Менингококктар. Neisseria тұқымы адамға патогенді 2 түрлі микробтан тұрады: N. meningitides N. gonorrhoeae ​Менингококкты 1887 жылы Вексельбаум жұлынның сұйықтығынан анықтаған. ​Морфология



бет5/6
Дата01.12.2023
өлшемі23,86 Kb.
#194409
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Документ (3) (копия)

Ферментативті қасиеті. Күл бактериясының 3 биоварының ферменті цистиназа цистинді күкіртті сутекке дейін ыдыратады. Бұл қасиеті патогенді емес бактериялардан ажыратуда қолданылады.
Осы 3 биовардың қоздырғыштары глюкоза мен мальтозаны қышқылға дейін ыдыратады. Гравис крахмалды ыдыратады. Бұл қасиеті оны басқа 2 түрден ажыратуда қолданылады.
Күл коринебактериясы патогенді ферменттер нейраминидаза және гиалуронидаза құрайды.
Токсинтүзуі. Экзотоксин түзеді, ол тұрақты емес. Температураның, жарықтың, ауаның әсерінен тез бұзылады. Токсинге формалин қосып (0,3 – 0,4 %) 37- 38 градус температурада ұстағанда, бірнеше аптадан кейін өзінің уын жойып, антигендік қасиетін сақтап, анатоксинге айналады.
Антигендік құрлымы. Күл бактериясының белокты антигені және О- антигені болады. Сонымен қатар 19 фаговары бар.
Қоршаған орта факторларына төзімділігі. 60 градус температурада 10-15 минуттен кейін, 100 градус температура 1 минуттан кейін өлтіреді. Ұйыған сарысуда бөлме температурасында 2 айға дейін, балалар ойыншықтарында бірнеше тәулікке дейін сақталады. Төменгі температураға, кептіруге төзімді.
Дезинфекциялаушы ертінділер (3% фенол, 1 % сулема т.б.) бірнеше минуттан кейін өлтіреді.
Жануарлар қабылдаушылығы. Жануарлар күлмен ауырмайды.
Ауру көзі. Аура адамдар мен бактерия тасымалдаушылар.
Таралу жолдары. Ауа - түйіршіктері, тұрмыстық – жанасу (ыдыстар, кітаптар, ойыншықтар, сүлгі, т.б.)
Адамдардағы ауру. 1. Аңқа дифтериясы
2. мұрын дифтериясы.
Патогенез. Бактерия тыныс жолдарының кілегей қабаты және зақымданған тері арқылы енеді. Кілегей қабатқа түсіп, бактерия көбееді және оны жансыздандырады, кілегей қабатта сұрғылт, сары түсті қабыршақ пайда болады. Оны шпательмен алғанда кілегей қабат қанайды. Күл коринебактериясы жансызданған аймақта көбейіп, экзотоксин бөледі, ол кілегей қабатты ісіндіреді. Ісік кілегей қабаттан көмейге, бронхқа жайылып, тұншықтырады. Қандағы токсин жүректі, бүйректі және нерв жүйесін зақымдайды.
Иммунитет. Емшектегі сәбилер ауырмайды, себебі оларда анасынан берілген пассивті иммунитет бар. Аурудан кейін иммунитет болады. Антитоксикалық иммунитетті анықтау үшін ШИК реакциясын қояды. Тері астына енгізіп, 24 – 48 сағаттан кейін тексереді:қанда антитоксин болмаса 24 – 48 сағаттан кейін енгізген жерде қызару және ісіну пайда болады (d – 2 см ). Ал антитоксин болса қызармайды, ісінбейді, себебі қандағы антитоксин дифтерия токсинің нейтралдайды, яғни жояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет