1) лизистік – бірнеше күнде дене қызуы біртіндеп түседі.
2) кризистік – дене қызуының күрт төмендеп кетуі. Әрине ағза үшін қызбаның күрт төмендеуі қауіпті болып саналады. Ол кезде қан тамырларда бірден кеңейіп, тер бөліну мен зәр бөліну артып (альдостерон өндірілуінің төмендеуінен), кейде артериальды қан қысымы да төмендейді, коллапс дамуы мүмкін.
Қызба кезіндегі температуралық сызықтардың түрлері
A-тұрақты қызба
B-жедел басталған және аяқталған тұрақты қызба
C-әлсіреген не босаңситын қызба
D-үзік-үзік, ұстамалы қызба
E-бруцеллезге тән қызба/мальта қызбасы/. Түстен кейін қалтырап-дірілдеу және ертеңгісін малшынып терлеп қалу бұл ауруға тән белгі. Созылмалы бруцеллёзде ыстық бірнеше күн басылады да сосын қайта көтеріледі. Тиісті ем қолданбаса, бірнеше жылға созылуы мүмкін.
F- іш сүзегіне тән қызба.Қызба 39-40С-ке дейін көтеріледі, көбінесе тұрақты түрде, ұзақтығы 2-3 аптаға дейін.
Қызбаның 3 түрі байқалады:
-Вундирлик қызба сызығы (трапеция тәрізді, тұрақты түрі)
-Боткин қызба сызығы (толқын тәрізді)
-Кюльдишевский қызба сызығы (баспағыш тәрізді)
Достарыңызбен бөлісу: |