Менингококктар. Neisseria тұқымы адамға патогенді 2 түрлі микробтан тұрады: N. meningitides N. gonorrhoeae ​Менингококкты 1887 жылы Вексельбаум жұлынның сұйықтығынан анықтаған. ​Морфология



бет1/6
Дата01.12.2023
өлшемі23,86 Kb.
#194409
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Документ (3) (копия)


Менингококктар.
Neisseria тұқымы адамға патогенді 2 түрлі микробтан тұрады: 
1. N. meningitides 
2. N. gonorrhoeae 
​Менингококкты 1887 жылы Вексельбаум жұлынның сұйықтығынан анықтаған. 
Морфология. Менингококктар – жұп кокктар, көлемі – 0,6- 0,8 * 1,2 – 1,5 мкм. Менингококктар қозғалмайды, спора түзбейді, капсуласы бар. Грам теріс (-). Таза өсімде төрт – төрттен немесе бөлектеніп әртүрлі орналасады, ал жұлыннан жасалған жұғындыда жұпталып орналасады. Ал іріңде лейкоциттің ішінде орнласады. 
Культивирлеу. Менингококктар анаэробтар. Қоректік ортада талғампаз, ақуызы бар ортада ғана өседі (қан, қансарысу ) 36- 37 градус температурада рН – 7,4 – 7,6 ортада өседі. Олардың көбеюі үшін қоектік орта ылғалды және көп мөлшерде көмірқышқылы болуы керек. Қатты қоректік ортада менингококктар d – 2-3 мм нәзік, жартылай мөлдір, көгілдір колониялар құрайды. Жаңадан бөлінген штаммалар S – формалы. Көне өсімдерде бұдырлы R – формаға айналады. 
Ферментативті қасиеті. Менингококктардың биохимиялық белсенділігі аз. Глюкоза мен мальтозаны қышқылға дейін ыдыратады. Ақуыз ыдырату қасиеті білінбейді: сүтті ұйытпайды, желатинді ерітпейді. 
Патогенділігі. Гиалоуронидаза және нейраминидаза ферментін бөледі.
Токсин түзуі. Жасуша бұзылғанда эндотоксин бөлінеді, ал аурудың қанынан және жұлын сұйықтығынан анықталады. Аурудың ауырлығы бөлінген токсиннің мөлшеріне байланысты. 
Антигендік құрылымы. Полисахаридтік антигенге байланысты менингококктар келесі топтарға бөлінеді: А, В, С, D, X, Y, U – 135, 29 E. Халықаралық классификация бойынша негізгі топтары А, В, С. 
А - тобы эпидемиялық маңызы зор дерттің бүкіл денеге тарайтын түрін тудырады. 
В және С – топтары қайталанып тұратын аурулар туғызады. 
Қалған топтар аз зерттелген. 
Қоршаған орта факторына төзімділігі. Менингококктар тұрақты емес, 70 градус температура оларды 2-3 минуттан кейін өлтіреді. Олар температураға сезімтал, басқа кокктарға қарағанда төменгі температураға төзімді. Дезинфекциялаушы ерітінділер оларды тез жояды. 
Жануарлардың қабылдаушылығы. Табиғи жағдайда жануарлар менингококктерге сезімтал емес. Маймылдарға менингококктарды субдуральды енгізгенде ауру пайда болады. Қарын арқылы жұқтырғанда ақ тышқандар мен теңіз тышқандары эндотоксиннің әсерінен бірден өледі. 
Инфекция көзі. Ауру адам және бактериятасымалдаушы. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет