Оқушылардың бойында азаматтық құндылықтарын қалыптастыруда және салауатты өмір салтын насихаттауда сынып жетекшінің ролі.
11а сыныбы.
Сынып жетекшісі Жумагулова Г.Т.
Сынып жетекшісі – ол кім? Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мектеп оқушыларының бойында адамгершілік және салауаттылық тұрмыс негіздерін қалыптастыруға, азаматтықты тәрбиелеуге, шығармашылық қабілетін дамытуға жұмылдырады. Осы міндеттерді шешудің жауапкершілігі, мектеп оқушыларының тәрбие ісін бағыттауы және ұйымдастыруы сынып жетекшісіне жүктеледі. ,.
Сынып жетекшісі
Сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп өткізетін педагог
Негізгі мақсаты
әр оқушыны дамыту
оның ерекшеліктерін сақтау
оның потенциалды қабілеттерін ашу
интелектісінің дұрыс дамып, жетілуіне жағдай жасау
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көз қарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.
Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті парасатты, ар ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің ірге тасын қалайтын негізгі қағидалар мыналар:
тәрбиенің мазмұны,
оны жүзеге асыратын әдіс-тәсілдердің негізі- адамгершілік,
имандылық,
ізгілік, елжандылық
11а сыныбы бойынша тәрбиенің барлық бағыттары бойынша жоспарлары құрылып, бекітілген. Іс-шаралар жоспарға сәйкес жүргізіледі. Тәрбие жоспарлары тәрбиенің негізгі 5 бағыты бойынша жасалып бекітілген, сынып сағаттары жоспар бойынша жүргізіліп келеді.
Жалпы құқықтық білім беру бағдарламасы бойынша
жоспар құрылған
Олар:
. Оқушылар үшін айына 2 рет
- Ата –аналар үшін тоқсанына 1 рет
Оқушылардың құқықтық санасын қалыптастырып, дамытуда сыныптан тыс құқықтық тәрбие берудің маңызы ерекше. Құқықтық тәрбие беруде жүргізілетін шаралар оқушылардың ҚР заңдары туралы білімдерін кеңейтуге және тереңдетуге, олардың құқықтық санасын қалыптастыруға, өз міндеттерін дұрыс қарауына, заңдарды сақтауға бағытталған. Осы мақсата мынадай тақырыптарда тәрбие сағаттары өткізілді.атап айтсақ:
«Заң бұзушылық және жаза» «Сенің міндетін» «Біз және заң» т.б.
Ата-аналар жиналысында:
Ата-аналардың міндеттері көрсетілген заң баптары мен ата-аналарды таныстырып, өз балаларының кешкі уақытта қайда жүретінін бақылап, балаларының тәрбиесіне қатаң қарау туралы кеңес өткізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |