Балалардың жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің типологиялық ерекшеліктері(1-2тип)
1.Күшті, салмақты, елгезектігі орташа, жылдам тип. Бұл типтегі балалар тәрбиеге оңай көнеді, алғыр болып келеді. Оларда шартсыз рефлекстер ми қыртыстары қызметімен жақсы бақылауға қойылған. Бұл типтегі балалар жақсы сөйлейді, сөз қоры да жетерлік болады.
2.Күшті, салмақты, баяулау тип. Мұндай балалардың шартты байланыстары баяулау орнығады. Ұмытылған рефлекстерде баяулау қалпына келеді. Олардың шартсыз рефлекстер мен эмоцияларын бақылауы алдыңғы типтен де жоғарылау болып келеді. Олар сөйлеуге оңай үйренгенмен, алдыңғыларымен салыстырғанда баяулау сөйлейді. Күрделі тапсырмаларды орындағанда активті, және шыдамды.
Балалардың жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің типологиялық ерекшеліктері(3-4тип)
3. Күшті, ұшқалақ, елгезектігі жоғары, тежелуі қиын тип. Олардың тежелу процесі жеткіліксіз. Қыртысасты қызметі жоғары, ми қыртыстарымен барлық уақытта бақыланбайды. Мұндай балаларда шартты рефлекс жылдам жойылып, ал пайда болғандары тұрақсыз. Бұндай типті балалар ашуланшақ, қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды қалт жібермейді, бірден араласып кетеді. Олар жылдам, кейде қатты сөйлегенін де байқамай қалады.
4. Әлсіз тип, елгезектігі төмен. Шартты рефлекстер баяу қалыптасады, тұрақсыз, көбіне баяу сөйлейді. Жеңіл тежелуші тип. Сырт тежелуі оңай болғанмен ішкі тежелуі әлсіз болады. Оны мұндай типтегі балалардың жаңа жағдайға қиын үйренуінен байқауға болады. Мұндай типтегі балалар күшті, ұзақ тітіркеністерге шыдамайды, тез шаршап қалады.
Балалардың жүйке типтерінің әртүрлі болуы - Балалардың жүйке типтерінің әртүрлі болуы олардың оқу-тәрбие жұмыстарын қабылдау мүмкіндіктерінің де әр түрлі екендігін көрсетеді. Педагогикалық жұмыстарды әр оқушымен жеке –жеке жүргізуді талап ететіндігі сондықтан. Осылай еткенде ғана жақсы жетістіктерге жетуге болады. Сөйте тұра, біз жоғарыда жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің иілімділігін де атап көрсеткенбіз. Ми қыртыстары клеткаларының иілімділігін жүйке типтерін морфофункционалдық өзгертудің негізі болып табылады. Десекте, типтерді нерв құрылымдарының иілімділігін пайдаланып қарқынды даму кезеңінде, әсіресе балалық шақта тәрбиелеу арқылы типтік ерекшеліктеріне коррекция жасауға болады. Оны атақты Иван Павловта: тип иімділігіне байланысты тәрбие, шынықтыру арқылы адамдар сипатын өзгертуге болатындығын атап көрсеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |