Кіріспе Микробиологияның даму тарихы


Морфологиялық модификация



бет14/69
Дата18.12.2023
өлшемі206,68 Kb.
#197486
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция

1. Морфологиялық модификация – бактерияның түрі мен көлемі өзгереді. Мысалы: қоректік ортаға пенициллин қосса, бактериялардың жасушасы ұзарады.
2.Культуралды модификация – қоректік ортаның құрамының өзгеруі бактерияның культуральді қасиетін өзгертеді. Мысалы: оттегі жетіспегенде стафилококкта пигмент түзілу қасиеті жойылады.
3.Биохимиялық модификация – әрбір бактерияда қоректік заттарды сіңіретін ферменттер жиынтығы бар – осы ферменттер белгілі бір қоректік субстратта жасалады.
Генотиптік өзгергіштік ол мутация және генетикалық рекомбинация нәтижесінде пайда болады.
Мутация (өзгеру) – тұқымқуалайтын гендердің құрылымдық өзгеруі.
1. ірі мутация – геномның ірі бөліктерінің өзгеруі немесе түсіп қалуы. Олар қайтымды емес.
2.ұсақ мутация – ол ДНК-ның бөлек негіздерінің қосылуы немесе түсіп қалуы.
Белгілері өзгерген бактерияларды мутанттар деп атайды. Мутанттардың пайда болуына әсер ететін факторларды мутагендер деп атайды.
Генетикалық рекомбинация – трансформация кезінде басқа жасушаның ДНК-сын алуға қабілетті жасушаны компентентті жасуша деп атайды.
Трансдукция – бактериофаг қатысуымен болатын донор бактериядан реципиент бактерияға генетикалық информацияның асуы. Фагтар бактерия жасушасында көбейіп, өзінің ДНК-сына бактерия ДНК-сының бір бөлігін қосып алып, реципиентке береді.
Трансдукция 3 – ке бөлінеді:
1. жалпы трансдукция – бактерия хромосомасының әртүрлі аймағында орналасқан әртүрлі гендердің берілуі.
2.ерекше трансдукция – бактериалды хромосоманың арнайы аймағында орналасқан арнайы гендердің фагпен берілуі. Бұнда тек белгілі қасиеттер мен белгі беріледі.
3.абортивті трансдукция – донор хромосомасының белгілі бірүзіндісінің фагпен берілуі. Әдетте бұл үзінді реципиент жасушасының хромосомасына қосылмай цитоплазмада бос жүреді.
Реципиент жасушасы бөлінгенде бұлүзінді бір жасушаға кетеді, ал екінші жасушаға реципиенттің өзгермеген хромосомасы кетеді. Трансдукциялы фагтар арқылы бір жасушадан екінші жасушаға әртүрлі қасиеттерді беруге болады: токсин түзуі, споралар, талшықтар, қосымша ферменттер түзуі, дәріге тұрақтылық, т.б.
Конъюгация – генетикалық материялдың бір бактериядан екінші бактерияға жасушалардың тікелей жанасуы арқылы берілуі.
Конъюгация тек қана бір түрлі бактериялардың арасында емес, сонымен қатар әртүрлі бактериялар арасында болады. Оларды түраралық рекомбинация деп атайды.
Плазмидтер – бактериалды жасушаДНК-сының хромосомадан бөлек кішігірім молекуласы. Олар сақина тәрізді цитоплазмада орналасқан.
Плазмидтерде ДНК хромосомасының гендерінен бөтен бірнеше гендер бар.
Плазмидтерге жататындар:
1. профагтар – тұқымқуалаушылық қасиеттері беріледі.
2.Ғ – фактор – өз бетінше тұрады және конъюгация процессіне қатысады.
3.R – фактор жасушаларға дәрілерге қарсы тұрақтылық береді. Плазмидтерге тән R – фактор жасушадан бөлініп қалуы мүмкін.
4. COL – фактор – бірінші рет ішек таяқшасынан алынған, сондықтан колицин деп аталады. Кейінірек басқа бактериялардан да алынған; тырысқақ вибрионынан - вибриоцин, стафилококктан – стафилоцин, т.б.
Өзгергіштіктің тәжірибедегі маңызы.Л.Пастер жасанды түрде құтыруға, түйнемеге қарсы вакцина ойлап тапқан. Кейінірек микроорганизмдердің генетикалық және өзгергіштік қасиеттері бактериялар мен вирустардың штаммаларынан әртүрлі вакциналар алуға мүмкіндік берді.
Микроорганизмдер генетикасын зерттеулер нәтижелері жоғары организмдердің тұқымқуалаушылық қасиетін зерттеуде маңызы зор.
Генетиканың жаңа саласы – генді инженерия – ғылыми және тәжірибелік маңызы зор сала. Генді инженерия әдістері гендердің құрылымын өзгертуге және бактерия хромосомасына басқа организмдердің гендерін енгізуге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде микроорганизмдер химиялық жолмен алуы мүмкін емес немесе өте қиын өнімдер болып шығады. Осындай жолмен қазіргі кезде медицинада инсулин, интерферон, т.б. дәрілер алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет