиялық жағдайларда көтеріліп қана қоймайды. Кейде ол ағзаның қорғаныстық-/ бейімделу / компенсациялық күшін көрсетеді. Қызбаның ағза үшін пайдалы әсерлері:

Көптеген микроағзалар көбеюін тежейді, дәрілік заттарға олардың төзімділігі төмендейді;

Лейкоциттердің фагоциттік әсері күшейеді-Фагоцитоз және антиденелердің өндірілуі артады;

Дегенмен, жоғары температура орталық жүйке жүйесін, тыныс орталығын, қан айналымды тежейді.Әсіресе, коллапстың дамуы өте қауіпті. Ал енді аса жоғарылаған дене қызуы кезінде дене температурасын әртүрлі дәрі дәрмектермен төмендету негізгі ауруды емдейді. Кейде жоғары температураға кейбір дара сезімтал болады. Бұл кезде адамның естен тануы және дірілдеу – селкілдеу ұстамалары пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдай әсіресе жаңа туылған нәрестелер үшін өте қауіпті себебі оларда жылу реттелу жүйесі әлі толық қалыптаспаған қызба кезінде адамның жұмысқа қабілеті төмендейді, көңіл – күйі нашарлайды.

Қызба кезіндегі иммунды қорғаныштың артуы медицинада қолданылады. 43,0-43.5 C температурада ісік клеткалары өлетіндігі дәлелденген. Оларды жою және емдік мақсатта жалпы басқарылатын гипертермия қолданылады (дене температурасын 43-44 C дейін жоғарылату).Инфекцияға қарсы тұру нәтижелігін арттыру үшін липополисахаридті препараттар қолданылады (пирогенал, продигиозан),оларды температураны қатты көтермейтін дозада пайдаланады.



Сонымен, дене қызуының көтерілуі жағымсыз ықпалдарға организмнің төзімділігін көтеруі мүмкін. Сол себептен егер дене қызуы тым қатты көтеріліп кетпесе, оны төмеңдететін дәрілерді пайдаланудан сақ болған жөн.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет