Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы


Бисенбі Губашевтың Иманғалиұлы ауылымыздың өркендеуі мен жаңаруына қосқан үлесі



бет5/6
Дата25.01.2023
өлшемі50,41 Kb.
#166405
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жоба (4) (3)

1.3 Бисенбі Губашевтың Иманғалиұлы ауылымыздың өркендеуі мен жаңаруына қосқан үлесі
Ауыл - қазақтың алтын бесігі, табанын тірер тіреніші, арқасын сүйер сүйеніші. Сол ауылдың қалыптасып өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан, өз ізденістері мен еңбектерін арнаған асыл азаматтардың өнегелі де өрелі істерін, атқарған жұмыстарын ауылдастары әрқашанда айта жүреді, мақтаныш етеді. Нарын елі кір жуып, кіндік кескен жер ғой. Сондықтан болар қашанда осы елде болып жатқан ұлағатты істерге, жағымды жаңалықтарға құлағымызды түре жүреміз. Бұл ауылдың тарихында да есімдері ерекше аталатын, еліне адал қызмет еткен, арттарына өшпес өнеге қалдырған азаматтар болған.
Көптің көз алдында, өз еңбегімен, білім-білігімен абырой биігіне өрлеген азаматтардың есімдері үнемі халықтың жадында жүреді. «Ақырын жүріп, анық басып» өмірге өз соқпағын салған Б.Губашев осындай жандардың қатарынан табылады.
Ауыл басқарғандағы ең басты ұстанымының бірі – тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту, халыққа рухани қызмет көрсету арқылы жас - тарды отан сүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу болды.
Б.Губашев ауылымыздың өркендеуі мен жаңаруына біраз үлес қосты. Оған дәлел 1963 жылы сол кездегі ҚССР-нің бірінші хатшы Юсуповқа жазған хабарламасысы Б.И.Губашевтан
Институтты бітірген кейін 8 жыл бойы Пятимар ауылының асыл тұқымды сохвозының бас зоотехник болып жұмыс істедім. 1962 жылдың қыркүйек айында облыстық партия комитеті мен Қазақстан ОК-мен Орал облысының Казталовка өндірістік басқармасының Құрманғазы атындағы екі шағын қуатты атртта қараған сохвоз, қой сохвохының, базасында жаңадан ұйымдастырылған диреторға жолдадым. Сохвозда 44000 бас қой, 6500 бас ірі қара, 3200 бас ломада және 600 бас түйе.
1963 жылы Біздің алдымызда мемлекетке 11000 центнерлік ет, 3500 центнер сүт және 1100 центнер жүн тапсыру үлкен міндеті тұр, совхоз ұжымы барлық қиындықтарды еңсере отырып, өнімді мемлекетке тапсыру жоспарын орындау үшін өз жұмысын ұйымдастырады.[22, c. 230-232].
Сохвозда барлық мал өсірушілер ғана емес, барлық мал шаруашылығымен айналысатындар ауыл адамдары үй-жайларымен қамтамасыз етіп отырғанын баяндағым келеді.
Мал шаруашылығымен айналысатын көпшілік адам төмен жағдайда тұрады, тұрғын жай-күйлер қираған және малдың бір бөлігі ашық тыныштықта ұйықтауға мәжбүр. Сонымен қатар, кем дегенде бейімделген үй-жайларды салу үшін ағаш, материалдар жетіспейді.
1963 жылға арналған облыстық ұйым тұрғын үй және мал щаруашылығы көмектерін салуға көп қаражат бөлінді, бірақ ол құрылыс материалдарымен түгелдей қамтамасыз етілмейді.
Сондықтанда мен барлық ұжым атынан сіздерден сұрарым, Республика қорынан мал шаруашылығы үй-жайларын салу үшін 3000 шаршы метр тұрғын үйге және 2500-3000 текше метр ағаш материалдарына арналған үйлердің бөлшектерін әкетуге бөлу. Үйлер мен құрылыс материалдарын сатып алуға қаражаты бар. 1963 жылы 20 наурызда жолданған екен, міне осы докладттан кейін ауылымызда алғаш рет шатырлы үйлер, еңбеккерлер үшін мәдениет үйі, орталық саябақтар т.б. нысандар салынған.
Айта кетейік, ауылымыздың көне көз қарияларының, қызының айтуынша қазіргідей ол кезде де мерейлі күнге орай жер - жерде жаңа нысандарды іске қосу - бұлжымас дәстүр болған. Ұлы Жеңістің 35 жылдығына арнап бастаған ескерткішті 1981 жылы Қазан төңкерісінің 75 жылдығына боздақтарға арналған ескерткіш тақта құрылып, тақтаға әскерге шақырылып, соғыстан оралмағандар және майданнан аман - есен оралып елге келгеннен кейін қайтыс болған ардагерлердің аты - жөні енгізілді. Мәліметтер «Боздақтар» кітабынан 6 томынан ауылдық қорғаныс істер жөніндегі бөлімнен, Ресей Федерациясы Қорғаныс министірлігінің орталық архивінен алынғандығын айтқандығын естіген аталарымыз болған. Осы жұмыстарды Бисенбі атамыз жалғыз өзі ойлап тапқан. Азалы ана кейпіндегі мүсінде өзінің анасының бейнесі сомдалған деген пікір бар. Ол ескерткішті салу барысында, алғаш үйінің бір бөлмесінде ескеткіштің макетін жасаған, және арнайы Мәскеуден скульптор шақыртқаны, т.б. ұйымдастыру жұмыстары бір бөлек тақырып.
1991 жылы ауылымыздың 60 жылдығына орталықтан музей үйін тұрғызуға атсалысқан.
2004 жылы сол кездегі мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі М.Сатқановтың бастауымен өмірінің соңында өзіне арнап салған үйі тұрған көшеге Губашев есімі берілді. 2017 жыл ауылдық әкімшілік ғимаратына ескерткіш тақтасы қойылды.
Ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлесін қосқан, 10 жыл өмірін туған ауылының өркендеуіне арнаған білімді де, білікті азаматтың есімін тарихта қалдыру - біздің парызымыз.
әлеуметтік мәселелер назардан тыс қалмай, ауылдың санитарлық тазалығына, эстетикалық келбетіне баса назар аударылды. Шыңқожада сонау келмеске кеткен кеңес кезеңінен шешімін тапппай келе жатқан проблема - ауызсу мәселесі болатын. Ауданда алғашқылардың бірі болып ауылға жаңадан су жүйесі тартылды. Ауыл тазалығы қолға алынып, көшелер күл-қоқыстан, бұзылған құрылыс үйінділерінен тазартылып, ретке келтірілді. Көше жолдары жөнделіп, электр шамдары орнатылды. Ауыл тұрғындарына қызмет көрсететін мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өткізіліп, ауылдың ажарын келтіруде. Тойхана, мешіт салынды, сауда дүкендері пайдалануға берілді. Әрине бұл жұмыстар өздігінен жасалмайды. Бірін салуға бюджеттен қаржы алу жолдарын іздестіру керек, бірін салуға инвесторларды тарту керек, біреуіне демеушілік қаржы керек. Ең бастысы ауыл әкімі жұмыстарға ұйтқы болып, ұйымдастырып, басы - қасында жүруі керек.
Ел азаматы қуаныш пен қайғыда қатар сыналады. Мен білетін Әлібек қарапайым халықпен етене араласып, бірде ауылдасының қуанышын бөлісіп жатса , бірде қиыншылығын бірге көтеріп, қол ұшын созып, көмектесіп жатады. Ауылдағы болсын , ауданда өтетін қоғамдық , әлеуметтік, мәдени шаралардың ешбірінен қалыс қалмай бел ортасында жүріп, ауылдастарына рухани қолдау көрсетіп жүргеніне талай куә болдым. Елдің, ауылдың мүддесін қорғау, өзінің ойын ашық жеткізу, ауыл проблемасын көтеру өзіндік ұстанымы бар азаматты ұдайы тынымсыз істерге жетелейді. Өндірістен қол үзбей оқи жүріп , өз мамандығы бойынша жоғарғы білім алды. «Елің сені ескерсе, еңбегіңнің жанғаны»,- демекші еңбегі ескеріліп «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне – 20 жыл » медалымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
Зайыбы Әсем Әбиқызы – зейнеткер, ұзақ жылдар ауылдық кеңестің ,ауыл әкімінің хатшысы қызметтерін абыроймен орындап ,ел құрметіне бөленді. Екеуі ұлдарын ұяға , қыздарын қияға қондырған өнегелі отбасы. Балаларының бәрі жоғары білім алған, әр салада қызмет етеді.
Шота-Аман Уалихановтың өзіме ұнайтын мынандай өлең жолдары бар еді:
«Құйындатып, селдетіп, нөсерлетіп
Күнім өтіп барады, күнім өтіп.
Етегіне бөгелмей арман таудың,
Шың басына шіркін-ай қалсам жетіп».
Алда асатын асқар асулар бар, шығатын шыңдар бар. Өмірде нардың жүгін көтерген Бисенбі атамыз жайма-шуақ жаны бар, таза сақталған ары бар, ұлтын сүйген қызу қаны бар азамат. Істеген ісінде, күнделікті қарекетінде адамгершіліктің ізі жататын оның айқара ашқан құшағынан үнемі бауырмалдықтың, жылылықтың лебі есіп тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет