Кіріспе Микробиологияның даму тарихы


Микроорганизмдер жасушасының құрылысы



бет4/69
Дата18.12.2023
өлшемі206,68 Kb.
#197486
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция

Микроорганизмдер жасушасының құрылысы.

Бактерия жасушасы 3 қабатты қабықшадан, әр түрлі құрылымдары бар цитоплазмадан, ядролық зат – нуклеоидтан тұрады. Сонымен қатар қосымша бөліктері: капсула, спора, талшықтар, жіпшелерден тұрады.


Жасуша қабықшасы: сыртқы кілегей қабаттан, жасуша қабырғасынан және цитоплазмалық мембранадан тұрады. Сыртқы кілегейлі қабат қорғаныш қызметін атқарады.
Жасуша қабырғасы: жасуша формасын сақтайды және қажетті қоректік заттарды (аминқышқылдары, көмірсулар, т. б.) өткізіп, зат алмасу қалдықтарын шығарып тұрады, сонымен қатар осмостық қысымның реттелуін бақылайды, жасушаныңқоректенуін, тыныс алуын қамтамасыз етеді. Жасуша қабырғасы жоқ бактерияларды протопластар деп ал жартылай қабырғасы жоқ бактерияларды сферопластар деп атайды.
Цитоплазмалық мембрана жасуша қабырғасымен тығыз байланысты цитоплазманың сыртқы қабаты. Ол өте жұқа қабат, ақуыздардан тұрады. Цитоплазмалық мембрана жасуша бөлінуін қамтамасыз ететін мезосома құрайды.
Цитоплазма – жасушаішін толтырып тұратын қоймалжың зат, ол судан, ақуыздан, майдан, көмірсулардан және минералды заттардан тұрады. Цитоплазмада ядро, рибосомалар, волютин, гликоген, түрлі пигменттер де болады. Ядро 2 жіпшелі дизоксирибонуклейн қышқылынан тұрады, ол геном деп аталады. Цитоплазмада рибосомалар ақуыздарды жинақтау қасиетін атқарады. Рибосома 60% РНК-дан және 40% ақуыздан тұрады.
Бактерия жасушалары тіршілік барысында қорғаныс бөліктерін құрайды – капсула және спора.
Капсула – сыртқы тығыз кілегейлі қабат, ол қорғаныс қызметін атқарады – қолайсыз жағдайлардан, яғни құрғап қалмаудан, фаголизистен, әртүрлі химиялық заттардың зиянды әсерінен сақтап тұрады.
Спора – дөңгелек жасушаішінде орналасқан жарқырауық денелер. Олар таяқша тәрізді бактерияларға тән. Бактериялар қолайсыз жағдайға тап болғанда спора түзеді. Споралар қолайсыз ортаға төзімді, оларды ұзақ қайнатса да тіршілігін жоймайды, сыртқы ортада тіршілігін жоймай, ондаған жылдар сақталуы мүмкін. Қолайлы жағдай туғанда олар қайтадан өсіп шыға алады. Спора түзетін аэробты бактериялар бациллалар деп, ал анаэробты бактериялар – клостридиялар деп аталады. Клостридиялардың спорасы ең шетінде орналасса – субтерминальді спора (ботулизм таяқшасы), шетінде орналасса терминальді, ортасында болса – орталық спора (перфрингерс клостридиясы) деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет