Кіріспе. Каустикалық соданың маңызы


Каустикалық соданың және электролиздердің сипаттамасы



бет2/8
Дата14.04.2022
өлшемі335,48 Kb.
#139181
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Бағызбай Ақмаржан Каустикалық сода
охр труд срс
2.Каустикалық соданың және электролиздердің сипаттамасы
Күйдіргіш натр немесе каустикалық сода – өндірістің әртүрлі саласында: сабын өндірісінде, жасанды талшық, қағаз, органикалық синтез өндірісінде, мұнайда, металлургиялық және басқа да қосылыста қолданылады. Көбіне күйдіргіш натрды әкті әдіспен алады (98% NaOH барлық әлемдік өнім химиялық әдіспен алынады). Каустикалық соданы алудың шикізаты – сода ерітіндісі және әк.
Катодты процесс. Қатты күйдегі натрий хлоридінің судағы ертіндісін электролиздеу кезінде, мысалы, темір катодта сутегі бөлінеді және католитте сілті түзіледі
2О+2е Н2+2ОН-
Әртүрлі иондар потенциалдың әртүрлі мәндері кезінде разрядталады. Бұл иондардың қасиеті және заттар қоспасын бөлу үшін электролизді пайдалануға мүмкіндік береді. Ертіндідегі концентрациясы 1экв/л тең аталған ионның разряды үшін қажетті электродтың минималды потенциалы қалыпты электродты потенциал деп аталады және Е0 арқылы белгіленеді.
Тәжірибелік жағдайда электродтағы ион разряды потенциалдың теориялыққа қарағанда өте жоғары мәнінде жүреді. Нақты және қайтымды электрод потенциалы мәндері арасындағы айырма поляризация деп аталады, ол ток тығыздығы артқан сайын өседі.
Электролиз процесінің лимиттік стадиясы - ионның разрядталу стадиясы – электрохимиялық стадия есебінен процестің тежелуі болуы мүмкін, ол артық кернеуге – поляризацияға әкеліп соғады. Бұл жағдайда поляоизацияға электролизді жүргізу жағдайын өзгерту әсер етеді. Мысалы, сутегні бөліп алу поляризациясын азайту үшін, яғни ақыр соңында электролизге кететін энергия шығынын төмендету үшін темір катодын сутегінің бөлініп шығу потенциалын төмендететін никельмен немесе кобальтпен (катализатормен) жабады.
Натрий ионының разряды болат катодта реакцияның стандартты потенциалының жоғары кері мәнінің кесірінен жүрмейді
Na+ + e Na,
ол 2,714В тең.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет