Кіріспе Микробиологияның даму тарихы


Ферментативтік қасиеті – жоқ



бет44/69
Дата18.12.2023
өлшемі177,17 Kb.
#197487
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция (копия)

Ферментативтік қасиеті – жоқ. Культуральды штаммалары өзара индол және күкірттісутек түзуімен ажыратылады.
Токсинтүзуі анықталмаған.
Антигендік құрылымы. Полисахаридті, липидті, протеинді антигендік комплекстері бар. Серотоптары мен сероварлары анықталмаған.
Қоршаған орта факторына төзімділігі – тұрақсыз. 45 – 55 градус температура 15 минуттан кейін өлтіреді. Төмен температураға төзімді, мұздатқанда 1 жылға дейін сақталады. Спирохеталар ауыр металл тұздарына сезімтал (сынап, висмут, мышьяк). дезинфекциялаушы ерітінділер бірнеше минуттан кейін өлтіреді, олар пенициллинге, бициллинге сезімтал.
Жануарлар қабылдаушылығы. Табиғи жағдайда жануарлар мерезбен ауырмайды.
Инфекция көзі. Ауру адам.
Таралу жолдары. Тікелей жанасу, тұрмыстық – ыдыс – аяқ, төсек арқылы. Сәбилерге ауру шешесінен плацента арқылы жұғады.
Патогенез. Ауыз қуысының және жыныс жолдарының кілегей қабаттары арқылы енеді.
1 кезең – спирохеталар кілегей қабатқа еніп, инкубациялық кезеңнен кейін (3 апта) енген жерде жара пайда болады: оның түбі және шеттері тығыз, қатты – қатты шанкр деп аталады. Сонымен қатар лимфа түйіндері де үлкейеді. 1 кезең 6 - 7 аптаға созылады.
2 кезең – мерез қоздырғыштары лимфа және қан арқылы бүкіл организмге тарайды. Теріде және кілегей қабатта розеола, папула және везикулалар пайда болады. Бұл кезеңнің ұзақтығы 3 – 4 жыл.
3 кезең – уақытында емделмеген мерезде болады. Бұл кезеңде мүшелерде, тіндерде, сүйектерде, тамырларда гуммалар, гуммозды инфильтраттар пайда болады. Бұл кезең бірнеше жылға созылады, бұл кезеңде ауру жұқпалы емес. Емделмеген мерезде бірнеше жылдан кейін нерв жүйесі зақымдалады: паралич, жұлын зақымданғанда – бел семуі (спинная сухотка).
Иммунитет. Табиғи иммунитеті жоқ. Аурудан кейін стерильді емес инфекциялық иммунитет немесе шанкрлік деп аталады – яғни ауру қайта жұққанда қатты шанкр пайда болмайды, ал келесі кезеңдері дамиды.
Алдын - алу шаралары. Санитарлы – ағарту жұмыстары, мерезді дер кезінде анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет