Кіріспе. Мұнай мен оның әлемдік экономикадағы ролі. Органикалық заттардың өнеркәсібінің негізгі бағыттары



бет15/23
Дата02.12.2019
өлшемі5,51 Mb.
#52825
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Байланысты:
ОЗХТ УМК КАЗ

ҚЫСЫММЕН ҚҰЮ. Термопластты полимерден бұйым өндіру үшін біршама ыңғайлы процесс қысыммен құю болып табылады. Осы процестегі қондырғының құны жоғарлығына қарамастан оның ең артықшылығы жоғары өнімділігі. Осы процесте балқыған термопластикалық полимердің үлестенген мөлшері қысыммен суық пресс-формаға шашырайды (впрыскивается) онда оның соңғы өнім түрінде қатуы жүреді.


Қысыммен құю үшін аппарат мына суретте 6 келтірілген. Процесс қызған горизонталды цилиндрге белгілі бір уақыт сайын бункерден компаундты пластикалық материалдың ұнтақ, түйір немесе таблетка түрінде берілуінен тұрады, сонда жұмсару болады. Гидравликалық поршень соңында орналасқан цилиндр бойымен формаға балқыған материалды итеруге қажетті қысымды қамтамасыз етеді. Цилиндрдің ыстық зонасымен полимерлік масса қозғалғандағы қондырғы "торпеда" деп аталады да ол ыстық цилиндрдің ішкі қабырғасымен пластикалық материалдың біртекті таралуына көмектеседі, солайша барлық көлем бойымен жылудың біркелкі таралуын қамтамасыз етеді. Сосын балқыған пластикалық материалды пресс-форманың ұясына құю тесігі арқылы шашыратады (впрыскивают).

Қарапайым түрде пресс-форма екі бөліктен тұратын жүйе: оның бір бөлігі қозғалатын, екіншісі — стационарлы ( 27 суретті қараңыз). Стационарлық бөлігі пресс-форманың цилиндр соңында болады, ал қозғалатыны алынып оған киіледі.



Арнаулы механикалық құрал көмегімен пресс-форма тығыз жабылады да осы кезде балқыған пластикалық материал 1500 кг/смқысыммен шашыратылады. Жабылатын механикалық құрал жоғары жұмысшы қысымды ұстап тұратындай жасалуы керек. Пресс-форманың ішкі аумағында балқыған материал біркелкі ағуы үшін ол алдын ала белгілі бір температураға дейін қызуы керек. Бұл температура пресстелетін пластикалық материалдың жұмсару температурасынан біршама төмен. Форманы балқыған полимермен толтырғаннан кейін оны циркуляцияланатын суық сумен суытады сосын дайын бұйымды алып шығуға ашады. Осы циклдің барлығы көп рет қолмен сосын автоматты режимде қайталанады.

ҚАБЫРШАҚ ҚҰЮ. Құю әдісін полимерлік қабыршақтар алғанда қолданады. Бұл жағдайда сәйкесті концентрациялы полимер ерітіндісі біртіндеп жылдамдығы тұрақты қозғалатын металдық белдікке құяды (25 сурет), оның бетінде үздіксіз полимер ерітіндісінің қабаты түзілуі жүреді.

Бақыланатын режимде еріткіш буланғанда металдық белдік бетінде жұқа полимерлік қабыршақ түзілуі жүреді. Осыдан кейін қабыршақ қарапайым тұнумен алынады. Осы тәсілмен көптеген өнеркәсіптік целлофанды листтер мен фотографиялық қабыршақ алады.





25 сурет. Қабыршақ құю процесінің кескіні

/ — полимер ерітіндісі; 2 — бөлетін клапан; 3 — қабыршақ түзілуімен полимер ерітіндісі ағады; 4 — еріткіш буланады; 5 — үздіксіз металдық белдік; 6 — үздіксіз полимерлік қабыршақ; 7 — ораушы ка­тушка


ТУРА ПРЕССТЕУ. Термореактивті материалдан бұйым өндіру үшін тура престеу әдісі кең қолданылады. 5 суретте типті пресс-форма көрсетілген, ол тура престеуге қолданылады. Форма екі бөліктен тұрадыжоғарғы және төменгі немесе пуансоннан (позитивті форма) әрі матрицалар (негативті форма). Пресс-форманың төменгі бөлігінде выемка бар, ал жоғарғы жағында — выступ. Жабық пресс-форманың төменгі бөлігіндегі тесік пен жоғарғы бөлігінің выступы арасындағы тесік пресстелетін бұйымның соңғы түрін анықтайды.


Тура престеу процесіндегі термореактивті материал бірреттік температура мен қысым әсеріне ұшырайды. Гидравликалық престі қолдану қажетті нәтиже алуға мүмкіндік береді.


26 сурет. Тура формалау процесінде қолданылатын пресс-форманың кескіндік суреттелуі

1 —термореактивті материалмен толтырылған форманың жазығы; 2 — бағытталатын шиптер; 3 — заусенец; 4 – формаланған бұйым
Температура мен қысым пресстегенде 200 °С және 70 кг/см2 сәйкес болады. Жұмысшы температура мен қысым реологиялық, термиялық және басқа престелетін пластикалық материал қасиеттерімен анықталады. Пресс-форманың тесігі толығымен полимерлік компаундпен толтырылады. Қысыммен пресс-форма жабылған кезде оның ішіндегі материал сығылады және қажетті формаға престеледі. Артық материал пресс-формадан жұқа қабыршақ түрінде ығыстырылады, ол "заусенец" деп аталады. Температура әсерінен престелетін масса қатады. Пресс-формадан соңғы өнімді босату үшін суыту керек емес.


27 сурет. Қысыммен құю процесінің кескіндік келбеті

1 — компаундты пластикалық материал; 2 — тиейтін воронка; 3 — поршень; 4 — электрлік қыздыратын элемент; 5 — форманың стационарлық бөлігі; 6 — форманың қозғалатын бөлігі; 7 — негізгі цилиндр; 8 - торпеда; 9 – жұмасрған пластикалық материал; 10 — пресс-форма; 11 – қысыммен құю әдісімен формаланған бұйым





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет