Кіріспе Микробиологияның даму тарихы



бет19/69
Дата18.12.2023
өлшемі177,17 Kb.
#197487
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция (копия)
zharaskyzy, ҚТЖ - 6 ДТ, накты талдау, Мат.анализ под редакцией Демидович, aza-tlnen-10-synypa-arnalan-orytyndy-test-tapsyrmalary, микробиология лекция, Латын, мейіргер ісі сөзжұмбақ
Бейарнамалы факторлар ағзаның туғаннан пайда болған микроорганизмдерді жоюға арналған қабілеті.
Арнайы қорғаныс факторлары ағзамен қоздырғыш немесе оның токсині жанасқан кезде пайда болады да, оның әсері тек осы қоздырғышқа немесе токсиніне бағытталады.


Бейарнамалы қорғаныс факторы

Ағзаның микроорганизмдердің зиянды әсерінен қорғайтын механикалық, химиялық және биологиялық факторлар бар.


Тері: Зақымданбаған тері микрооргнаизмдердің енуіне тосқауыл болады.
Механикалық фактор: май және тері бездерінің бөлшектерінің әсері терідегі микроорганизмдерді жоқ қылады.
Химиялық фактор: тері бездеріндегі май қышқалдары мен сүт қышқылдары бактерияларды өлтіреді.
Биологиялық фактор: адамның қалыпты микрофлорасы патогенді микроорганизмдерді жойып жібереді.
Әртүрлі мүшелердің кілегей қабаттары да микроорганизмдердің енуіне кедергі болады. Мұрын қуысындағы кірпікшелер тербеліп, микробтардың енуіне кедергі болады. Жөтел, түшкіру де микробтар енуіне кедергі келтіреді. Көз жасында, сілекейде, ана сүтінде және басқа да ағзаның сұйықтарында лизоцим болады, олар микробтарға химиялық әсер етеді, яғни жойып жібереді.


Бейарнамалы қорғаныстың гуморальдық факторлары.

Қанның құрамында микроорганизмді жойып жіберу қасиеті бар бейарнамалы заттар бар.


Оларға: комплемент, пропердин, β-лизин, эритрин, лейкин, плакин, лизоцим жатады.
Комплемент - қансарысу ақуызынан тұратын термолабильді ферментті жүйе. Ол 55 градус температурада 30 минут ішінде бұзылады.
Пропердин - қансарысу ферменті, ол ағзаның инфекцияға қарсы тұақтылығында маңызды роль атқарады. Қансарысуда пропердиннің мөлшерінің азаюы ағзаның иммундық жүйесінің төменділігін көрсетеді.
β лизин – қансарысудың температураға тұрақты микробтарға қарсы әсер ететін ферменті. Ол 63 градус температурада және ультракүлгін сәулесінің әсерінен бұзылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет