Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет1/6
Дата25.01.2023
өлшемі50,41 Kb.
#166405
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жоба (4) (3)




КІРІСПЕ


Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысының объектісі болып табылатын саналы ғұмырын еліне қызмет етуге арнаған Губашев Бисенбі Иманғалиұлының қоғамдық - саяси қызметі, еңбек жолы жан-жақты зерттеледі. Оның Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының дамуына қосқан рөлі мен ықпалы, қызметі баяндалады.
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі өткен тарихымыздағы тарихи тұлғаларға шолудан зерттеуде тың серпілістер әкелді. Келешек жас ұрпақты Отан сүюге баулып, тәрбиелеуде өз туған жерінің, өлкесінің тарихын зерттеп, білуге, оны құрметтеуге үйретудің ерекше маңызы бар, себебі біртұтас қазақ тарихын игеру ең әуелі туған өлкесін танудан басталады. Туған өлкемізде бабаларымыздың бастан кешкен тыныс тіршілігін танып-білуде, өткенін және оның танымал тұлғаларын құрметтеуде, тарихы мен мәдениетін, өркениетін насихаттауда, жергілікті жердің туризімін дамытуда өлкенің тарихи-мәдени ескерткіштерінің сипатын, маңызын зерттеп-тану өте маңызды. Біздің бұл ойымызды мемлекеттік деңгейде «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасы», «Мәдени мұра» бағдарламасы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры», «Туған жер» атты мақалалық-бағдарламалардың мақсат-міндеттерінің жүзеге асып жатуы делел бола алады .
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының тарихының дамуына сүбелі үлесін қосқан Губашев Бисенбі Иманғалиұлының өнегелі ғұмыр, жолын саралау, еліне сіңірген адал еңбегін жан-жақты зерттеу, қажеттілігі өзекті деп есептейміз. Өлкенің дамуына өз үлесін қосқан Бисенбі Губашевтің өміріне қоғамдық - саяси қызметіне жан-жақты зерттей отырып, тұлға ретінде сомдадық.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеу объектісіне айналып отырған мәселеге қатысты ғылыми еңбектерге келер болсақ, ең алдымен Батыс Қазақстан облысының еңбек жолын темір ұстасынан бастап кейін өзінің табандылығы мен ізденімпаздығы, білімге деген құштарлығы үлкен жетістіктерге жеткен Бисенбі Губашев атамыздың өмір жолы - бүгінгі ұрпақтың көп айтатын сөздерінің бірі көшбасшылықтың жарқын дәлелі.
Бисенбі Иманғалиұлын елге қызмет көрсетудің, туып өскен жеріне деген құрметтің символы десе де болады. Қазақ халқы елі үшін өмір сүрген, оның болашағына қалтықсыз сенген азаматтардан кенде емес қой. Солардың бірі өр рухты, қарапайым еңбек адамынан республикаға, одаққа танымал болып өзінен кейінгі ұрпаққа өнегелі із қалдырған Бисенбі Губашев атамыз туралы айтуға да, жазуға да болады. Атамыздың жүріп өткен дара жолдары кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге екендігі сөзсіз.
Зерттеу объектісіне айналып отырған тұлғаға қатысты мәліметтерді аудандық мұражай қорыннан және Пятимар жалпы білім беретін мектебінің мұражайынан алынды.[1].
Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы тарихи тұлғалары бойынша өздерінің жаңаша ой-пікірлерін оқырмандарға ұсынаған Сисегғалиев З.Т. Жанболатов Т.С ``Жасампаз жылдар жаңғырығы`` еңбегін зерттеп, саралау арқылы жазылды [2].
Нұрғалиев Ә.Б ``Жаңақала - ақиық алыптар мен жайсаң жандардың мекені`` атты еңбегінен құнды мәліметтер алынды. [3].
Жобаны жазу барысында ауылымыздың Бисенбі атамыздың замандасы Сабырғазы Нұрхатов, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, еңбек ардагері, Жаңақала ауданы Пятимар ауылының тұрғынымен, сұхбаттасудан алынған мәліметтер кеңінен қолданылады [4].
Жаңақала ауданы бойынша тарихи тұлғаларды дәрәптеу мақсатында 2003 жылы жарық көрген Қадіров Б.Қ ``Жетелейді биік шыңға армандар``[6] және Закария Сисенғали, Талғат Жанболатов Жаралы жылдар жаңғырығы еңбектерінен мәліметтер қолданылды [7].


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет