Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, бір тараудан, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.1 Бисенбі Губашевтың Иманғалиұлының жастық шағы және өмір жолы
«Ежелден ел тілегі – ер тілегі,
Адал ұл ер боп туса – ел тірегі » - деген дара даналығы бар, тарихи тұлғамыздың өмір жолы еңбек жолын темір ұстасынан бастап кейін өзінің табандылығы мен іздемпаздығы, білімге деген құштарлығы үлкен жетісітктерге жеткен Бисенбі Губашев атамыздың өмір жолы бүгінгі ұрпақтың көп айтатын сөздерінің бірі көшбасшылықтың жарқын дәлелі.
Елге қызмет көрсетудің, туып өскен жеріне деген құрметтің символы десе де болады. Қазақ халқы елі үшін өмір сүрген, оның болашағына қалтықсыз сенген азаматтардан кенде емес қой. Солардың бірі өр рухты, қарапайым еңбек адамынан республикаға, одаққа танымал болып өзінен кейінгі ұрпаққа өнегелі із қалдырған Бисенбі Губашев атамыз туралы айтуға да, жазуға да болады. Атамыздың жүріп өткен дара жолдары кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге екендігі сөзсіз.
Зерттеу жұмысымды қысқаша өмірбаянынан бастасам, Губашев Бисенбі Иманғалиұлы 1927 жылы желтоқсан айының 21 жұлдызында Пятимар ауылдық кеңесінде, шаруа жанұясында дүниеге келген. Әкесі Иманғали - қарапайым малшы, түпкі жері Жаңақала, Пятимарға 1926 жылы келіпті. Анасы Асима да жаңақалалық. 1929 жылы Пятимарда "Советский степь" колхозы уйымдастырылып, аке-шешем соған жалғыз сиырын беріп, колхозшы болыпты. Балалық шағы соғысқа тап болған атамыздың, 1942 жылы әкесін соғысқа алыпты, Әкесі надан адам болса да, көлденең жатқан кек жіптен аттамайтын таза, адал жан болса керек. Соғыста санитарлық қызметке алынып, құдай сақтап, 1945 жылдың маусымында елге аман-есен оралған [8, c. 230-232].
Атамыз ол кезде мектепке кешігіп, он жасында барыпты, Пятимар орта мектебінде оқып бітірген.
1925 жылы Көшім өзенінің суын тұрақтандыру бағытында салынған бөгет құрылысы салынды. Бұл құрылыс қоныстың тұрақты мекенге айналуына негіз болды. Осылайша, бөгеттің жанынан түрлі құрылыс жұмыстары жүріп, ғимараттар бой көтеріп, алғашында артельдер, кейін колхоз құрылысы және жылқы зуаыты шаруашылықтарының іргетасы қаланды. Ұлы Отан соғысы жылдарында «№51 Пятимар» жылқы зауыты деген аты алты алашқа мәлім болды. Ауылда негізінен жылқы, қосымша қой және сиыр малдары өсірілді. 1954 жылы құтты мекенге солтүстік Кавказдан биязы жүнді 4 мың саулық пен қошқар әкелінген. Сол жылы «Пятимар қой шаруашылығы кең шары» деген атау берілді. Пятимар ауылы 1931 жылы құрылған, көп жылғы ғалымдармен еңбек адамдарының арқасында Пятимар ауылында 1976 жылы «Көшім жылқысы» тұқымы, жеке тұқым ретінде қабылданған [9, 38-41 б.].
Атамыз еңбек жолын темір ұстасынан бастап 16 жасында қазіргі Талдыапан ауылының Сарықұдық ұжымында темір ұстасы жұмысынан бастаған. Ол жұмыста 1943 -1947 жыл аралығында осы қызметті атқарғын.
Кейін өзінің табандылығы мен іздемпаздығымен 1947 жылы Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы техникумына зоотехниктік бөліміне оқуға түскен. Оны 1950 жылы техникумды қызыл дипломмен бітіріп. Қызықты қараңыз, техникумда атамызбен бірге сырттай оқып, Кенжақан Мендәлиев бітірген. Ол күндегі ересек адамдар, 1921-1922 жылы туған азаматтарда бірге оқыпты. Сессияға келгенде Кенжақан атамызды сырттай бақылап жүреді екен. Ол кезде Оралда дұрыс қонақ үй жоқтың қасы, бары біреу ғана, анау халық "Карев үйі" деп атайтын үлкен қызыл үйдің үшінші қабатында 25 орындық шағын қонақ үйі болған екен. Кенжақан сонда жатады, онда Бисенбі атамыз барып тұрады екен. Ол кезде ағамыз Чапаев ауданының I хатшысы, екенін кейін білген екен, Кенжақаң техникумға сырттай түспей тұрып-ақ тоғыз жыл бойы бірінші хатшы болып келген екен. Сабақта, емтихан тапсырған кездерінде, ол кездерде Кенжақаң атамызды сырттай бақылап жүргенді, жасыратыны жоқ, ол кісілердің шұқшиып оқып жатқанын, емтихандарға олар сияқты сүрініп - қабынып әзірленіп жатқанын көргенді емес екен. Кенжақан кейде атамыздан оны-мұныны сурайды, болмаса дауыстатып оқытып қоятын екен. Ол кезде біз бірінші хатшыларға, директорларға қатты еліктейтін екен. Оқу тоқулары кем болса да, сол кездердегі сол бір жандар төтен адамдар еді ғой.
1950 жылы техникумды тәмамдап бітіріп жатқанда Кенжақан атамызға: "Бисенбі, сен Чапайға жұмысқа кел" депті. Сонда атамыз:
- Біз малшының баласы болдық дедім сөзімнің басында. Әкеміз бес жасымыздан бастап сирағымыздан сүйреп түрғызып, малга жұмсайтын етін. Сен өзің жер қыстау дегеннің не екенін білесің бе, турып көрдің бе? Біз сонда тұрып, содан өсіп шыққанбыз. Әлгі үй ортасынан пешпен бөлінеді. Сиыр туғанда аяқ жағымызда бұзау байлаулы турады Бірде облыстың бұрынғы әкімі Қырымбек Көшербаев: "Аға, жұмыс бабында замечание алып көрдіңіз бе?" деп сұрады. Сонда мен: "Інім, біз жер қыстауда бұзаумен бірге жатып ержеттік. Әке-шешеміз сол бұзаулардың "кіш етіп" қоймауын бізге қатты тапсыратын. Біз түн болса, бүзаудың "кіш етуін" бағып, шы- лапшынды әзірлеп жататынбыз. Тосып алмасаң болмайды. Екі бұзау болса, тіпті қиын, үйдің ішін көлдария жасайды, Сол бұзауларды ұйықтап қалып, шылапшынды тосып үлгермей, әке-шешемнен ал- ған замечанием болмаса, басқа замечание алып көрген жоқпын" дегенімде, Қырымбек інім шек-сілесі қатып күлді. Сол айтқандай, аталарымыздың еңбек жолы бес жастарынан мал бағудан басталған екен ғой.
- Әлгінде айтқандай, Кенжақан тамызға райкомга кел" деді, Ол кезде райкомның не екенін бәлмеппіз дейді, жасыратыны жоқ. Айтқан уақытында келіп кіріп, амандасып. Ағай хатшы әйелге "Қоспаев Хасенді шақыр" деді. Ол үгіт насихат бөлімін басқарады екен. Сол бойда Қоспаевқа: "Мына бала "Первомайға", Мухамбетқали Хайрулиннің қарауына бас зоотехникетіп жібер" деді, Мен айтқанды ғана тындап отырмын, Хайруллинді білмеймін. Хасекең бірінші хатшыдан шыққан бойда, "Первомайға" телефон соқты Хайруллин орнында болмай шықты. Осы арада балалық жасап, іштей ойланып: "мен біреудің қолпаштауымен неге жүремін, өз бетіммен неге жұмыс істемеймін" деп шештім де, Жаңақаладан бір-ақ шықтым. Кенжеқан ренжиді-ау деген ой басыма кіріп те шыққан жоқ, - дейді Қайтесің, жастық қой…
Содан кейін, Мәстексайдың МС - ына аға зоотехник болып орналасқан, мұнда алты шаруашылық қараған екен. Соның Сталин атындағы колхозына, қазіргі "Бірлікке" аға зоотехник болып келген екен, Мұхтар Мейірманов деген Социалистік Еңбек Ері басқарады, Бірінші көруім, үлкен, дүр қара екен. Жайлап отырып, бәрін сұрады. Тіпті руыма, ата-тегіме дейін тәптіштеп сұрапты. Бұл бұйырмысты қойсайшы, күндердің күнінде сол ағамыз кейін менің қарауымда бас зоотехник болып істеді, Ертесіне Мұхтар ағам өзі Мәстексайға әкеліп, жұмысқа отырғызды. Мұнда төрт айдай істеген. Кейін "Новый путь колхозына (қазіргі Айдархан) ауысқан. Миллионер колхоз, сол кезде онда 40 мың қой, төрт мың ірі қара, 1200 жылқы, 500 түйе бар екен. [10, c. 230-232].
Ленин орденді Суханов Дүйсенбай ағамыз басқарады. Шыны керек, Дүйсекеңе ұнадым,- дейді, Айтанын екі-етпеймін, жанып тұрған жас кезің, малшыларды аралап, ат үстінен түспеймін. Қызметімді дөңгелетіп әкеттім. Бір күні облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан бас зоотехник Владимир Алексндрович Толстхуин келіп, Күйек науқанының қызып жатқан кезі. Малшыларда сен десе жандары жоқ, - дейді. Оңаша қалған кезде Толстухин маған: Бисенбі, сен қазір бойдақсың. Білімің болса тек жоғарғы. Алматыда зоотехниктердің бір жыпдық жоғары мектебі бар, Оған тек институт бітіргендерді алады. Мен саған соған жолдама алып берейін. Мындағы еңбек ақың сақталады", - деді, Істегеніме көп болмаса да, Дүйсекең Толстухиннің айтуымен, оқуға жіберді, Қызықты қараңыз, Алматыға оқуға келсем, "жоғары білімің жоқ, стажың да бір жылға толмайды" деп ондағылар мені жолатпайды. Салып отырып, бұрын біздің облыста І хатшы болып істеген Мұнайдар Салинге келдім, Ол кісі Ауыл шаруашылығы министрлігінде кадрлар жөніндегі басқарманы басқарады. Мұнайдар ағамыз әңгімемді тыңдап алды да, "оқуға қабылдансын" деген бұйрық жазып берген, онда бір жылдық білімін шыңдаған.
Сол жылы 1952-1955 Саратовтағы ауылшаруашылық институтында білімін жалғастырады. Әне міне дегенше 1955 жылы оқудыда аяқтап ауылға келген кездері туралы, барлық ауыл көрші - көлем, тума-туыс жиналып бір кішігірім той өткізген болыпты мыс, - дейді. Атамыз оқуын аяқтап, жоғары білімді ғалым - зоотехник дипломын алып, туған жерінде еңбек жолын жалғастырған.
Ол кездерде де, бастан өткізген түрлі қызықтардың көп болғандығын естелік ретінде қызы Риза апай бізге айтып берген болатын .
1925 жылы Көшім Қабыршақты өзенінен Пятимар бөгеті салынып, бөгет айналасында үлкен құрылыс басталды. Сөйтіп, болашақ үлкен шаруашылықтың ірге тасы қаланды. [11, c. 230-232].
1926-1928 жылдары қазіргі совхоз орталығында мектепке арналып қызыл тастан үлкен мұнарасы бар екі қатарлы үй, сол қызыл тастан адамдар үшін жақсы аурухана, кеңсе, малдәрігелік үй, жергілікті материалдардан ондаған мәдени-тұрмыстық қамту үйлері салынған.
1931 жылы бұл жерде орталығы "Бесқалмақ" болып, , C.М. Буденный атыңдағы жылқы зауыты құрылғанды. Атамыз оқуды тамамдап келген кезде, оның алғашқы басқарушылары болып Сатиев Таумен, Теңелбаев Ғұбаш, Жукин Дүйсенғали, Жұбанышев Қадыр, Борисов Андрей Степанович жолдастар істеген. Сонымен қатар, совхозды алғашқы ұйымдастыруға Гусарев, Тарасов, Ивин, Блюмин, Рахметовтер белсенді қатынасқан.
СССР Ауылшаруашылық комиссариаты атынан көптеген маман қадрлар жіберілген. Бұл шаруашылық алғашқы кезден бастап, жылқыны көп өсіру мен қатар, түйе шаруашылығымен, етке арналған ірі қара және етті, құйрықты, қылшық жүнді қой шаруашылығымен шұғылданған. Әуелгі кезде зауыт табыңдары негізінен жергілікті биелерден құрылды. 1933 жылы заводта жергілікті айғырлардың алғашқы будан құлыны алынған.
Ал, 1936 жылдан бастап, үйірдегі жергілікті тұқымдық биелерді будан биелермен айырбастау жүргізілді. Ростов және Саратов облыстарынан шаруашылыққа Дон тұқымды айғырлар, ал ішінара ағылшын тұқымды айғырлар да әкелінді. Жылқы табынын осылай құрып, ұзақ жылдар өсірудің нәтижесінде "Көшім" тұқымды деп аталып жүрген жылқының жаңа тұқымы алынды.
Облыс жерінде Азамат соғысы аяқталып, күйзелген халық шаруашылығы қалпына келтіру басталғанда осы жерлерді игеру бірден қолға алынды.
"Пятимар" совхозы 1972 жылы Жаңақала ауданына берілгенде, осы сәулетті ғимарат аудан орталығындағы үйлер түрғызуға материал жетіспейді дегенді желеу етіп, әлі тозығы жетпеген тарихи мәні бар мектеп үйі тастарын әдейі бұздырып, 40 км. жердегі Қисыққамысқа тасытып пайдаланған. [12, c. 230-232].
Тарихи мәні бар және әдейі бұздырды деп отырғаным, ол мектеп жарты ғасырдай мектеп болып тұрғалы 2000-нан астам оқушыларды өмірге қанат қақтырды. Олардың ішінде бірнеше үлттың өкілдері бар, ондаған ғылым кандидаттары, қарапайым малшы - шопандар, ауылшаруашылығының әр саласының мамандары бар. Тағдырдың ащы мысқылы болар, қазіргі Жаңақала ауданының аудандық партия комитетінің I-ші хатшысы Әділғазы Нұрғалиев осы мектепте I-ші кластан оныншышы класқа дейін оқып, 1955 жылы алғашқы бітірушілердің бірі болды.
Ал, әдейі бұздырды деп отырғаным, Пятимарлықтар оны бұзуға қарсы болған. Себебі, олардың басым көпшілігі сол мектептің бұрынғы оқушылары, не сол кездегі ата-аналары. Сондықтан, мектеп үйін әдейі техникалармен, шет адамдарға ақша жалдап бұздыртқан. Оны бұзып жатқанда кәрі-жас аналардың, әжелердің қимастықпен жылаған сәттері болған дейді.
Біз көненің көзін сақтауға жоқпыз, Қымбатымызды жоғалтып алып, соңынан "ах" ұрамыз. Сонау 20-жылдардың ортасында тәшке арбамен, көлік арбамен тастары тасылып, тұрғызылған Пятимар, Көшім бойына тарихи ескерткіш ретінде Архитектуралық құрылысы лайықты, шет жерде жүрген мыңдаған оқушыларына сонша ыстық көрінетін, көлемді екі қабат үйдің өте шапшаң бұзылғанына таң қаласың. Себебі, оның сумен жүргізілетін жүйесі 60-шы жылдардың басында Маршал С.М.Буденныйдың тікелей 22 араласуымен іске қосылған еді. Жаңа мектеп үйі аяқталғаннан кейін, әуелдегі келіскеніміздей совхоздың өлкетану Музейі жасағанда олардың экспонаттары мектеп оқушыларын, кейінгі жастарды аталар дәстүріне тәрбиелеуге септігін тигізген болар еді. Атамыз, ел азаматтарына, совхоздың кәрілеріне, ұл қыздарына тиіссіз кінә тағудан аулақпын.
Тарихи мәні бар және әдейі бұздырды деп отырғаным, ол мектеп жарты ғасырдай мектеп болып тұрғалы 2000-нан астам оқушыларды өмірге қанат қақтырды. Олардың ішінде бірнеше үлттың өкілдері бар, ондаған ғылым кандидаттары, қарапайым малшы - шопандар, ауылшаруашылығының әр саласының мамандары бар. Тағдырдың ащы мысқылы болар, қазіргі Жаңақала ауданының аудандық партия комитетінің I-ші хатшысы Әділғазы Нұрғалиев осы мектепте I-ші кластан оныншышы класқа дейін оқып, 1955 жылы алғашқы бітірушілердің бірі болды.
Ал, әдейі бұздырды деп отырғаным, Пятимарлықтар оны бұзуға қарсы болған. Себебі, олардың басым көпшілігі сол мектептің бұрынғы оқушылары, не сол кездегі ата-аналары. Сондықтан, мектеп үйін әдейі техникалармен, шет адамдарға ақша жалдап бұздыртқан. Оны бұзып жатқанда кәрі-жас аналардың, әжелердің қимастықпен жылаған сәттері болған дейді.
Біз көненің көзін сақтауға жоқпыз, Қымбатымызды жоғалтып алып, соңынан "ах" ұрамыз. Сонау 20-жылдардың ортасында тәшке арбамен, көлік арбамен тастары тасылып, тұрғызылған Пятимар, Көшім бойына тарихи ескерткіш ретінде Архитектуралық құрылысы лайықты, шет жерде жүрген мыңдаған оқушыларына сонша ыстық көрінетін, көлемді екі қабат үйдің өте шапшаң бұзылғанына таң қаласың. Себебі, оның сумен жүргізілетін жүйесі 60-шы жылдардың басында Маршал С.М.Буденныйдың тікелей 22 араласуымен іске қосылған еді. Жаңа мектеп үйі аяқталғаннан кейін, әуелдегі келіскеніміздей совхоздың өлкетану Музейі жасағанда олардың экспонаттары мектеп оқушыларын, кейінгі жастарды аталар дәстүріне тәрбиелеуге септігін тигізген болар еді. Атамыз, ел азаматтарына, совхоздың кәрілеріне, ұл қыздарына тиіссіз кінә тағудан аулақпын.
Халық үндемей қалмаған болу керек, сондықтанда, бұған ел кінәлі емес, Пятимардың сол кездегі ірілі-кішілі басшысымақтары тікелей кінәлі. Бірақ, халықтың мұңын сол кездегі әкімшілік - төрешілдік заманның кереңдеріне өзектерін өртеп жеткізетін, сол Бесқалмақ өңірінің жанашыр бір еті тірі Олжас Сүйлеменов, Мұхтар Шахановтай азаматтары болмады дегенге өз басым сенбеймін. Мектеп үйі жөнінде ашыныңқырап айтып отырға- нымның терең сыры бар. Біздің Қадыровтар әулеті үшін, Отан дейтін үлкен ұғым осы кішкентай мектептен басталады. Себебі, біздің семьяның барлығын қосқанда, ғасыр жарымдай өмірі сол мектепте өтілді. Кеше ғана біткен ұлы Отан соғысының, елді зарлатып кеткен жоғының азабынан жаңа белімді жаздым ба дегенде, тосын ажал, қайғы мен азаптың қара кебінін қайта кигізді.
1957 жылы экономикалық жағынан әлсіз шаруашылығы бар "Жасқайрат" колхозы жер көлемі 91 мың гектар қосылды.[14, c. 230-232].
Сонау 1950-жылдардың басынан бастап, шаруашылғы үшін тиімді қой шаруашылығын өркендету қайта қолға алынды. Зауытқа сол жылдары Солтүстік Кавказдан биязы жүнді 4000 саулық пен қошқар сатып әкелінді.
1953 жылғы КПСС Орталық Комитетінің қыркүйек Пленумынан кейін, сенімді мал шаруашылығын өркендету жолына біржолата түсті, Осыған байланысты 1954 жылы нр. 51 жылқы заводына "Пятимар" қой совхозы деген жаңа атақ берілді.
1963 жылдың 1 қаңтарында совхоздың 266 мың гектар жерінде 70000 бас қой, 5500 бас ірі мүйізді қарасы және 4000 бас жылқы мен түйесі болды. Осындай тым іріленіп кеткен шаруашылық және оның географиялық жағдайы совхозды тағы екіге бөлудің қажеттігін туғызды.
1963 жылдың аяғында Пятимар совхозына Көшім өзенінің шығыс жақ бетінде орналасқан жерлер бөлінді. Онда "Красногор" атты жаңа совхоз үйымдастырылып, ол кейіннен Чапаев ауданына қосылды. Қазіргі Жаңақала ауданының "Красногор" асыл тұқымды мал зауыты жесір әйелге өмір жолын жаңадан бастауға тура келді. [15, c. 230-232].
1950-жылдардың басынан бастап, шаруашылғы үшін тиімді қой шаруашылығын өркендету қайта қолға алынды. Зауытқа сол жылдары Солтүстік Кавказдан биязы жүнді 4000 саулық пен қошқар сатып әкелінді. 1953 жылғы КПСС Орталық Комитетінің қыркүйек Пленумынан кейін, сенімді мал шаруашылығын өркен- дету жолына біржолата түсті, Осыған байланысты 1954 жылы нр. 51 жылқы заводына "Пятимар" қой совхозы деген жаңа атақ берілді. 1963 жылдың 1 қаңтарында совхоздың 266 мың гектар жерінде 70000 бас қой, 5500 бас ірі мүйізді қарасы және 4000 бас жылқы мен түйесі болды. Осындай тым іріленіп кеткен шаруашылық және оның географиялық жағдайы совхозды тағы екіге бөлудің қажеттігін туғызды. 1963 жылдың аяғында Пятимар совхозына Көшім өзенінің шығыс жақ бетінде орналасқан жерлер бөлінді. Онда "Красногор" атты жаңа совхоз үйымдастырылып, ол кейіннен Чапаев ауданына қосылды. Қазіргі Жаңақала ауданының "Красногор" асыл тұқымды мал зауыты.[16, c. 230-232].
Пятимар совхозына Көшім өзенінің батыс жақ бетіндегі Қызылоба, Аққұс, Әлімбек және Борық бөлімшелерінің территориялары кірді. Міне қазір уақыт өлшемі мен қарасақ, бұғанда ширек ғасырдан астам уақыт өтіпті. Ал менің жұмыс ба- бымен ол жерден кеткеніме дәл 20 жыл болған. Есейген сайын адам өткеніне көз салып, не тындырдым деп жұмыстас болған адамдарды, олармен қарым-қатынастарды көз алдыңа елестеді екенсің. Олардың арасында қарапайым еңбек адамдары, үлкенді-кішілі өз достарың, шаруашылық, партия және совет басшылары т.б. көптеген ұлт өкілдерімен кездесуге тура келген.
Достарыңызбен бөлісу: |