1.2 Бисенбі Губашев Иманғалиұлы өз заманының көшбасшысы, өнегелі ғұмырындағы жетістіктері Маршаль Буденный Пятимарға өзі келіп, майданға жылқы малын көбейту мақсатында Алғайға пойызбен 500-ден астам жылқы тиеткен. Сол кезде жылқышылар Дошман Тәжиев, Қоңырша Өтеғұлов, Нұрхат Байтақов, Пашут Қанатбаев боранда, қара жаңбырға қарамай жылқыны шығынсыз бағып, қажырлықпен еңбек еткен.
Өздерінің ерен еңбегінің арқасында ел құрметіне ие болған Ағиба Қалаулиева, Ақжүніс Есенғалиева, Мейіз Жұмағалиева, Шақу Иманғалиева, Асима Галиасқарова, Зибаш Ибрашева, Қатима Батырова сияқты аналарымыздың еңбектері бір төбе. Қайман Габдуллин майдандағы ерлігі үшін «Даңқ» орденімен, бірнеше жауынгерлік медальдармен наградталған.
1949 жылы жаздың жайма шуақ күнінде Кеңес одағының маршалы Семен Михайлович Буденный келген еді. Сол келуінде Семен Буденный ауыл тұрғындарына жасыл желек ағаш отырғызуға тапсырма беріп, «үш жылдан кейін келемін» деп кетеді. Өкінішке орай содан кейін келмеген. Содан ауыл аймағына су жүретін бал жүргізіп, терек егілген. Айта кетсем, С.М.Буденный келуіне байланысты мектепке С.М.Буденный орта мектебі аты беріліп, С.М.Буденный жылқы заводы деп аталған. Соғыстан кейін еңбек еткен азаматтар Дабыс, Дошман, Әнес, Ғұбаш, Ихсан, Қоштай, Нұрғат, З.М.Маркик, И.Попов, Шевелев, А.Селкин, Т.Еркеғұлов, И.Ізтілеуов, Т.Оспанов, Қ.Досмағамбетовтердің. [17, 122 б.].
Атамыз, Саратовтағы оқуын аяқтап 1955-1962 жылдар аралығында Пятимар ауылында, ол кезде Советтер Одағының маршалы Семен Михайлович Буденный жылқы зауытына бас зоотехник жұмысына орналасады.
Ауыл шаруашылығының білгір маманы, соның ішінде әйгілі «Көшім» жылқысының авторларының бірі, білікті басшы, ауылымыздың өркендеп өсуіне бір кісідей еңбек сіңірген Бисенбі Губашев туралы бүгінгі ұрпақ білмейді. Өйткені ол кісімен жұмыстас болған, өзін көрген адамдардың қатары сиреді. Бір сөзбен айтқанда ауылымыздың дамуына өзіндік үлесін қосқан атамыздың атын ауыл тарихында қалдыру біздің парызымыз.
Б.Губашев ауылымызды 1972-1982 жылдары совхоз директоры болған. 1938 жылдан біздің жерде Пятимар ауылында, жылқы өсіруге үлкен мән берілгенекен. 1934-1945 жылдар аралығында «Дон», «Буденный» тұқымдас жылқылар шет елдерден әкелініп жергілікті жердің жылқылары асылдандырыла басталған екен. Көп жылғы зор еңбектің нәтижесінде, 1976 жылы бұрын соңды болмаған етті әрі сүтті «Көшім» жылқысысының тұқымы алынып, бекітілген екен. Осы тұқымның авторларының бірі ретінде Б.Губашевқа ҚСРО ауыл шаруашылығы министрі авторлық куәлік тапсырылып, Қазақ СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
1963 жылы Пятимар заводынан екінші рет «Красного» қазіргі Қызылоба жылқы зауыты бөлініп шықты. Зауыт тарихында өздерінің қажырлы еңбегімен отанымыздың жоғарғы орден медальдарын алған жолдастар: «Ленин» орденін алған шопан Хамит Хажиденов, «Октябрь» революциясы орденін Жаудыр Сексенбаев, «Еңбек қызыл ту» орденімен А.С.Борисов, К.Төреғалиев марапатталаған. Әртүрлі медальдармен наградталған еңбек адамдары Әли Қанатов, Ұрхия Мұхамбетжанова, Дәуеш Кенжеғалиевтер еді.
Атамыздың аз белестерді бағындырмапты алдымен алғаш еңбек жолын темір ұстасынан бастап, 1955-1962 жылдар аралығында бала кезден қызығушықпен өткен Пятимар ауылында, ол кезде Советтер Одағының маршалы Семен Михайлович Буденныйдың жылқы зауытына бас зоотехник жұмысына орналасады.
Өмір жолында 1962-1966 жылдары Казталовка ауданы Құрманғазы совзозына ауыл директор болды. Сонымен қатар еңбегінің жемісі нәтижесәнде, 1966-1969 жылдары Казталовка ауданы Халық депуттатары Кеңесінің төрағасы болып сайланды екен.
1969 жылдан бастап еңбек жолында Қазақ ССР министрлері бұрынғы Орал облыстық мал дайындау тресінің директоры болып жұмыс жасады. Ол жерде директор болып 1972 жылға дейін жұмыс атқарған.
1972 жылы туған өлкесі Пятимар ауылына келіп осы ауылдың совхозының директоры 10 жыл қызмет атқарған.
1982-1983 жылдарда Камен аудандық Халық депутаттары кеңесінің төрағасының орынбасары болды.
1983 жылдары Камен ауданынан Орда ауданының Темир Масин совхозының директоры болды орналасқан онда 1987 жылдарға дейін жұмыс атқарған.
1987 жылы еңбек жолын осы совхоздан Қазақстан Республикалық дәрежесіндегі мәні бар зейнеткер болып құрметті демалысқа шықты.
Зейнетке шыққаннан кейін 1990 жылы туған ауылы Пятимарға келген.
Еңбегінің жемісі нәтижесінде 1966 жылы Кезінде Ресейдің Қызыл Ту ордені орнатылды Ресейдегі Азамат соғысы Жарлығымен Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті 16 қыркүйек 1918ж. Бірінші алушы болды Василий Блюхерм 1918 жылы 28 қыркүйекте.Екінші алушы болды Иона Якир. [18, c. 230-232].
Азамат соғысы кезінде Кеңес Одағының коммунистік үкіметтері құрған және басқа да бірнеше құрушы және конституциялық емес республикалар белгілеген ордендер мен әшекейлер болды. 1924 жылдың 1 тамызындағы жарлығы Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті лайықты кадрлар үшін бүкілодақтық Қызыл Ту орденін тағайындады Қызыл Армия.
Әскери емес басқа марапаттарда да өз атауларында «Қызыл Ту ордені» тіркесі қолданылған; мысалы, Еңбек Қызыл Ту ордені ғылыми, әскери (техникалық немесе логистикалық), өндірістік немесе ауылшаруашылық жетістіктері үшін ұсынылды.
1918 жылдан бастап 30-шы жылдардың аяғына дейін кеңестік ұжымдық нұсқа да болды - Революциялық Қызыл Құрмет. Бұл айрықша марапатталған ерекше әскери түс түрінде болды Қызыл Армия, Кеңес әуе күштері, және Кеңес Әскери теңіз күштері бірлік. Ол 1918 жылы 3 тамызда, бір ай және бірнеше апта бұрын құрылған, Қызыл Ту орденінен бұрынырақ болған. Энциклопедия Еңбек Қызыл Ту орденімен, В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына байланысты мерей той медальімен және еңбектегі жетістіктері үшін Ұлы Отан соғысы кезіндегі тылдағы еңбектері үшін медальмен. 1958,1980,1981 Бүкіл Одақтың ауылшаруашылық көрмесінде қола және екі дүркін күміс медальдарымен наградталған.
Азамат соғысы кезінде Кеңес Одағының коммунистік үкіметтері құрған және басқа да бірнеше құрушы және конституциялық емес республикалар белгілеген ордендер мен әшекейлер болды. 1924 жылдың 1 тамызындағы жарлығы Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті лайықты кадрлар үшін бүкілодақтық Қызыл Ту орденін тағайындады Қызыл Армия.
Әскери емес басқа марапаттарда да өз атауларында «Қызыл Ту ордені» тіркесі қолданылған; мысалы, Еңбек Қызыл Ту ордені ғылыми, әскери (техникалық немесе логистикалық), өндірістік немесе ауылшаруашылық жетістіктері үшін ұсынылды.
1918 жылдан бастап 30-шы жылдардың аяғына дейін кеңестік ұжымдық нұсқа да болды - Революциялық Қызыл Құрмет. Бұл айрықша марапатталған ерекше әскери түс түрінде болды Қызыл Армия, Кеңес әуе күштері, және Кеңес Әскери теңіз күштері бірлік. Ол 1918 жылы 3 тамызда, бір ай және бірнеше апта бұрын құрылған, Қызыл Ту орденінен бұрынырақ болған. Энциклопедия Еңбек Қызыл Ту орденімен, В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына байланысты мерей той медальімен және еңбектегі жетістіктері үшін Ұлы Отан соғысы кезіндегі тылдағы еңбектері үшін медальмен. 1958,1980,1981 Бүкіл Одақтың ауылшаруашылық көрмесінде қола және екі дүркін күміс медальдарымен наградталған.
Жемісті еңбегінің нәтижесінде 1980 жылы Қазақ ССР-ы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болды.
Бұл жоғары атақты жергілікті «Көшім» жылқысының авторлық қызметі үшін берілген және бірнеше рет Қазақ ССР-нің, Совет пен Үкімет партия ұйымдарының Құрмет грамоталарына ие болған.
1958 жылы СОКП қатарына өтеді.
Өзінің ерен еңбегімен, іздемпаздығымен, партия мүшесінің қатарында өзін алдыңғы қатарда көрсете білді. Оның айғағы Жалпақтал, Пятимар өңірінің сол кездегі коммунистері атынан Отанымыздың астанасы Москва қаласына КПСС-тің XXII-сьезіне делегет болып сайлануы және Қазақстан Компартиясы Орталық комитетіне мүше болып сайлануы [17, 122 б.].
XXIII, XIX Орал обдыстық партия комитетінің делегаты болып сайланды және өзі қызмет атқарған Казталовка, Жалпақтал, Жаңақала,Каменка, Орда аудандарында коммунистерінің сеніміне ие болып, бірнеше рет партия конференцияларына делегат болып сайланды.
Сонымен қатар атамыздың бала кезден бері спортқа әуес болғандығын, оған өте жақын болғандығын, өмірінде тек біздің дамып, көркейіп келе жатырған ауылымыздың, кейінгі ұрпақ әрине біңдің болашағымызды ойлаған ірі тұлға екендігіне көзіміз анық жеткен.
Атамыздың балалық шақтан арманы спортшы болуды армандағаны, жеке дайындығы, жетістіктері, спортшы болғандығы жөніндегі суреттері мен марапаттары тіпті таңқаларлық дәлел. Әртүрлі турнирлерде бой көрсетіп ауылымыз, аудандық, облстық жарыстардан жүгіруден, штанг көтеруден, биіктікке, ұзындыққа секіруден, оқ атудан, алысқа лақтырудан инситуттың, облыстың №1 чемпионы болған. [19, c. 230-232].
Сонымен қатар, атамыз ауыл арасында әуесқой фотогроф ауылымызға, ауданымызға келген атақты тұлғалармен фото суреттері естелік ретінде сақталған, чемпион спортшы, әртүрлі бұйым, заттардан коллекционер, жазуға да сызуға да өте шебер болған. Кітапқұмарлығы, балалық шақтан әртүрлі кітаптар мен жеке кітапханасы туралы өзін көрген достары, қызы ауыз толтырып, ерекше толғаныспен, таңқалыспен әңгімелейді.
Атамыздың өмір деректерімен, қызығушылықтарымен танысқан сайын оның санқырлылығына тәнті бола бастағанымыз хақ. Айтып өткеніміздей атамыз жаңашылдық құмар, ізденімпаз. Білімге құштар болған өзін-өзі жетілдіріп отырған «Білім» қоғамының мүшесі болған, өз өмірінің әрбір сәтін күнделікке жазып отырған. Мысалы жазбаларында атамыздың Д.Қонаевпен кездескені туралы, басқада жазбаларында Москвада сьезде болғанын қағаз бетіне түсірген екен. Өзін білім жағынан жетілдіріп отырған жеке күнделіктері бар.
Атамыздың ауылымыздың тарихын кеңейту мақсатында, советтер одағының бірінші хатшысы Н.С.Хрущевтың баяндамасына енуі бізге мақтаныш сезімін сыйлайды. Онда:
H. С. Хрущев жолдас Қазақстанның ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің Целиноградтары кеңесінде: «…Батыс Қазақстан облысындағы «Пятимар» совхозының директоры А. С. Борисовтың сөзі де назар аударарлық. Бұл шаруашылық 1953 жылға дейін асыл тұқымды жылқы өсіруге бейімделіп келген еді және шынында, мемлекетке ешқандай өнім бермейтін. Ал, одан бергі жылдарда совхоз жағдайын шебер пайдалана отырып, қой шаруашылығын өркендетуде. Совхоз отарларында 71 мың қой бар. Лихобаба мен Борисов жолдастардың қой шаруашылығы жөніндегі күш-жігерін құттықтаған жөн» деген еді.
Бұл қуанышқа «Пятимар» совхозынын бас зоотехнигі Бисембі Губашев те ортақ. Ол еңбек жолын шөп шауып, мал бағудан бастады да, ұзамай оқуға кетіп туған ауылына зоотехник болып оралды. Жас маман совхоздың қылшық жүнді қойын асылдандыруға көп күш жұмсады. Бұл жұмыс өз нәтижесін берді де. Озаттар тәжірибесін кең қолдану нәтижесінде табыс еселей берді. Севхоз табысты шаруашылыққа айналды. Еңбегімен елге танылған, халық қалаулысы Губашев Бисембі ҚПСС тарихи ХXII съезіне делегат болып қатысты делінген екен.[20, c. 230-232].
Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары совхоз директоры Б. Губашев.
«Пятимар» совхозы 1931 жылы № 51 жылқы заводы атанып желден жүйрік жануарларды өсіре бастады. Осы жерде қазақы бие, дон мен буденный, орыс пен ағылшын жылқылары будандастырылып, міністі, жүрісті, етті, сүтті әрі көнбісе жылқының жаңа тұқымы шықты. Ол жер атына сай Көшім жылқысы деп аталды. 1976 жылы СССР Ауыл шаруашылығы министрлігінің шешімі бойынша ол жылқының жаңа тұқымы деп танылды. Қөшім жылқысы тұқымын шығарған бір топ авторларға, соның ішінде «Пятимар» совхозының директоры Бисенбі Губашевқа 1980 жылы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді. Бисенбі осы «Пятимар» совхозында еңбек жолын он жеті жасында делбе үстаудан бастаған, Содан кейін көрікші, балташы, есепші де болды. Кейін Орал ауыл шаруашылығы техникумын, Саратов малдәрігерлік институтын бітірді. Алғашында осы жылқы заводында бас зоотехник, содан кейін директор болды. 1955 жылдан бері жылқының жаңа тұқымын шығару жөніндегі ғылымн жұмысқа араласты. Совхоз жыл сайын отыздан астам асыл түқымды жылқы сатады. Оның әрқайсысы ке- мінде бір жарым мың сом түрады. Көшім тұқымлы жылқы қазір отыз мыңнан асып, Орал, Ақтөбе облыстарының бірқатар шаруа- шылықтарында өсіріледі. Бәрі де осы совхоздан тараған делінген екен [18, 122 б.].
1969 жылдың 7 июніндегі номер. 103 "Пятимар" совхозының директоры Андрей Степанович Борисовты пенсияға шығарып салу туралы бірер сөз. Әуелі совхоздың комиссиясы құрылып, пенсияға шығарып салудың жоспары жасалды. Шақырылатын адамдар мәдениет үйі - 400 орындық соған есептеу керек. Сосын, көп жылдық еңбегі есептеліп ол кісіге "Москвич" автомашинасын беру ұйғарылып, ол Уральскімен келісілгенді. Алып келуге Өксікбаев Зинолла директордың орынбасары кеткен. Бұны естігеннен кейін аудан- нан Кенжеақаң К.Мендалиев звондап, сендердің ко- миссияларыңның жұмысы тоқталады. Біз аудандық комиссия құрдық деді. Ол комиссия барлық 12 совхозға жеке сыйлықтар мен келесіңдер, әр совхоздан тек директор және партияком хатшысы қатынасады, біреуің сөйлейсіңдер деген. Обалы не керек, Кенжеақаң, Салық Есентаевич, Оразай Габдушев бастап ауданның басшылары келген. Мәдениет бөлімнің концерттік программасы түгел әкелінген. Кеш жақсы өтті. Менің айтайын деп тұрғаным, ол кісінің дүние мүлікке қызықбайтынының тағы бір көрінісі. Жаңағы еңбек демалысына шығарып салу рәсімі біткеннен біршама кейін, біздің үйге түнде Андрей Степанович телефон соғып, біраз сөйлескенен кейін "Бекентай Кисметович! Балалардың жазғы каникулда екенін білемін, бірақ реті солай болып тұр, ертең таңертеңгі сағат 10-ға қызыл галстуктес достарыммен кездесуге жағдай жасайсыз ба, және жеке өзіңіз?- деді. Мен "Что за официалность ну если Вы так желаете обязательно, собераем " - дедім.
Ертеңіне таңертең, ауылдағы бар оқытушыларды мектепке шақырып алып, үй-үйден пионерлерді, мектеп оқушыларын жинадық. Ол кісінің өзі келіп, сағат 9-да мерейтойға алған сыйлықтарының бірін "Гагарин" атындағы пионерлер дружинасына ескерткіш етіп тапсырғысы келетінін айтты. Айтылған мерзімге мектептің II-ші қабатының коридорына біраз оқушыларды жинадық, Дружина Советінің председателі Бекетова рапорт беріп, болған соң, әрі қарай Андрей Степанович жөнінде өте жақсы сөйлеп шықты. Тағы да екі үш адам сөйлеген соң, Андрей Степанович: "Дорогие мои друзья по красному галстуку", - деп бастап, біраз жүйкеңді қоздыра- тын асыл сөздер айтты. Соңынан бірнеше лентасымен бір үлкен магнитафонды оқушыларға сыйлады. Пионерлер Андрей Степановичке альбом мен ескерткіш қызыл галстук тақты. Осылардың барлығының сөздері мектептің магнитафонына жаздыртып алынған. Ал соңынан көшіріп жаздыруға таба алмадық. Бұдан бұрын Андрей Степанович сыйлықтарын трактор бригадаларына фермаларға және кейбір өзі қатарлас қарияларға берді дегенді естігенмін. Қандай коллектив болмасын жікке бөлінсе, ол коллектив бақытсыз.
Оны мен қандай дәрежеде болсын, тек басқарушыдан көремін. Ал, енді, ондай тобырлар кейінгі жастарды тәрбиелейтін мектеп коллективінде болса, онда ол - екі есе Бақытсыз. Бір-бірімен арпалысып, есеп айрысып жүрген ұстаздар оқушыларға не тәрбие бермек. Сондықтан да мен жік-жік түгелі, ұлтқа бөлінуді білмеген, еден сыпырушысы мен директорына дейін тең дәрежелі, бірі-бірімен сыйласудан жалықпаған, Пятимар орта мектебінің көп ұлтты, шын мәніндегі интернационал сол кездегі колективінің әр мүшесін сағынышпен еске алам. Олардың мына төмендегі аты аталған фамилялардың өздері дәлелдеуге тиіс: Қ.Қисанбаев, К.Гарифуллин, М.В.Звекова, Р.С Гафарова, М.Лұқпанов, С. Батыров, Ж.Айтжанов, Л.Б.Ткач, С.Сарсенов, А.П. Попова, С.Казимов, Л.Я.Сухоставская, Б.Еров, Б.Оспанов, E,Губашев т.б. Осылардың бәрінің дерлік семьяларындағы екінші, үшінші, тіпті төртінші адамдары оқытушылар. Солармен бірге аттары аталмай қалған жұмыстастарым болса, олар кешірер мені, бір мақалада бәрінің бірдей аттарын атауы мүмкінде емес. Дейтүрғанымен, ерлерінен соғыста ерте айрылып, оқтың азабынан жоқтың азабы басымырақ кезде, арды ту қылып үстап бала шағасын жалғыз тәрбиелеген Ақжүніс, Балсекер, тетя Поля Зевакина, Барқош, Қадиша, Үміт апайлардың есімдерін ерекше қүрметпен атағым келеді. Бір жағадан бас бір жеңнен қол шығарып қоян қолтық жүмыс жасасқан совхоздың қоғамдық үйым басшылары, бас мамандар, және ферма меңгерушілері: О.Габдушев, Қ.Ізтелеуов, Р.Аюпов, Қ.Тастемиров, М.Төлепов, М.Кенжегалиев, Т.Әдиетов, Н.Көпенов, Попов, Икоников, Шевелев, Селькин т.б. жолдастармен дәм - түздас, семья - семья араласында болдық, Пятимар маған осындай, көпшілігі кәзір арамызда жоқ, қатарлары сиреп бара жатқан азаматтармен де ыстық [21, 122 б.].