Жүрек аускультациясы жүрек бөліктері қимылдарынан пайда болатын дыбыстарды анықтауға негізделген
Жүрек аускультациясы аускультацияның жалпы ережелеріне сәйкес орындалады. Бірақ жүректі тыңдаудың өзіндік ерекшеліктері бар, мысалы:
Жүрек аускультациясы:
Пациенттің әртүрлі қалыпында (шалқасынан, қырынан жатқан, отырған кезде) жүктемеге дейін және жүктемеден соң орындалады, себебі жүрек дыбыстарының естілуі әртүрлі:
Жүрек қақпақшалары дыбыстарының ең жақсы естілетін жерлері (дыбыстардың тарау бағытына байланысты) :
Қосжармалы қақпақша – жүрек ұшында – 1-і тыңдау нүктесі: сол қарыншаның систоладағы тығыздалған бұлшық еті
бойымен дыбыстар жақсы тарайды
Қолқа қақпақшалары – 2 тыңдау нүктесі – 2-і қабырға аралығында төстің оң қырында: қолқа қақпақшалары дыбыстары айдалған қан ағымы бағытымен жақсы тарайды