Кіріспе Микробиологияның даму тарихы


нәжіс – 3 – 5 г нәжісті глицерині бар пробиркаға жинайды. 2



бет39/69
Дата18.12.2023
өлшемі206,68 Kb.
#197486
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция

1. нәжіс – 3 – 5 г нәжісті глицерині бар пробиркаға жинайды.
2. сұйық тамақты араластырып қоректік ортаға себеді.
3. тоқ ішектің 2 – 3 қиындысын алып, изотониялық NaCl ерітіндісіне ұнтақтайды.
Негізгі зерттеу әдісі. 1. Микробиологиялық.
2. Серологиялық.
Сальмонеллалар.

Бұл энтеробактериялар туыстығына адамдар мен жануарларда ауру қоздыратын 2000-нан астам бактериялар жатады. Бұл ауруларды сальмонеллездар деп атайды. Сальмонеллалар морфологиялық, культуралдық, ферментативтік қасиеттері бойынша ұқсас, ал антигендік құрлымы бойынша өзгеше.


Сальмонеллалар 2 – ге бөлінеді:
1. Монопатогенді
2. Полипатогенді
Монопатогендіге іш сүзегі, паратиф А және паратиф В жатады. Бұл арулармен адамдар ғана ауырады.
Полипатагендіге адамдар мен жануарлар ауруларының қоздырғыштары жатады.
S.typhi алғашқы рет 1880 жылы Эберт іш сүзегінен өлген адамның мүшесінен анықтаған. 1886 жылы Ашар мен Баксад іш сүзегіне ұқсас арудың іріңі мен зәрінен биохимиялық және серологиялық қасиеті өзгеше бактериялр анықтаған. Оларды S.paratyphi A және S.paratyphi В деп атаған. 1885 жылы ағылшын ғалымы Д.Сальмон шошқа тырысқағының қоздырғышын анықтады. Одан кейін көптеген ұқсас бактериялар анықталып, Сальмонелла туыстығына біріктіріп, сол ғалымның атымен аталған.
Морфология: Барлық сальмонеллалар ұқсас 0,1 – 3,0*0,6 – 0,8 мкм таяқшалар. Грам теріс. Қозғалмалы, перитрихтар. Спора және капсула түзбейді.
Культивирлеу. Сальмонелла – факультативі анаэробтар. Қоректік ортаға талғампаз емес. ЕПА және ЕПС ЕПА және ЕПС 7 градус температурада (20 - 40 – қа дейін) және pH 7,2 – 7,4 (5,0 – 8,0 дейін) жақсы өседі. ЕПА – да нәзік жартылай мөлдір, томпақ, жалтыр колониялар, ал ЕПС – де біріңғай лайланған колониялар құрады.
Аурудан бірінші алынған материалдан (қан, зәр, құсық) өсім жай болады. Оны көбейту үшін қоректік ортаны құнарландырады: селенитті сорпа, Мюллер ортасы, Кауфман ортасымен.
Сонымен қатар элективті орта да қолданылады: өт ( 10 – 20 %) Рапопорт ортасы. Дифференциялды - диогностикалық Эндо, Плоскирев орталарында, түссіз колония түрінде өседі (себебі лактозаны ыдыратпайды). Висмут –сульфит агарда 48 cағаттан кейін қара түсті колония құрады.
Жаңа дайындалған S.paratyphi В культурасын термостатта 18 – 20 сағат инкубацияланғаннан кейін және 1 – 2 тәулік бөлме температурасында ұстағаннан кейін колонияның шетінде шырышты белдік пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет