1.2. Ұлттық спорт ойындарының маңызы және оның негіздері
Адам – табиғат, ажырамас байланыс. Сол себептіде адам ағзасына әсіресе өсіп келе жатқан ұрпақ денсаулығы өте маңызды. Күн мен түннің, жыл мезгілдерінің ауысуы оның жүйке жүйесіне, тыныс алу, қан айналу, асқортуына белгілі бір әсерін тигізеді. Адамдардың күнделікті орындалатын қимыл-қозғалыстарына да, дене бұлшықеттеріне де әсер етеді. Табиғаттың осындай ауысуы заңдылықтарын жақсы біліп, оған қарай бейімдеу керек. Ол үшін денені шынықтыруға қажетті жаттығулар мен спорт түрлерін жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарай таңдап ала білген дұрыс. Қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасау және спорт түрлерімен шұғылдану қозғалыс қабілетін жетілдіріп, баланың ой ұшқырлығын дамытады, ұжымда жұмыс жасауға дағдыландырады, жолдастарына сенім артуға көмектеседі, жеңіске ұмтылдырады, мақсат қою, алдағы іс әрекетіне жоспар жасауды үйретеді. Қимыл-қозғалыс жаттығулары мен спорт түрлері адамның денсаулығын жақсартады. Маслоудың қажеттіліктер иреархиясындағы негізгі қажеттілік денсаулық, дені сау, күшті, төзімді тұлғада оқуға деген ынта, жігер, қуат жоғары денгейде болмақ. «Ел боламын десен бесігінді түзе» демекші дені сау, қуатты ұрпақ еліміздің келешегі.
Ұлттық спорт ойындарының бұлшықет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады, буын сүйектерін Ұлттық етеді, жалпы жұмыс қабілетін жақсартады. Дене жаттығулары бүкіл ағзаның дамуына қолайлы ықпал жасайды. Ойын балалар өмірінде үлкен орын алады. Дене тәрбиесінде қозғалыс ойындары оқушылардың ептілік дағдыларын жетілдіреді. Мұндай ойындар оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Дене тәрбиесінде оқу бағдарламасына сәйкес спорттық ойындар: футбол, баскетбол, волейбол, қол добы пайдаланылады. Оқушылар әрбір ойынның тәсілдерін зерттеп үйренеді. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына үйлесімді жасалғандай әсер береді. Олай дейтініміз, ойындардың көпшілігі сол көшпелі тұрмысқа лайықталып ойнала беретіндігінде ғана емес, сонымен бірге халықтың психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты. Ойын барысында бала өзінің назарын қимылды орындау әдісіне емес мақсатқа жетуге аударады. Балалар ойын арқылы шынығып өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ұлттық ойынында бала назар аудару бұл бақылағыштыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуге, қоршаған ортадағы жағдайлардың өзгеруіне қарап, бағдар белгілеу, сыни тұрғыда ойлауға, батылдық, ептілік, мақсатқа жетудің өзіндік әдісін таңдау қабілетін қалыптастыруға көмектеседі. Қимыл-қозғалыс ойындарының саңғырлы тәрбиелік маңызы, олардың мектеп жасындағы балалар үшін ыңғайлылығы, ойындардың қуанышты, балаларды өзіне тартатын әрекет саласын туғызады. Қысқы ойындар оқушылардың денсаулығын жақсартуға, әсіресе тыныс алу жолдарын шынықтыру, төзімділікке баулиды. Қимыл-қозғалыс балалардың игеріп үлгерген қимылы дағдыларын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру ретінде қызмет етеді. Спорттық ойындар нышандары бар ұлттық ойындарына қарағанда балалардың жинақтылықты, ұйымшылдықты, бақылағыштықты, айқын қолайлы қимыл техникасын ұшқыр қимыл сезімін көбірек талап етеді. Мысалы, «Ақ серек, көк серек», «Соқыр теке», «Жаяу жарыс», «Арқан тарту», «Ұшты ұшты» спорттық ойындар нышандары бар ойындар қатарына жатады. Оқушылардың денсаулық жағдайын, дене бітімінің дамуы мен қозғалыс әрекетін ескере отырып, оларға жеке көңіл бөліп, дене тәрбиесі сабағына қойылатын басты талаптардың бірі болып табылады.
Болашақ бүгіннен басталады. Ендеше Қазақстанның туын желбіретер ұрпақтыдене шынықтырудағы қимыл-қозғалыс ойындары арқылы психологиялық мықты, төзімді, сенімді, мақсатшыл, ұжымда жұмыс жасай алатын, жан-жақты еркін тұлға тәрбиелеу бүгінгі ең басты мақсат. Бүгінгі күнде жас ұрпақты ең жас кезінен дене күштері мен рухани күштері сайма-сай жетіліп, шынығып өсетіндей етіп тәрбиелеу ісін қамтамасыз етуді мемлекетіміз аса маңызды міндеттердің бірі деп санайды.
Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы. Еліміздің даму бағытын бекіткен «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене тәрбиесімен, спортпен шұғылдану мәселесі қаралған. Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді. Дене тәрбиесін жүзеге асыру – денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене-қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға мүмкіндік береді.
Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ойын – оқушы әрекетінің бір түрі. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мақсатындағы қарым-қатынастың әдісі мен құралы. Ойын әрекеті естің, барлық таным процесіне әсерін тигізеді. Адам әрекетінің еңбек, оқу сияқты негізгі түрлерінің бірі – бұл ойын. Ойын – бұл жағдаят жағдайында қоғамдық тәжірибені игеру және қайта туғызуға бағытталған әрекет түрі. Ойын барысында тұлғаның мінез құлқын өзі басқаруы жетіліп, қалыптасады. Отандық педагогика және психология ғылымдары саласында ойындық әрекет бағдарламасын М.Тәнекеев, Е.Сағындықов, М. Болғамбаев шетелде К.Ушинский, А.С.Выготский, Я.А.Каменский, Н.Ф.Талызина, С.Рубинштейн, Д.Эльконин, Ж.Пиаже және т.б.жасады. Олардың еңбектерінде тұлғаның даму сатыларында, негізгі психикалық қызметтері дамуындағы, тұлғаның өзін-өзі басқаруы,өзін-өзі билеуіндегі, әлеуметтену үрдісінде-адамның қоғамдық тәжірибені пайдалану және игерудегі ойынның рөлі зерттеліп, негізделген.
Тәнекеев М.Т. «Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға үйретеді» – дейді [1.36 б]. Қалниязова А. «Алты жасарлар ойнай отырып, логикалық қабылдау арқылы оқуды және математиканы таным қызығушылығын меңгереді. Бұдан бірте-бірте ойыннан кейін оқу әрекеті орын алады» – деген пікір айтты[2.9 б].
Қандай ойын болмасын жастарды тұрмысқа қажетті қасиеттерге машықтандыруды мақсат етеді. Сондықтан да мұны тәрбие ретінде қабылдаймыз. Дене тәрбиесі сабағында ойындар неғұрлым көп өтілген сайын бұлшық ет топтарының да оған қатысу мүмкіндігі мол болатындығы белгілі. Ал ойынның көп болуы дене қабілеттері ғана емес, дененің жалпы дайындық деңгейлерін де дамыта түседі. Дене тәрбиесі сабағы қозғалыс, қимыл –әрекет сабағы болғандықтан сабақ кезінде оқушылардың бүкіл мінез-құлқы , көңіл күйлері айқындалып, көзге көрініп тұрады. Сабақ кезінде оқушы қуанады, ренжиді, қиналады, рахаттанады, күледі, жылайды. Осы көңіл күй, оған қатысты мінез-құлық бірге оқыған сыныптастар арасында болғандықтан олар өздерін ұстап, сабырлы болуға тырысады, кенеттен келген ашуын басуға, ұстамдылыққа үйренеді, өзінің көңіл күйін реттеуге, көркем мінезді болуға қалыптасады. Дене тәрбиесі үрдісінде ұлттық спорттық және Ұлттық ойындардың элементтерін қолдану – ойын әдісі деп аталады. Ойын әдісінің мынандай өзіне тән ерекшеліктері мен белгілері бар:
1. Белгілі бір мақсатқа (жеңіске) жету үшін ойынның жоспары және тәртібі арқылы ойнаушыларды ұйымдастыру.
2. Ойын әрекеттері кезінде ойнаушылардың бәсекелестік, жеңіске деген ұмтылысының, көңіл-күйлерінің көтерілуі.
Дене шынықтыру пәнінің белгілі бір теоритиктері П.Ф.Лесгафт және В.В.Гориневскийдің дәлелдеуі бойынша жас бүлдіршіндердің тезірек бұғанасы бекіп, ағзаның қалыпты дамуына және оның тез жинақталып, қимыл іс-әрекетті шапшаң орындауында Ұлттық ойындардың алатын орны ерекше. Сонымен қатар, Ұлттық ойындар баланың көңілді, өмірге шаттық-қуанышпен қарауын және ақыл-ойының дамуына (тапқырлық, тез дұрыс шешім қабылдау т.б.) әсер ететін дұрыс фактордың бірі ретінде қарастырылады. Ойын барысындағы іс-қимылды дұрыс саналы түрде балаға жеткізіп, қайталатуды бірнеше күн әдетке айналдырғанда бала ағзасындағы зат алмасу, барлық органдар мен дене құрылымындағы жалғасып жатқан нерв жүйесі белсенділігін танытып, қан айналымы жақсарады. Негізінен, баланың өсуіне жақсы әсерін тигізетін Ұлттық ойындар ауада немесе далада ойнайтын ойындар. Қозғалыс барысындағы жиі демалудан бала ағзасындағы оттегіне деген қажеттілік артады. Осы ойындардың арқасында баланың көңіл-күйі эмоциясы жоғарылап, оның нерв жүйесін бекітеді. Ұлттық ұлттық ойынның нәтижесінде бала белгілі сигналға үйреніп, ойын ережесіне бағынады. Бұл оның жан-жағындағы оқиғаға мән беріп қарауына, төзімді болуына, тәртіпті сақтауына, немесе оның басындағы мидың тежелу функциясының дамуына өз септігін тигізеді.[14.145 ] Балалардың жоғарғы тыныс жолдары тар, олардың шарышты қабаттары лимфа және қан тамырларына өте бай болғандықтан қолайсыз жағдайларда ісініп тынысы жедел тарылтады. Қабырғалардың тегіс орналасуына байланысты тыныс жеңіл және жиі алынады (емшектегі балаларда минутына 35-40 тыныс қимылы, 7 жастағы балаларда минутына 26-27 тыныс қимылы жүреді). Одан басқа балаларда дем алу мускулатурасы әлсіз. Өкпе ткані өте нәзік себебі функционалды тұрғыдан ол әлі жетілген жоқ. Баланың кеудекуысындағы қозғалыс шектеулі. Олардың тыныс алу жүйесіндегі осындай ерекшеліктіұсына отырып, сәбилерге мұрын арқылы ауа жұтуды үйрету керек. Мұрынның ішкі жағы шырышты қабатпен қапталған қалың қан тамырларымен жабылған. Балалардың дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Балалардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.
Осы жас ұрпақтың дене жетілдіруінде бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесі сабағында жеңіл атлетика, гимнастика, қимылды ұлттық ойындар ерекше орын алады. Себебі адам өмірге келген күннен бастап үнемі қимыл-қозғалыстар жасау арқылы өсіп жетіледі. Қазақстан елінде дене шынықтыру мен спортты дамытуда тарихи қалыптасқан ұлттық дәстүр негіздерінің талаптарын жақындастыра отырып, қазіргі білім беру жүйесіне, яғни дене тәрбиесі сабақтарына Ұлттық ойындарда енгізу болып табылады. Ұлттық спорт ойындары үнемі қимыл-қозғалыста болуды талап етеді және дене дайындығының көрсеткіштерін жақсарту үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |