Ұйқыдан оянғанда жасалатын жаттығулар жинағы
Салауатты өмір салтын ынталандыру – әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналасуымызға,
дұрыс тамақтануымызға, есірткі, темекі, алкогольді тұтынуымызды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т. с. бағытталған.
Н. Ә. Назарбаев
Алғы сөз!
Салауаттану білімі мен тәрбиенің бірлескен жүйесі баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға көмектеседі.
Сондықтан, балалардың дені сау болып, сапалы білім алуы үшін бүгінгі заман талабына сай игі дәстүрлер мен құнды әдеттерді қалыптастыра отырып, салауатты өмір сүрудің құндылығына, қажеттілігіне баланың көзін жеткізіп, оны іске асыру жолдарын көрсетіп, нақты шешім қабылдауға үйретуіміз керек.
«Баланың саулығын сақтау» жөніндегі ақыл кеңестерді денсаулықты сақтауға үйрететін толық құрал ретінде қарауға болмайды.
Әйткенмен, осында айтылған шараларды орындап тұрса, жас буынның тазалықты сақтап, бойларын күтуіне едәуір себеп болар еді деген ойдамыз.
«Ауырып – ем іздегенше, ауырмайтын – жол іздейік.»
Денең cay болсын десең...
1. Топқа таза aya молынан кірсін, күннің сәулесі (шуағы) кіріп тұрсын.
Сау болу үшін таза aya, күннің шуағы өте керек екенін ұмытпа.
2. Тұла бойыңды, ең болмағанда мойныңды, көкірегіңді, арқаңды күнде салқын сумен жуып тұр. Денеңді таза ұста. Жұмасына бір рет жылы суға шомылып тұр.
3. Жаз мезгілде таза суға көбірек шомыл. Күннің батысындағы күннің шуағымен жылыған суға түссең тіпті жақсы.
Тамақтың соңынан тоқ қарынға суға шомылма. Қызынып, яки терлеп тұрып суға түспе. Әуелі қызуыңды басып, теріңді кептір.
Шомылардың алдында жалаңаш тұрма, терлейсің. Терлеген де
суық тез тиеді! Шешінісімен, басыңды сула да, суға түс.
Суға жүгіріп келіп, қарғып, яки секіріп түспе, суға кетесің. Су ішінде бір орында тұрма, отырма, жүзе бер, жүзе бер, көбірек қимылда. Су ішінде он - жиырма минуттан артық болма. Дірілдей бастасаң, тезірек судан шық. Судан шығысымен әуелі денеңді сүртіп құрғатып, киініп алған соң, жылынғанша серуенде. Жылы, тұнық күні судан шыққан соң, жалаңаш денеңе біраз күн тиіп тұла бойыңды жел қақсын. Аурудан әбден айықпаған әлсіз адамға тұнық, жылы күні ғана суға түсуге болады. Суға түсу шарттарын әбден біліп ал. Осы шарттарды елемесең, түрлі бақытсыз оқиғаларға душар боласьң.
Жуынғанда тұла бойыңдағы кірің кетеді. Теріңдегі бітеліп қалған тесіктері ашылады. Денең шынығады. Сондықтан жиірек жуын.
Жылы суда дене кірі тезірек ериді. Сабының жылдамырақ көпіреді. Сондықтан салқын судан гөрі жылы су денеңдегі кіріңді тез алады.
Өте жылы су әсіресе күнде жуынғанда қаныңды тасытып, денеңді болбыр етіп, нәзіктендіріп жібереді. Бұл есіңде болсын. Жылы суға яки моншаға түскен соң, денеңді жәйімен бірте - бірте салқындату керек. Суықтан сақтан.
Шомылып шыққаннан кейін үстіңді таза орамалмен (сүлгімен) немесе дәкемен әбден сүртіп құрғат. Денеңді таза ұстау үшін жуынғаннан кейін іш киіміңді жиі ауыстырып тұр. Ең болмағанда іш киіміңді аптасына бір рет ауыстыр.
4. Қара жұмыс істегенде ауыстыратын екі киімің болсын.
Күндіз кигеніңді түнде шешіп жайып, түнде кигеніңді күндіз жайып ауыстыр.
Тер, түлеген тері, теріңнен шыққан май, басқа зиянды нәрселердің бәрі ішкі киімге сіңеді. Бұл заттар шіри бастайды, шіріктің әсерінен қолтықтар - ыңның, башбайларыңньң арасы секілді жерлерде қолаңса, шуаш пайда болады. Шіріктің салдарынан тері жидіп түлейді, қызылшақа болады, түрлі жара түседі.
5. Өзіңді, тамағыңды таза ұста, ішкен - жеген сайын және таңертең, кешінде аузыңды тазалап шайып отыр. Аузыңды таза ұстасаң, тіс ауруының көбінен құтыласың. Тамақ жеген сайын тісіңді мәсуекпен (тіс тазалағышпен) жақсылап тазала.
Ең болмағанда тісіңді күнде кешкісін жатарда бір тазала. Мәсуегіңнің қылы тым қатты не өте жұмсақ болмасын. Темірден жасалған тіс тазалағышты қолданба.
6. Таза ауада (сыртта) көбірек қимылда (серуенде, ойна, жүгір, тағысын тағы).
7. Өте жылы киінбе, басың жеңілдеу нәрсе ки, мойныңды ашық ұста. Шаш қойма.
8. Денеңді тар киіммен, белбеумен, түрлі баумен байлап қыспа.
9. Аяқ киіміңнің (етігіңнің) ұлтаны табаныңа лайық болсын. Өкшесі жалпақ, аласа болсын. Биік өкше өте зиянды болады.
10. Киімің әсіресе шұлғауың байпағың (шұлығың) суланса шапшаң шешіп таста, құрғақ киім киіп ал.
11. Бөгделердің киімдерін, әсіресе бет орамалын, қол орамалын пайдаланба, бөркін, ішкі киімін киме.
12. Өте көп ішіп - жеме. Бұзылған астан, сіңімсіз тамақтан, әсіресе тәттіден бойыңды аулақ сал. Жас балаға тәтті беріп үйретпе. Асты жөнімен ішіп - же, күніне үш мезгілден артық тамақтанба, уақыты асқан тамаққа әуес болма. Пияз, тұз сияқты тағамдарды асқа көп салма. Қызыл бұрыш, хрен секілді нәрселерді асыңа салма. Шала піскен, иістенген, бұзылған етті, жемісті жеме. Ауруға шалдығасың.
13. Шәйды, кофені қып - қызыл қылып ішпе, сұйықтау етіп іш. Оларды ұйықтардың алдында ішпе.
14. Тамаққа отырар алдында қолыңды жу. Тамақты қазақша, қолмен жесең, қолыңды сабындап жу.
15. Ауру, саулығы күмәнділеу адаммен табақтас болма. Ешкімнің де сарқытын ішіп - жеме.
16. Аяқ - табақ, қасық - аяқ, пышақ - шанышқы секілді ас ішетін аспаптарыңды таза ұста. Олардың өзіңе меншіктісі болғаны жөн.
17. Жуып - тазаламай тұрып, басқалар қолданған аяқ - табақты, шанышқы - пышақты, ожауды, кесені, тағы басқаларын таза ыдыс - аяқтарға араластырмай, ыстық суға қайнат.
18. Ерте жат, ерте тұр, оянған соң төсекте еріншектеп жатып алма. Оянысымен төсектен тұрып кет. Төсекте керіліп жата берсең, еріншектігің ұстап, бүгінгі істейтін жұмысыңа зауқың болмайды.
19. Кешке ұйықтардың алдында ауыр жұмыс істеп өзіңді - өзің шаршатпа. Болдырсаң, дұрыстап ұйықтай алмайсың.
20. Ұйқы адамға күш жинап, қуат береді. Адамға пайдалы ұйқы — түс көрмей қатты ұйықтау. Түнде ұзақ отырып істеген ми жұмысы адамның ұйқысын бұзады, адамды ұмытшақ етеді. Сондықтан денсаулықты сақтау ережесі саған «ерте жат, ерте тұр, сонда ғана ұйқы сені тынықтырады» дегендей кеңес береді.
21. Ұйқының ұзақтығы жасқа қарай түрліше болады. Тәулігіне емшектегі балаға 16 - 20 сағат, 10 - 12 жасар балаға — 9 сағат, бозбалаларға — 8 сағат, үлкен кісіге 6 - 7 сағат ұйқы жетіп жатыр.
22. Еш уақытта біреумен қойындасып жатпа, жеке жатып үйрен. Басқа кісінің төсегіне жатпа, төсек - орнын, жастығын, көрпе жаймасын қолданба.
Ұйқыдан кейінгі жаттығулар.
Күн сайын күндізгі ұйқыдан кейін. (ұзақтығы 5 - 10 минут)
Таңертең ояна салып, бірден тұрып, жуынып, сабаққа не жұмысқа жинала бастайсыз. Толыққанды ояну үшін мына жаттығуларды жасап, ағзаңызды жаңа күнге дайындаңыз.
Оянған бойда төсектен тұрмаңыз. 5 минут шамасында демалып, жай жатыңыз. Ал осы уақытта мына жаттығуларды орындаңыз.
Көзіңізді жұмып, бірнеше рет тартылыңыз. Денеңіздің әр бұлшық еті созылып - тартылғанын сезініңіз.
Бірнеше рет терең дем алыңыз. Мұрынмен дем алғанда, ішті жоғары көтеріп, дем шығарғанда ішті барынша тартыңыз.
Алақандарыңыз бен аяқтарыңызды айналдырыңыз.
Көзіңізді қатты жұмып, бірден ашыңыз.
Жаттығулардан кейін жаныңызға жақын адамдар, жылы жерлер, жалпы жақсы заттар туралы ойлаңыз. Осылайша денеңіз бен ойларыңыз жаңа күнге дайын болады.
Шапалақ.
Балалар шеңберге тұрып қолдарын созады. Тәрбиеші үш деген кезде, барлықтары бір уақытта қолдарымен шапалақ соғуға тиісті.
Балалар сендердің көңіл - күйлерің қандай?
Сендер көңіл - күйлеріміз жақсы дедіңдер. Енді осы жақсы көңіл - күйлеріңді көрсетіңіздерші.
Көңілді болғанда не істейміз?
Ренжігенде...
Қорыққанда...
Қуанғанда...
Таң қалғанда...
Шапалақты тыңда
Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші алақанын соққанда балалар бір аяқпен, екі рет шапалақтағанда қолдарын екі жаққа созып, үш рет шапалақтағанда жүруін жалғастырады.
Қанша дыбыс естідіңдер?
Жүргізуші бірнеше рет қарындашпен үстелді соғады, Ал, балалар естіген дыбыстарын саусақпен көрсетеді.
Гүл
Балалар әр жерде отырады. Жүргізуші: балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Күн шықты, гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді (қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастады, гүлдер желмен жан - жаққа шайқалады (қолдарын жан - жаққа шайқайды). Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тоңып, бүрісіп жабылады (қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрісіп отырады). Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастады, сол уақытта гүлдер де, құлпырып, жайнап ашыла бастайды (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады).
Кім әлі ұйқыда?
Тұру керек.
Асығыңдар жаттығуға.
1. Балалар төсекте, арқаға жатып, қолын жанына созу, демдерін бірнеше секунд іште ұстап, еркін шығару.
2. Балалар төсекте, арқаға жатып қолды екі жаққа созу, жұдырықтарын жұму, қолдарын алға созып айқастыру, демалу.
3. Балалар төсекте, арқаға жатып қолдарын бастарына қойып кезекпен сол аяқтарын, он аяқтарын көтеру, екеуін бірге ұстап, жайлап түсіру.
4. Балалар төсекте, арқаға жатып шынтақтарын тіреп иілу, кеуделерін жоғары көтеру, басты тік ұстау 3 - 5 секунд
5. Балалар төсекте, ішке жатып, қолдарын иыққа қою, аяқтары еденде.
6. Балалар төсекте, ішке жатып қолдарын иыққа қою, иілу, шынтақтарын тіреп, мойындарын созу.
Созылу.
Балалар төсекте, бір қалыпта, арқасымен жату, аяқтары бірге, қолдары аяғының бойымен тіке тұрады. Жауырынды тік ұстап созылу.
Қоңырау, қоңырау сылдырла,
Ұл мен қызды оятып.
Оянсаңдар егер де,
Бір - біріңе күліңдер.
Кемпірқосақ сал.
Бір қалыпта, арқасымен жату, аяқтары бірге, қолдары аяғының бойымен тіке тұрады. Жауырынды тік ұстап созылу.
Оң аяқты көтеріп ауада жарты шеңбер жасау, дәл солай сол аяқты көтеріп жарты шеңбер жасау.
Қандай ғажап керемет,
Әсем есік ашылды.
Түрлі - түсті бояулар,
Аспанда жайылып шашылды.
Найзағай.
Бір қалыпта, арқасымен жату, аяқтары бірге, қолдары аяғының бойымен тіке тұрады. Аяқтарын кеудеге жеткізу, қолдарымен құшақтау. Түзелу.
Аспанда найзағай жарқырады,
Балалар қорқып қашады.
Қайық.
Ішпен жату, қолдар иектің астында. Жартылай тұрып, еңкею, тербелу.
Жерде бұлақ жүреді,
Қағаздан қайық жасайық.
Суға оны жіберіп,
Қайықпен бірге жүзейік.
Мысық.
Терезенің қасында,
Орындықты тауып ап,
Мысық ұйықтап жатады,
Оян, қане мысығым,
Жаттығуды жасайық.
Бір бүйірден екінші бүйірге аунау.
Оянайық бәріміз.
Тәрбиешінің айтқанын орындайды.
Көздеріңді ашыңдар,
Кірпіктеріңді көтеріңдер.
Беттеріңді жеңіл қимылмен сипаңдар,
Бір - біріңе жымиыңдар,
Бастарыңды оңға, солға бұрылыңдар,
Ауаны жұтыңдар, содан соң жіберіңдер,
Іштеріңді тартыңдар,
Көңіл күй көтерілді,
Кеуделеріңді алақанмен сипаңдар,
Жұдырықты қысыңдар,
Енді біраз ашыңдар,
Керіліңдер, созылыңдар,
Енді ояндыңдар, төсектен тұрыңдар.
Әтеш ұйықтап жатыр.
Арқасымен жату, қол басында, аяқ бірге.
Аяқ пен қолды жоғары көтеру,
Әтеш оянды.
Әтеш бидай іздейді.
Отыру, аяқты бірінің үстіне бірін қою.
1. Басты оңға бұру
2. Қалыпқа келу
3. Басты солға бұру
4. Қалыпқа келу
5. Сол жаққа қайталау.
Басты бұру.
Төсекте отыру, қол белде, басты оңға бұру,
Қалыпқа келу.
Қайталау, сол жаққа
Қалыпқа келу.
Алақаныңды көрсет.
Қолдары иықта,
Қолдарды алға созу, алақан көрсету.
Қалыпқа келу.
Қайталау, сол жаққа, алақан төменде.
Қалыпқа келу.
Мысық бірде жақсы, бірде жаман.
«Төрт аяқтап» тұру.
Арқасын бірде бүгіп, бірде түзеу.
Аяқ ұшымен тұру.
Кереуеттің қасында тұру.
Өкшелер екі жақта, аяқ ұшымен тұру.
Бәріміз бірге еңкейейік.
Велосипед.
Бірге секірейік.
Бірге созылайық.
Бірге қолымызды созайық.
Бірге еңбектейік.
Бірге тіземізді ұстайық.
Бір орында секіру.
Тыныс алу.
Достарыңызбен бөлісу: |