6. Тақырып: Созылмалы өкпелік жүрек. Есеп №1



бет1/13
Дата06.02.2022
өлшемі28,63 Kb.
#80202
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
6 тақырып сит есептері


6.Тақырып: Созылмалы өкпелік жүрек.
ЕСЕП № 1
54 жастағы ер кiсi емхана дәрiгерiне келесi шағымдармен қаралды: аз мөлшердегі кiлегейлi-iрiңдi қақырық түсетiн таңертеңгiлiк жөтел, физикалық күш түскенде ентiгу, тез шаршағыштық, жалпы әлсiздiк, делсалдық. Анамнезiнен: науқас соңғы 25 жыл бойына күнiне 30 данадан шылым шегедi. Соңғы көп жылдар бойы таңертеңгiлiкте аз мөлшерлi кiлегейлi қақырық түсетiн жөтел болып тұрған. Науқас оған көңiл аудармаған. Соңғы жылдары жөтелі тұрақталып, күндiз ғана емес, түнде де мазалайтын болды. Қақырық кiлегейлiден iрiңдiге айнала бастады, әсiресе суық маусымдарда күшейетiн болды. Ентiгуі соңғы бір жылда физикалық күш түскенде мазалайды. Объективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, тыныс жиiлiгi минутына 22 рет, салыстырмалы перкуссияда өкпе үстiнде қорап дыбысы, топографиялық перкуссияда Крениг кеңiстiгi кеңiген, төменгi шектерi бiр қабырғаға төмен ығысқан, төменгi шегiнiң экскурсиясы шектелген. Аускультацияда өкпе үстiнде әлсiз везикулалық тыныс, тыныс шығаруының ұзаруы негiзiнде көптеген ысқырықты сырылдар естiлдi. Жүрек тондары тұншыққан, ырғақты, өкпе артериясы үстiнде II тонның акцентi, ж.с.с. минутына 80 рет, АҚ 140/70 мм сын. бағ. Бауырының Курлов бойынша өлшемдері: 11-10-8 см. Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында өкпе суретi әсiресе төменгi бөлiктерiнде күшейген, деформацияланған, өкпе ауалылығы артқан. Қанның жалпы анализiнде: ЭТЖ 8 мм/сағ., лейк. 7,6х109 /л, эрит. 5,5х1012/л. Спирограммада: ӨТС 3,5л, ӨМВ 60%, қарқынды тыныс шығаруы 52%. ЭКГ-де: оң қарынша гипертрофиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет