Кіріспе Микробиологияның даму тарихы


Иммунитет. Аурудан кейін иммунитет тұрақты емес, себебі пневмония қайталау мүмкін. Алдын - алу шаралары



бет32/69
Дата18.12.2023
өлшемі177,17 Kb.
#197487
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция (копия)
zharaskyzy, ҚТЖ - 6 ДТ, накты талдау, Мат.анализ под редакцией Демидович, aza-tlnen-10-synypa-arnalan-orytyndy-test-tapsyrmalary, микробиология лекция, Латын, мейіргер ісі сөзжұмбақ
Иммунитет. Аурудан кейін иммунитет тұрақты емес, себебі пневмония қайталау мүмкін.
Алдын - алу шаралары. Санитарлы – гигиеналық шаралар.
Арнайы алдын- алу шаралары жоқ.
Емі. Антибиотиктер- пинициллин, тетрациклин, т.б.
Микробиологиялық зерттеу.
Зерттеу мақсаты. Пневмококкты анықтау.
Зерттеу материалы. 1. Қақырық (пневмония)
2. Аңқадан шырыш (ангина)
3. Жараның сұйықтығы (плеврит)
4. Құлақтан шырыш (отит)
5. Ірің ( абсцесс)
6. Плеврадан сұйықтық (плеврит)
7. Қан (сепсис)
Материалды алу әдістері.
1. Қақырық – стерильді ыдысқа жинайды.
2. Аңқадан шырыш – стерильді тампонмен алады.
3. Плеврадан сұйықтық – стерильді шприцпен алады.
4. Жарадан – NaCl ерітіндісіне батырылған стерильді мақта тампонмен алады.
5. Құлақтан шырыш - ол да солай алынады.
6. Ірің жарақаттан – ашық жарақаттан мақта тампонмен, жабық жарақаттан – шприцпен алады.
7. Қан- тамырдың 5-10 мл шприцпен алады.
Негізгі зерттеу әдістері.
1. Микроскопиялық
2. Микробиологиялық
3. Биологиялық


Менингококктар.

Neisseria тұқымы адамға патогенді 2 түрлі микробтан тұрады:


1. N. meningitides
2. N. gonorrhoeae
Менингококкты 1887 жылы Вексельбаум жұлынның сұйықтығынан анықтаған.
Морфология. Менингококктар – жұп кокктар, көлемі – 0,6- 0,8 * 1,2 – 1,5 мкм. Менингококктар қозғалмайды, спора түзбейді, капсуласы бар. Грам теріс (-). Таза өсімде төрт – төрттен немесе бөлектеніп әртүрлі орналасады, ал жұлыннан жасалған жұғындыда жұпталып орналасады. Ал іріңде лейкоциттің ішінде орнласады.
Культивирлеу. Менингококктар анаэробтар. Қоректік ортада талғампаз, ақуызы бар ортада ғана өседі (қан, қансарысу ) 36- 37 градус температурада рН – 7,4 – 7,6 ортада өседі. Олардың көбеюі үшін қоектік орта ылғалды және көп мөлшерде көмірқышқылы болуы керек. Қатты қоректік ортада менингококктар d – 2-3 мм нәзік, жартылай мөлдір, көгілдір колониялар құрайды. Жаңадан бөлінген штаммалар S – формалы. Көне өсімдерде бұдырлы R – формаға айналады.
Ферментативті қасиеті. Менингококктардың биохимиялық белсенділігі аз. Глюкоза мен мальтозаны қышқылға дейін ыдыратады. Ақуыз ыдырату қасиеті білінбейді: сүтті ұйытпайды, желатинді ерітпейді.
Патогенділігі. Гиалоуронидаза және нейраминидаза ферментін бөледі.
Токсин түзуі. Жасуша бұзылғанда эндотоксин бөлінеді, ал аурудың қанынан және жұлын сұйықтығынан анықталады. Аурудың ауырлығы бөлінген токсиннің мөлшеріне байланысты.
Антигендік құрылымы. Полисахаридтік антигенге байланысты менингококктар келесі топтарға бөлінеді: А, В, С, D, X, Y, U – 135, 29 E. Халықаралық классификация бойынша негізгі топтары А, В, С.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет