Кіріспе Микробиологияның даму тарихы


Бумен залалсыздандыру 2 түрде болады



бет12/69
Дата18.12.2023
өлшемі206,68 Kb.
#197486
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция

Бумен залалсыздандыру 2 түрде болады:
1. қысымы жоғары су буымен
2.ағынды бумен
Қысымы жоғары су буымен автоклавта жүргізіледі.


Микроорганизмдерге биологиялық факторлар әсері.

Табиғи жағдайда микробтар жануарлармен және өсімдіктермен бірге биоценоздың белгілі бір бөлігі болып бірге дамиды.


Биоценоз – өсімдіктер мен жануарлар мекендеу ортасының жиынтығы. Белгілі бір жерде әртүрлі бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, вирустар бірге мекендейді, және олардың ортасында үздіксіз тіршілік ету күресі жүріп жатады. Әртүрлі микроорганизмдердің өзара қарым – қатынасы әртүрлі және олар симбиоз, метабиоз, антогонизмге келіп тіреледі.
Симбиоз – әртүрлі микроорганизмдердің өзара пайдалы тіршілік етуі, олар бірігіп бірге жақсы дамиды. Мысалы: сүт қышқылы бактериялары мен спирт ашыту саңырауқұлақтары.
Метабиоз – белгілі бір микроб өзінің тіршілік ету нәтижесінде басқа микробтың тіршілігіне қолайлы жағдай жасайды. Мысалы: анаэробтардың тіршілігіне аэробтар оттегіні сіңіріп алып, қолайлы жағдай жасайды.
Антогонистік – қарым – қатынас микроорганизмдердің тіршілік ету күресіне негізделген. Мысалы: қарапайымдылар бактерияларды жұтып қояды; сүт қышқылы бактериялары шіріту бактерияларына қарсы; ішек таяқшасы шигеллаға қарсы; т.б.
Микроорганизмдер өзінің тіршілік барысында басқа микробтарды өлтіретін әртүрлі заттар бөліп шығарады, соның бірі антибиотиктер.


ХИМИОТЕРАПИЯ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ АНТИБИОТИКТЕР

Ежелден медициналық практикада инфекциялық аурулардың алдын – алуда және емдеуде химиялық заттар пайдаланады.


Химиотерапия – адамның тіндерін және жасушаларын зақымдайтын, ауру қоздырғыш бактериялардың жасушаларына арнайы әсер ететін, ауруды емдеу үшін химиялық заттарды пайдалану. Ғылыми химиотерапия негіздерін П. Эрлих жасаған.
Химиопрофилактика – химиялық заттарды инфекциялық аурулардың алдын - алу үшін пайдалану. Химиялық заттар бактерия жасушасына еніп, оларды бұзады. Кейбір жасушалар өледі – бұл бактерицидтік әсері; кейбір жасушалардың көбеюі тоқталады, әлсірейді – бұл бактериостатикалық әсері.
Антибиотиктер: (грекше anti – қарсы, bios – өмір) микроорганизмдерді таңдамалы жоюға қабілетті тірі организмдердің өмір сүру өнімдері.
Антибиотиктер организмнің бір тобына олардың екінші бір топтарының жойқын әсер ету қасиетіне негізделіп алынады. Мысалы: сүт қышқылы бактериялары шіріту бактерияларының тіршілігін тежейді. Бұны тәжірибеде бірінші рет қолданған Л. Пастер мен И.И.Мечников. Антибиотиктер ғылымын бірінші бастаған 1929 жылы ағылшын ғалымы А.Флеминг 10 жылдан кейін ағылшын зерттеушілері Э.Чейн мен Г.Флори 1940 жылы тазартылған пенициллин препаратын алды. 1942 жылы совет микробиологы З.В.Ермольева пенициллинді саңырауқұлақтан алды.
Антибиотиктерді антимикробты қасиеті бар әртүрлі микроорганизмдерден алады: саңырауқұлақтан (пенициллин т.б.), актиномицеттерден (стрептомицин, тетрациклин, т.б.), бактериялардан (грамицидин, полимиксин, т.б.), антибиотикті әсері бар жоғарғы өсімдіктерден (жуа, чеснок фитонцидтері), жануарлар ұлпасынан (лизоцим, экмолин, интерферон).
Антибиотиктер микроорганизмдерге бактерицидті және бактериостатикалық әсер етеді. Бактерицидті әсер – микроорганизмнің өлуі, бактериостатикалық әсері – олардың көбеюін тежейді немесе тоқтатады.
Антибиотиктердің классификациясы (немесе жіктелуі) әртүрлі принциптерге негізделеді: алу көзіне, химиялық құрылымына, механизміне, микробтарға қарсы әсер ету спектіріне қарай.
Көбінесе алу көзіне және микробтарға қарсы әсер ету спектіріне байланысты болады.
Әсе ету ұзақтығына байланысты антибиотиктер:
- бактерияларға қарсы
- саңырауқұлақтарға қарсы
- ісіктерге қарсы болып бөлінеді.
Бактерияларға қарсы антибиотиктер химиялық құрамына қарай түрлі бактериялардың өсуін тежейтін препараттар тобы. Бактерия туғызатын инфекциялық ауруларды емдеуде кең спектрлі антибиотиктерді пайдаланады: тетрациклин, левомицетин, стрептомицин, гентамицин, канамицин т.б.
Саңырауқұлақтарға қарсы антибиотиктер (нистатин, ливорин, амфотерицин β, гризеофульвин). Саңырауқұлақтар туғызатын ауруларды емдеуге пайдаланылады.
Ісіктерге қарсы антибиотиктер (рубомицин, брунеомицин, оливомицин, т.б.) жануарлар жасушаларында нуклеин қышқылының синтезін тежейді және қатерлі ісік ауруларын емдеу үшін қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет