Иммунитет. Аурудан кейін иммунитет болмайды.
Алдын – алу шаралары. Азық – түліктерді ластанудан сақтау, консервілеуде дұрыс технологияны сақтау.
Арнайы алдын – алу шаралары, емі. Зақымданған тамақтарды қолданған адамдарға ботулизмге қарсы антитоксикалық сарысу енгізеді.
Микробиологиялық зерттеу.
Зерттеу мақсаты. Ботулизм таяқшасын, токсинін табу, сероварын анықтау.
Зерттеу материалы. 1.құсық
2.асқазан жуындысы
3.нәжіс
4.қан
5.тамақтың қалдықтары.
Негізгі зерттеу әдісі. 1.биологиялық
2.бактериологиялық
3. бактериоскопиялық.
Аса қауіпті инфекциялар қоздырғыштары.
Тырысқақ вибриондары.
Vibrio cholerae түрі Vibrio тұқымына жатады.
Холера қоздырғыштары 2 биовардан тұрады.
Биовар Vibrio cholerae 1883 жылы Р.Кох анықталған.
Биовар eltor 1906 жылы Ф.Готшлихт анықтаған.
Соңғы жылдары судан және басқа да обьектілерден НАГ – вибрионы анықталған, оның О – антигені әртүрлі, НАГ – вибрионының 60 О – тобы бар.
Морфология. Тырысқақ вибриондары мөлшері 1 – 3*0,2 – 0,4 мкм таяқшалар, үтір тәрізді. Өте қозғалмалы. Монотрихтар. Спора және капсула түзбейді. Грам теріс. Электронды микроскопта қабырға мен цитоплазма арасында вакуоль анықталған, онда экзотоксин өндіріледі.
Культивирлеу. Тырысқақ вибриондары – факультативті анаэробтар. Қоректік ортаны талғамайды, сілтіні ұнатады. 37 – 39 градус температурада рН 8 – 9 көбееді. ЕПА және ЕПС жақсы өседі. Элективті ортасы - 1% сілтіні пептонды су, оның бетінде нәзік көгілдір қабыршық құрайды. Тез көбееді: сұйық ортада 6 – 8 сағатта, тығыз ортада 12 – 14 сағатта. Тырысқақ вибриондары S – түрінен R – түріне өзгереді.
Ферментативті қасиеті. Тырысқақ вибриондары биохимиялық белсенді – қантыдырату, және белокыдырату және диастазалық қасиеттері бар. Қантты қышқылға дейін ыдыратады. Белокыдырату қасиеті: желатинді ерітеді, триптофанды индолға дейін бөледі, сүтті ұйытады. Күкіртті сутек өндірмейді. Диастазалық қасиеті – крахмалды ыдыратады. Тырысқақ вибриондары патогенді ферменттер өндіреді: фибринолизин, плазмакоагулаза, гиалуронидаза, лецитиназа, коллагеназа т.б.
Токсин түзуі. 3 түрлі токсин түзеді:
1тип - эндотоксин - температураға тұрақты.
2 тип – экзотоксин - температураға өзгергіш.
3 тип - температураға тұрақты, ішек эпителиінің Na тасымалдауын тоқтатады.
Антигендік құрылымы. Тырысқақ вибрионы температураға тұрақты соматикалық О – антиген және температураға өзгергіш Н – антигені бар.
Vibrio cholera және Vibrio eltor 01топқа жатады. 01 топ 3 компоненттен тұрады: А, В, С және 3 серовары бар. Серовар АВ – Огава, серовар АС - Инаба, серовар АВС – Гикокшима.
Қоршаған орта факторына төзімділігі. Тырысқақ вибрионы температураға тұрақты соматикалық О – антиген және температураға өзгергіш Н – антигені бар.
Vibrio cholera және Vibrio eltor 01 топқа жатады. 01 топ 3 компоненттен тұрады: А, В, С және 3 серовары бар. Серовар АВ – Огава, серовар АС – Инаба, серовар АВС – Гикокшима.
Қоршаған орта факторына төзімділігі. Тырысқақ вибриондары 60 градус температурада 5 минуттан кейін өледі. Ал қайнатқанда бірден өледі. Төмен температураға төзімді, мұзда бірнеше ай, теңіз және өзен суында – бірнеше апта, шыбынның ішегінде 4 – 5 күн сақталады. Кептіруге және күн сәулесіне өте сезімтал. Дезинфекциялаушы ерітінділер тез өлтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |