Кіріспе Мақсаты


Бейімделудің шарсыз рефлексі жолының схемасы



бет8/10
Дата25.12.2016
өлшемі2,23 Mb.
#5026
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Бейімделудің шарсыз рефлексі жолының схемасы

1- алдыңғы ми; 2 –аралық ми; 3- ортаңғы ми; 4- мишық;

5-сопақша ми

Балықтың терісіне орналасқан пигмент клеткалары(хроматофорлар) тітіркенудің нәтижесінде өзгереді- созылады немесе жиырылады. Егер де камбаланың басы қара қоңыр грунтта болып, көзі сол реңді қабылдаған болса, балықтың денесіндегі қара қоңыр пигмент клеткалары созылады, Ол терінің реңін қоңыр тартқызыды. Егер басы бозғылт грунтта жатса, онда боз пигмент клеткалар созылыды да- терісі ақшыл тартады.Осындай грунттың түсіне байланысты, терең сулардағы балықтардың түсінің қоңырқай болып, маржан рифтерріндегі тәрізді түстері ашық реңді болуы рефлекторлық өзгеріс екендігін түсіндіреді. Осы сияқты іштен пайда болған рефлекстердің жануаралады жыртқыштардын қорғауда орасан зор бейімдеушілік маңызы бар.



Балықтардың шығу тегі мен көп түрлілігі.

Балықтар класының систематикасы мен сипаттамасы.

Сабақтың мақсаты: Су ортасындағы жағдайға тәуелділігіне байланысты экологиялық әр түрлілігі және шығу тегі жайында ұғым беру. Оқушылырды шеміршекті, сүйек шеміршекті, қос тынысты және саусақ қанатты балықтардың құрлысындағы ерекшеліктерімен таныса отырып, олардың балықтар жайындағы ұғымын кеңейте түсу. Кластың систематикасы мен эволюциясы жайында ұғым беру.

Методтары: Баяндау, әңгіме.

Құрал – жабдықтар: Табиғи құралдар. Балықтардың ылғал препараты.

Сабақтың барысы: Мұғалім төрт оқушыны шақырып, алдыңғы столға отырғызады да карточкадағы екі варианттың сұрақтарына жазбаша жауап беруді ұсынады.

Карточканың 1-варианты:



  1. Балық өзін қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерді қай органдарының

көмегімен сезеді. Балқтың дыбысты қабылдауындағы ерекшеліктері қандай?



  1. Балықтың қандай жүзу қанаттары басқа омыртқалы жануарлардың жұп

аяқтарына сай келеді?

Карточканың 2-варианты:

1. Балық скелетінің бөлімдерін атап шығыңдар. Скелеттің тірек және

қорғаныштық ролі неге негізделген?



  1. Балық тіршілігінде торсылдақтың қандай маңызы бар?


Жаңа материалды оқыту: Бас сүйексіздердің бірәзі жойылып кеткен де екінші бір бөлімі бір жағынан жақсүйексіз жануарлардың бастамасын берген. Екіншіден осы күнгі балықтардың арғы тегі болған ертедегі балықтардың бастамасын берген. Ең алғашқы омыртқалалар балықтар болғандықтан және омыртқалалардың арғы -тегі болып есептелетіндіктен ,олардың құрлысы қарапайым болған.
Баяндау барысында тақтаға балықтардың шығу тегі мен систематикасының схемасын сызады. Оқушылар оны дәптерлеріне жазып алады .Бұл схеманы бір рет беруді ұсынады .

Балықтардың шығу тегі мен систематикасы .


Ертедегі бас сүйектер

Осы кездегі бас сүйексіздер ланцетниктер

Осы кездегі жақ сүйексіздер миногалар

Осы кездегі балықтар

Мысалы оттек мөлшері аз болғандықтан басқа балықтар тез қырылып қалатын су қоймаларында, тұщы су балықтары- қара балық және табан балықтар тіршілік ете алады . Табан балықтардың бұл ерекшеліктері олардың терісімен көбірек тыныс алатындығынан деп түсінуге болады. Антрактикалық сулардығы балықтардың кейбір түрлерінің қанында түс болмайды, су сияқты болады. Ақ қандағы оттек мөлшері аз, өйтекені тіршілік жағдайына байланысты бұл балықтардың оттекке деген мұқтаждығы кеміген. Нәлім балық дұрыс өсіп жетілу үшін оттектің мол болуы жеткіліксіз, сонымен қатар оған судың температурасының төмен болуы керек, осындай жағдайда нәлім өте жақсы өседі. Нәлім басқа балықтар сияқты көктемде көбеймей, желтоқсан-қаңтар айында көбейеді.

Басқа бір балықтар ыстық қайнарларда +52С температурада мекендеуге бейімделген. Ондай ыстық суда қолды ұстап тұруға болмайды. Әдеттегі балықтардың +30С- ден жоғары температурады жүрек қызметі бұзылады.

Жаңа материалды оқыту: Балықтардың бір-бірінен мекен ортасына және тіршілігінің түрлілігінен ғана ажыралып қоймай, құрлысының күрделілігінен де, яғни сыртқы және ішкі құрлыстарының күрделілігінен, ертедегі шығу тегі жағынана да ажыратылатындығын хабарлайды. Балықтардың осындай алуан түрлілігіне қарай оларды негізінен екі топқа бөледі: шеміршекті балықтар деп, акула және скаттар жатады, сонан кейін сүйекті балықтар , оған балықтардың төрт тобы- сүйекті шеміршекті, сүйекті, қостынысты, саусақ қанатты балықтар жатады. Теріс қабыршақпен қапталған: жұп аяқтардың орнында жүзу қос қанаттары бар; көпшілігі желбезектері арқылы тыныс алады; жер бетіндегі жануарларды болмайтын бүйір сызық органы бар; жер бетіндегі жануарларда.Ішкі скелеті – омыртқа жотасынан тұрады; жүрегі екі камералы , қан айналуының бір ғана шеңбері бар, зат алмасу баяу жүреді, денесінің температурасы тұрақты емес.
Бауырмен жорғалаушылыра класы немесе Рептилий.

Оқу -тәрбиелік міндеттері:Бауырмен жорғалаушылырды мысалға ала отырып, қос мекенділерге қарағанда одан да ары кеңінене таралып, құрлықтың жануары бола түсуіне мүмкіндік берген жануарлар құрлысының және органдарының атқаратын қызметінің күрделене түсуімен оқушыларды таныстыру. Қоректену қозғалу тәсілдерінің түрліше болумен байланысты, бауырмен жорғалаушылардың алуан түрлілігі жайында түсінік беру. Жануарларға мейірімділікпен қарауды тәрбиелеу мақсатында зиянды насекомдар мен кемірушілерді жоюдағы бауырмен жлрғалаушылырдың ролін көрсету. Оқушыларға жыланның уын медицинада пайдалану жайында таныстыру. Улы жылындардың шағуына болатын ауруларды емдеу шаралары мен олардың алдын ала сақтандырудағы қамқорлығын көрсету.

Биологиялық ұғымдар: Қос мекенді жануарлардың жаңа тобы рептилийдің шыққанын айқындай отырып, эволюция жайындағы ұғымды кеңейте түсу.


Кесірткенің сыртқы және ішкі құрлыстары.

Сабақтың мақсаты: Кесірткенің құрлықта тіршілік етумен байланысты сыртқы және ішкі құрлысындағы ерекшеліктерімен оқушыларды таныстыру.

Методтары : Баяндау, әңгіме.

Құрал- жабдықтар: Табиғи құралдар. Кесірткелер, усыз жыландар, тасбақалар.

Сабақтың барысы: Мұғалім жануарлардың жаңа класы-бауырмен жорғалаушыларды айтады. Ол оқушылырға дәптердегі «Хордалылар систематикасының » тиісті графасына кластың атын жазуды ұсынады да, тақтаға сабақтың тақырыбын жазады. Кесірткелердің тіршілік ортасы жайлы баяндайды. Мұғалім оқушылардан ашық күнде кесірткені қайда кездестіруге болады. Бақа мен кесірткенің тіршілік ету ортасында қандай айырмашылық бар. Кеш құрым немесе ауа райы суық болғанда кесірткелер қайтеді?-деп сұрақ қояды.

Сұр кесіртке – құрғақ жерлерде тіршілік ететін нағыз құрлықтың жануары. Мұндай жерде тек мынадай белгілерінің: терісімен тыныс алуы, жер бетінде имек өткір тырнақтарының көмегімен қозғалуы, сондай-ақ құйрығының күшті болуы мен денесінің серпімді иілгіш болуының арқасында ғана тіршілік етуге болады.



Кесірткенің ішкі құрлысы жайында айтатын болсақ- кесірткенің скелетін,»Қан айналу схемасы», «Омыртақалылардың миы» таблицана пайдалана отырып, түсіндіру. Алдымен кесірткелер құрғақ ортаға бейімделгенде қос мекенділерден олардың сыртқы құрлысы жағынана ғана өзгеріс болып қоймай, ішкі органдарының құрлысында да мынадай өзгерістердің болғанын айту керек.

Скелетіндегі өзгерістер: Омыртқа жотасы бір-бірімен қозғалмалы болып орналасқан толып жатқан омыртқалардан тұрады. Бас сүйегі омыртқа жотасымен бір ғана өсіндісі арқылы қозғалмалы болып байланысқан .Омыртқа жотасы мойын бөлігі оңашаланған.Атмосфера ауасымен тыныс алуды маңызы бар көкірек қуысын құратын қабырғалары жақсы жетілген.бауырмен жорғалаушылардың қабырғаларын көргенде өкпесіне ауа кіреді, ал төмен түсіргенде өкпедегі ауа ығыстырылып шығарылады.

Тыныс алу органдарындағы өзгерістер: Кесірткелердің өкпесі қос мекенділердікі-не қарағанда жақсырақ дамыған. Оның көлемі үлкен және құрылыс майда торлы болып келеді, бұның өзі оның жанасу бетін ұлғайтады. Оларды толып жатқан қан капиллярлары шырмап жатады. Мұның бәрі ауадағы оттектің жақсырақ сіңуін қамтамасыз етеді .Бауырмен жорғалаушылар терісімен тыныс алмаутын болғандақ-тан мұның маңызы зор.
Қан айналу системасындағы өзгерістер: Кесірткенің жүрегі, қос мекенділердікі сияқты үш камерелы, алайда қарыншасындағы пердесі толық бөліндеген. Қан денеде баяу ағады да, зат алмасуыда баяу жүреді. Дененің температурасы ауаның температурасына байланысты өзгеріп отырады. Баурмен жорғалаушылар, қос мекенділер мен балықтар сияқты салқын қанды жануарлар.



Кесіртке жүрегін ұзынынан тілгендегі схемасы;

1-сол құлақшасы; 2-оң құлақшасы; 3- қарыншасы; 4- қарыншаның пердесі; 5- веналар; 6-артерииялар
Нерв системасындағы өзгерістер: Кесірткелердің миы да қос мекенділердікі мен балықтардікі сияқты бес бөлімнен тұрады. Деген мен кесірткелердің алдыңғы миы мен мишығы күштірек дамыған. Сондықтан бауырмен жорғалаушылардың рефлекторлық әректетері қос мекенділердікіне қарағанда алуан түрлі болып келеді.

Көбею тәсіліндегі өзгерістері:Ұрықтануы іште болады.Көбеюі сумен байланысты емес.Ұрық қабымен қоршалған жұмыртқа сыртында ұрықты кеуіп кетуден сақтайтын тығыз тері қабығы болады . Жұмыртқадан личинка емес толық қалыптасқанкішкене кесірткелер шығады. Қос мекенділердең айырмашылығы кесіртке жұмыртқадан шыққаннан кейін , түрленбестен дамыды . Түрлену процесі жұмыртқадан өтеді.


Құстар класы.

Оқу-тәрбиелік міндеттері: Оқушыларды құстардың құрылысындағы ұшу тіршілігіне байланысты қызмет атқаруының ерекшеліктерімен таныстыру. Бауырмен жорғалаушылармен салыстырғанда құстар құрлысының күрделене түскенін белгілеу, тіршілік жағдайына байланысты құстардың алуан түрлілігі жайында ұғым беру. Құстар мен бауырмен жорғалаушылырдың туыстас екендігін белгілеу. Табиғаттағы және адамның шаруашылық ісіндегі құстардың маңызын анықтау, сондай-ақ оқушыларды пайдалы құстарды қорғау және үйрету қажеттігі туралы қорытындыға келтіру.

Биологиялық ұғымдар: Эволиюция жағдайындағы ұғымды кеңейте түсу. Зат алмасуы жайындағы ұғымда тереңдету. Нервизм жайындағы ұғымды кеңейте және тереңдете түсу .
Құстардың сыртқы құрлысы мен тіршілігі.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды құстардың ұшуына байланысты сыртқы құрлысындағы ерекшеліктерімен таныстыру.

Методтары: Баяндау ,әңгіме.

Құрал-жабдықтар: Табиғи объектілер. Тордағы тірі құс , құстың тұлыбы, мамық қауырсындар, құстың кептірілген қанаты мен аяғы.

Сабақтың барысы: Мұғалім оқушыларға бауырмен жорғалаушыларды оқып бітіргенін, енді құстар класына біріктірілетін жануарлардың жаңа тобын оқуға кіретіндігі туралы қысқаша түсіндіреді.

Мұғалім тақтаға, ал оқушылар өз дәптеріне сабақтың тақырыбын: «Құстардың сыртқы құрылысы және тіршілігі»- деп жазады. Содан кейін мұғалім бауырмен жорғалаушылардың ішкі және сыртқы құрлысында қандай ерекшеліктер тән?



Бауырмен жорғалаушылар қалай көбейеді? Неліктен суық климатты жерлерде бауырмен жорғалаушылар сирек кездеседі? Жоғарғы ендіктерде тіршілік етуге олардың қандай бейімділіктері бар? Құстар солтүстік аудандарда кездесе ме? Құстардың басқа жануарлардан қандай ерекшеліктері бар?-деп сұрайды. Мұғалім ұшатын жануарлар омыртқалыардың басқа кластарда кездесетінін , ал қауырсындарының болуы құстардың сыртқы бейнесіне тән белгі болып табылатынын айтады. Сондықтан оларды қанаттылар деп атайды. Құстың денесін жауып тұрған қауырсан бірдей емес: олардың арасында мамық қауырсындары және жабын қауырсындары болады. Мұғалім тақтаға құстың қауырсынын салады, оның бөліктері және құрылысы жайында баяндайды. Бауырмен жорғалаушылар сияқты құстарды түлейді: белгілі бір ізділікпен қауырсындары түседі де орнына жаңалары шығады. Құстың теріс құрғақ болады, алайды құйрығының түбінде құйымшақ безі бар. Бұл бездің өзінен бөлетін затының ішінде май көп болады. Оны құс тұмсығымен безінен шығарып , қауырсындарын майлайды, содан қауырсынға су жұқпайтын болады. Оқушыларға құстың ұшуы адамзат назарын ертеден аударып келгенін айтқан жөн. Ұшудың әр түрлі типтерінің (қанатын қағып, қалықтап ұшу) сондай-ақ құстар құрлысының ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде адам бұл білімді авиация техникасында пайдалануға мүмкіндік алды. Мұғалі қорыта келе, құстардың барлық ерекшеліктер ұшуға және әр түрлі жағдайға бейімделушілік болып табылатындығын айтады.
Құстың сүйек -ет системасы.

Сабақтың мақсаты:Құстар скелеті мен басқа омыртқалы жануарлар скелеттерінің құрлысындағы жалпы ұқсастықты белгілеу. Ұшумен байланысты болған құстар скелетіндегі ерекшеліктерді көрсету.

Методтар: Мұғалімнің баяндауы.

Құрал-жабдықтар: Табиғи объектілер. Құстың скелеттері,құстың тұлыбы, жабын және мамық қауырсындар.

Сабақтың барысы: Мұғалім оқушыларға мына сұрақтарды береді: сыртқы құрылысындағы қандай ерекше белгілері құстарды жер бетіндегі басқа омыртқалы жануарлардын айырады? Құс қауырсының құрлысы қандай? Құстардың тіршілігі үшін тұмсығының қандай маңызы бар?

Жаңа материалды оқыту: Мұғалім оқушыларға балықтың, бақаның ,кесірткенің және құстың скелеттерін салыстырып, олардың құрлысындағы жалпы ұқсастықтарын тауып белгілеуді талап етеді. Оқушылар құстардың скелетінде де басқа омыртқалылдардың да бөлімдердің бәрі бар екендігін ,атап айтқанда: бас сүйегі омыртқа жотасы,алдыңғы аяқ скелеті болатынын білетін болады.Бұдан кейін мұғалім басқа омыртқалылармен ұқсастықтар мен болуымен қатар құстар скелетінде ұшумен байланысты болған бір қатар ерекшеліктердің де бар екенін айтады.

Бұлшық еттері: Мұғалім оқушылардан бұлшық еттердің болатынын және олардың қызмет атқаратын сұрайды; құстың ең жақсы дамыған еттері қай жерінде орналасқанын сұрайды, алдыңғы аяқ (қанат) еттерінің нашар жетілгенін және қанаттары төс сүйегінің қырына бекінгенін еттің жиырылуынан қозғалысқа келетінін атап айтады. Көкірек еттері өте жақсы дамыған, мысалы кептердің көкірек етінің салмағы оның жалпы салмағының 6/1 бөлігіне тең.
Құстың ішкі құрылысы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды құстың ішкі құрылысымен таныстырып, ұшумен байланысты болған ерекшеліктерін атап көрсету.

Методтары : Мұғалімнің баяндауы.

Құрал-жабдықтар: Табиғи объектілер. Іші жарылған құс немесе іші жарылған құстың препараты.

Сабақтың барысы: Сыныпқа сұрақтар қою арқылы жүргізуге болады.Ұшумен байланысты құстар скелетінің қандай ерекшеліктері бар? Құстың алдыңғы аяғы қалай өзгереді? Неліктен кесірткелер мен жыландардың омыртқа жотасы иілгіш, ал құстардікі мойын омыртқаларынан басқасы тұтасып біткен.

Жаңа материалды оқыту: Ас қорыту органдары. Мұғалім құстардың өте қозғалғыш екенін, ұшқанда көп энергия жұмсайтыны жайында айтады. Энергияның көзі- қорек, сондықтан құс өте көп және жиі қоректенеді, мысалы сары шымшық тәулігіне өздерінің салмағы қанша болса, сонша жем жейтінін айтады. Ұсақ құстар ірі құстарға қарағанда жемді көбірек жейтінін атап айту керек. Ас қорыту органының құрлыстары мен атқаратын қызметін айта отырып, мұғалім оның ұшуымен байланысты болған ерекшеліктеріне: ас қорыту сөлінің күшті әсер ететіне, ашы ішектерінің сіңіру бетінің үлкендігіне, қортылған заттың қалдығын ішектің жиі босап тұратына оқушылардың назарын аударады.

Тыныс алу органдары: Оқушылар жануарлар тіршілігі үшін азықтан басқа, оттек қажет екенін естеріне түсіреді құстардың ұшып жүргенде тыныс алуы бір басқа, жерде жүргенде басқаша болатынын түсіндіреді. Тыныштық күйде көкірек клеткасының көлемінің өзгеруі арқасында тыныс алып , тыныс шығаратын болады. Тыныс алғанда қабырғаның түйіскен бөлімдерінің арқасындағы бұрыш ұлғайады одан төс сүйегі төмен түседі. Тыныс шығарғанда төс сүйегі өзінің қалыпты жағдайындағы күйінде болады. Ұшып жүргенде тыныс алу басқаша болады. Тыныс алғанда қанаттарын жоғары көтергенде , ауа өкпе арқыла ауа қапшығына өтеді. Өкпеде газ алмасада және оттек ғана өтеді.

Тыныс алу Тыныс шығару

Оттек қанға өтеді Оттек қанға өтеді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет