Кіріспе Курстық жұмыстың өзектілігі


ҰЛТТЫҚ ҚИМЫЛДЫ ОЙЫНДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ



бет5/17
Дата18.12.2021
өлшемі131,63 Kb.
#102993
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
улттык ойын

2. ҰЛТТЫҚ ҚИМЫЛДЫ ОЙЫНДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ

2.1 Қимылды ойындарды өткізудің әдісі мен тәсілі

3-5 жас аралығындағы баланың денесін шынықтыру кезінде басты фактор оның қимыл әрекетінің қаншалықты дұрыс жолға қойылғандығымен байланысты, себебі мақсатты орындатқан қимыл-қозғалыс жаттығулары бұлшық еттерге қан жүгіртіп, ағза қорегін арттырады. Балалар үшін қозғалыс әрекеті үлкен мұқтаждық болып табылады. Қозғалыс бала үшін үлкен бір қуаныш көзі, сондықтан да қимыл күші оның денесін қатайтумен қатар психикалық дамуына үлкен әсерін тигізеді. Адамның денесі мен ақыл-ойының дамуына дене қозғалысы күшті әсер етеді. Баланың қозғалыс белсенділігіне бөгет жасағанда оның дамуы нашарлайды және кешігеді. Күнделікті тіршілікте орындалатын қимылдардың қосындысын адамның қозғалыс белсенділігі деп атайды. Қозғалыс белсенділігі ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған қимылдардан тұрады. Ұйымдастырылған қозғалыс белсенділігіне дене шынықтыру және спорттық жаттығулар белгілі еңбек әрекеттері жатады. Ал ұйымдастырылмаған қозғалысқа түрлі ойындар кезіндегі баланың өз тарапынан жасаған қосымша қозғалыстары жатады.

П. Ф. Лесгафт мектепке дейінгі балалар үшін Ұлттық ойындарды екі топқа бөлді.

1. Қарапайым немесе жекелеген. Бұл ойындарда әрбір бала жеке әрекет етіп, ойын ережесіне сәйкес өз әрекеттеріне ғана жауап береді.

2. Күрделі ойындар (топпен). Мұнда әрбір бала ойын ережесіне сәйкес тобы үшін талпынып, жарысу сезімдері басым болады.

Ұлттық ойындар әр түрлі параметрлері бойынша жасына қарай, баланың қозғалу дәрежесіне қарай (кіші, орта, үлкен қозғалыстағы ойындар), қозғалыс түрлеріне қарай (жүгіру, лақтыру және т.б.), мазмұнына қарай (спорттық ойындар және ережесі бар қозғалыс ойындары) болып топтастырылады. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінде келесі ойындар топтамасы қабылданған. Қимыл-қозғалыс ойындарына сюжетті және сюжетті емес ойындар жатады. Сюжетті қимыл-қозғалысты ойындардың шартты түрінде өмірдегі немесе ертегілік эпизодтағы ойындарды қамтиды.

Сюжетті емес қимыл-қозғалысты ойындарға қызықты, мақсатқа жетуге бағыттайтын Ұлттық ойынды тапсырмалар жатады, олар ойындардың түрлеріне қарай бөлінеді: жүгіріп өту, қағып алу; жарыс элементтері бар ойындар, құралдармен ойнайтын ойындар. Қимылды ойындар күннің әр мезгілінде және дене шынықтыру сабағында өткізіледі. Тәрбиешінің балалар тобына арнап ұйымдастырған қимылды ойындарының ұзақтығы 10 минутқа дейін болады.

Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылып, мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Таңертеңгі жаттығулар.

2. Қимыл – қозғалыс ойындары, спорттық ойындар

3. Спорттық жаттығулар

Балабақшаға таңертеңгі келген уақыттан бастап Күн тәртібі бойынша сауықтыру шараларын (таңғы жаттығу, қимылдық ойындар, сергіту сәттері, серуен кезіндегі спорттық ойындар мен жаттығулар, спорттық мерекелер, ойын – сауықтар) өткізіледі.Таңертеңгі асқа дейінгі ойын, әдетте, балалардың шағын тобына арналған жеке қимылды ойындар да болады. Мұндай ойындар көбінесе қызу қимылды қозғалысқа толы. Балаларды таңертеңгі гимнастикаға дайындау және соған қатыстыру оларды ұйымдастырудың әдеттегі күн тәртібіне баулудың жақсы жолы болып табылады. Таңертеңгі уақыт тәбиешінің қимылы баяу балаларға көбірек көңіл бөлуіне де қолайлы. Әрқайсысының ерекшеліктерін ескере отырып, олардың біреуімен ол доп ойнайды, басқасына секіргішпен секіру әдістерін үйретеді және т.б. Таңертеңгі тамақтан кейін, егер алдағы сабақ баланың ұзақ, бір қалыпта отыруын және терең зейін сала жұмыс істеуін ( сурет салу, жабыстыру, оқу, санау т.б) талап етсе, онда балалардың тек жеке және шағын тобы ғана бірігіп ойнайтын, баяу қимылды қажет ететін ойындар пайдалы (шеңберге доп лақтыру ойындары т.б). Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дене шынықтыру сабағын ұйымдастыру ерекшеліктеріне қарай сабаққа дайындау кіріспе бөліміне оның мақсаты балаларды ұйымдастыру олардың назарын жинақтау, эмоциялық қалыпқа келтіру, баланы күрделі жаттығулар жасауға әзірлеу болып табылады. Жаттығу барысында балалардың дене бітіміне, денесін, басын ұстауы мен қол, аяқтарының қимыл координациясына, аяқ алысына, жүгіру жеңілдігіне мән берілуі керек. Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі дене қимылдарына жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, еңбектеу, өрмелеу, асып түсу, шығу, тепе-теңдікті сақтау түрлерін дұрыс қалыптастыру негізгі мақсат болып табылады. Бұл дағдыларды қалыптастыру кезінде балалардан ынталы болуды, дұрыс орындауға талпынуды, оларға нақты нұсқаулар беруді, орындауларына көмек көрсетуді талап етеді.

Дене шынықтыру негізгі оқу іс-әрекеті болғандықтан ертеңгілік мезгілде өткізіледі. Дене шынықтыру өткізілетін орын ауа–райы жылы кезде аулада, қыс мезгілдерінде залда өтіледі. Дене шынықтыру басталардан бұрын залдың едені сүртіліп, құрал – жабдықтар дайындалады. Қорытынды бөлімде де қимыл қозғалысы аздау ойын жоспарланады. Жалпы жетілдіруші жаттығу жасарда тәрбиеші негізгі қалыпқа көп көңіл бөлуі керек. Егер өзгертпей көбіне тік тұрып жасаса, балаларды жалықтырып жіберуді мүмкін. Сондықтан әр түрлі жағдайда (тұрып, отырып, жатып) жасайтын жаттығулар жоспарлау қажет. Жалпы жетілдіруші жаттығулар үшін (жалаушалар, доптар, кубтар, секіргіштер, құрсаулар, таяқтар) пайдаланылады. Сонымен қатар үлкен көлемдегі құрсаулар, арқан, гимнастикалық орындықтар пайдаланылады. Балалар негізгі қалыпқа дұрыс тұрулары керек, жаттығулардың жасалу техникасын дұрыс орындаулары керек, тәрбиешінің нұсқауымен қимылдап, барлық бала бірдей қимылдаулары керек. Балаларға таныс жаттығуларды тәрбиеші көрсетпей-ақ ауызша да айтуға болады, ал қимылдау жаттығуларды тәрбиеші көрсетеді, кейін балалар жасайды. Оқу іс-әрекет қызықтырақ өтсін десе жаттығуды жақсы орындайтын бір баланы алға шығарып, тәрбиеші нұсқау беріп тұрады. Дене шынықтыру оқу іс-әрекетінде балалардың ақыл-ой тәрбиесі ғана жетілмейді, адамгершілік қасиеттері де қалыптасады, балалар ойын кезінде рөлдерге бөліседі, ұйымдастырушылық қабілеттері жетіледі, жарыс кезінде өздерін ұстау қабілеттері дамиды. Допты лақтырып, қағып алу, допты бір – біріне лақтыру, ұзындыққа секіру, гимнастикалық қабырғаға өрмелеп мініп түсу; гимнастикалық орындық үстінде тепе – теңдікті сақтап жүруге үйрету. Дене шынықтырудан үйренген қимыл - әрекеттер серуен кезінде, спорттық шараларда жетілдіріледі. Дене шынықтыруды өткізген кезде балалардың жарақат алмауын баса қадағалау қажет.

Бала ағзасындағы мүмкіндіктерін арттыра түсу үшін таза ауадағы дене шынықтыруға көп көңіл бөлеміз. Таза ауадағы дене тәрбиесінің құрамы бағдарламалық материалдардан құралады. Таза ауадағы дене шынықтыру жүгіруден, жеке және топталған әдістерден тұратын ерекше қозғалыстардан таңдалған спорттық ойындар мен эстафеталардан тұратын қимыл – қозғалыстың белсенділігімен өткізіледі. Таза ауадағы дене шынықтыруда балалардың жаттығуларға деген белсенділігін төмендетпес үшін оларға көп ауыртпалық түсірмеуге, дұрыс демалуларына көңіл бөлеміз. Таза ауадағы дене шынықтыру балалардың тек қана денесін шынықтырып емес, сондай-ақ тәрбиелік мәні бар білімін ұштастыруға септігін тигізеді. Бірін – бірі сыйлау, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде мәні зор. Спорттық ойындар арқылы балаларды төзімділікке, қайратты шымыр болуға баулу қажет. Таза ауадағы дене шынықтыруды өткізу үшін учаскедегі орын барлық жағдайға сай жабдықтануы керек. Балабақшада әртүрлі өрмелеуге арналған баспалдақтар, жаттығуға арналған орындықтар болу керек. Таза ауадағы дене шынықтыруды өткізу үшін балалардың денсаулығы туралы мәліметті балабақша медбикесінен алу қажет. Егерде операция жасалған немесе бір жері қатты ауыратын бала болса, ол балалар тәрбиеші көмекшісімен бірге болып, жеңіл қимылды ойындар ойнайды. Сауықтыру шараларына медбике жиі қатысып, тексеріп тұрады. Белсенді қимыл-қозғалысты әрекет әсіресе таңертеңгі және кешкі серуен кезінде қажет. Тәрбиеші спорттық жаттығуларға да қатысуы үшін балалардың серуен кезінде әр түрлі: құрылыстар салу, сюжетті рөлдік, қимылды ойындар ойнауын қадағалайды. Тәрбиешінің алаңда қимылды ойындарға басшылық жасауы мынадай екі бағытта жүргізіледі. Тәрбиеші қимылды ойындар үшін балалардың өздерінің қызығуы бойынша шағын топтарға бірігуін ұсынады, өз іштерінен ойын жүргізушіні таңдауға көмектеседі, ойын ережелерін естеріне түсіреді, балалардың өздері бастаған ойындарын мадақтайды, мұндай ойынға байсалды, тұйық балаларды тартуға көмектеседі. Сонымен бірге тәрбиеші тәрбие жұмысы жоспарына сай күнделікті серуен кезінде бір немесе бірнеше қимылды ойындар өткізеді. Ересек балалар тобында ұжымдық қимылды ойындар ұйымдастыруға көп уақыт кетпейді. Бұл ойындарды балалар жақсы көреді және олармен шартты белгі бойынша ойынға жиналу туралы алдын ала келісуге болады.

Балаларды ойынға толық қатыстыру үшін тәрбиешінің балаланың ойынға деген шығармашылық қабілетіне құрметпен қарау керек. Егер балалардың біреуі өз ойындағы бір ойынды ойнағысы келсе, оны қимылды ойынға қатысуға мәжбүрлеуге болмайды. Онымен кейінірек жеке ойнауға болады. Бірақ мұндай ұжымдық қимылды ойыннан бас тартуды, баланың әдетіне айналып кетпеуіне көңіл бөлу керек. Серуен кезінде тәрбиеші, күннің басқа мезгіліндегі сияқты, балалардың әр түрлі ойыншықтармен, жеке және шағын топ болып ойын жаттығуларын өткізуді мадақтап, сондай-ақ секіріп немесе өрмелеп, алысқа лақтырып және тағы басқа балалардың қалайтын қимылдарына жаттығуларын қолдап отыруы керек. Көңіл көтеру ретіндегі ойындар және әр түрлі аттракциондар көбінесе күннің екінші жартысында ұйымдастырылады. Ойынды ұйымдастыруға және оны өткізуге балалардың өздері көбірек қатыстырылады. Пәндік сабақ кезінде тәрбиешінің ұйымдастыруымен бірнеше қарапайым дене шынықтыру жаттығуларын орындауға болады. Мұндай жаттығулар кезіңде бөлменің ішінде көп қозғалыс жасау көзделмейді, олар үстелдің басында, орындықтың үстінде немесе олардың арасында жасалады. Сабақ арасында дене шынықтыру жаттығуларымен көп айналысып кетпеу керек. Балаларда да, тәрбиешіде де араласып әңгімелесуге, пікір алысуға, кезекті сабақта әзірленуге жеткілікті бос уақыт қалуы керек.

Қимылды ойындардың ерекшеліктері - осы жас тобындағы балалардың ой-өрісінің кеңеюіне байланысты қимылды ойындардың мазмұны да күрделене түседі. Оларға балалардың кітаптан, ата-аналарының, тәрбиешілерінің әңгімесінен, кинофильмнен таныс жаңа сюжеттер мен образдар енгізіледі. Кейбір ойындарда әр түрлі мамандықтардағы адамдардың іс-әрекеті мен өзара қарым-қатынасы бейнеленеді («Өрт сөндірушілер үйренуде», «Аңшылар мен қояндар»).Шығармашылық рөлді ойындарда қазіргі қоғам өмірінің айқын оқиғаларын бейнелеу жиі қайталанады. Балалар ғарышкер болып ойнағанды, Айға зымыран жібергенді, әр түрлі елдерге саяхат жасағанды жақсы көреді. Бұл ойындар қызу қимылға толы болады, сондықтан олар балалардың дене тәрбиесінде бағалы орын алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет