Кіріспе Негізгі бөлім Патшалық астанасы



бет2/4
Дата09.11.2022
өлшемі382,09 Kb.
#157306
1   2   3   4
Байланысты:
Цинь

Ішкі құрылысы:
Цинь патшалығы ұзаққа созылған қиян-кескі соғыстар нәтижесінде құрылды. Дегенмен, елдің бір орталыққа біріктірілуі оның болашақ дамуына орасан зор әсер етті. Мемлекеттің орнықтылығы патшаның шексіз билігіне негізделді. Патшалық өкімет ең алдымен егіншілікті дамытуға мүдделі болды. Елдегі барлық шаруалар үлестік жер алды. Алғашқы кезде оларға кейбір салық жеңілдіктері жасалды. Ал қолөнер мен сауда биліктің қолдауына ие болмады. Қайта тамақ, әсіресе, астық өнімдерінің бағасына қатаң мемлекеттік бақылау орнатылды. Мемлекетте шеберханалар жүйесі құрылып, ұсталар белгіленген мерзім ішінде келіп, билік иелерінің тапсырысына орай қару-жарақ, т.б. қолөнер бұйымдарын тегін жасауға міндеттенді. Бұрынғы ұсақ патшалықтардың қорғаныс қамалдары жойылып, ел жаңадан 36 әкімшілік аймақтарға бөлінді. Бұрынғы заңдар толығымен жойылып, орнына аса қатал қылмыстық баптармен толықтырылған жаңа құқықтық жүйе енгізілді. Ақша реформалары жасалды және өлшем бірліктері бірыңғай жүйеге келтірілді. Бұл шаралар өз кезегінде тауар-ақша қатынасының жылдам дамуына алып келді. Бірнеше мемлекеттің біріктірілуі нәтижесінде құрылғандықтан әр түрлі диалектіде сөйлейтін халық бір-бірін түсінбеді. Сондықтан бұрынғы жазулар толығымен қолданыстан шығарылып, бірыңғай жазу үлгісі енгізілді. Ортақ жазу тілінің пайда болуы келер ғасырларда қытай халқын мәдени тұтастырушы күшке айналды.
Цинь Шихуан, Циньнiң әулеттiң негiздеушiсi және бiрiккен Қытайының бiрiншi императорының мүсiнi
Сыртқы саясат:
Цинь империясының саясаты Шихуанди ежелгі Қытай патшалықтарын біріктірумен шектеліп қоймай, ол енді солтүстікке де, оңтүстікке де шабуыл ұйымдастыруды жалғастырды. Басқыншылық соғыстар мен жат жерлік иеліктерді отарлау — Цин Шихуан-дидің бүкіл сыртқы саясатының өзегі болды. Цинь империясы белсенді сыртқы саясатқа көшуге, тек ішкі жағдайды нығайтқаннан кейін, яғни мемлекет біріккеннен кейін алты жыл өткен соң ғана, мүмкіндік алды.
Цинь империясының соғыс қимылдары негізінен, солтүстік және оңтүстіктегі екі бағытта жүрді. Солтүстіктегі жауынгер сюнну (ғұндар) тайпаларына қарсы жүргізген соғыстар қорғаныстық сипатта болды. Солтүстікте Қытай қорғаны салынды. Зерттеушілер қытай қорғанын салу барысында 1 млн-ға жуық адам қаза болған деп есептейді. Бұл қорғандар кейіннен мыңдаған жылдар Қытайдың солүстік шекарасын қорғап тұрды және ол үнемі жаңартылып отырды. Сонымен бірге, бұл солтүстік бағыттағы соғыстар, империяның солтүстік шекараларын нығайту және бұрын айырылып қалған территорияларды қайтарып алу мақсатын ғана көздеді. Ал, оңтүстіктегі әскери қимылдар басқыншылық сипатта болды. Цинь империясының билеуші топтары — бай құл иеленушілер, цинь әулетінің ақсүйектері, жоғарғы әкімшілік топтар мен ірі саудагерлерді оңтүстіктің көпке белгілі байлығы қызықтырған еді. Алайда, Цинь Шихуан-ди соғысты оңтүстіктің байлығына қызыққаннан ғана жүргізген жоқ. Оның мақсаты жаулап алынған территориялардың бір бөлігін импеаратор меншігіне айналдыру еді. Бұл басып алынған жаңа жерлерге император әр түрлі жеңілдіктер беру арқылы халықты қоныстандырып отырған. Жаңа территорияларды бұндай жолмен игеру, император меншігіндегі жерлердің көлемін ұлғайтты. Ал бұл мемлекет үшін де, онын ішіндегі деспоттық жоғары биліктің күшеюіне де әсерін тигізді. Солтүстіктегі соғыстар, Ұлы Қытай қабырғасының салына бастауы. Б.з.д. ІІІ-ші ғасыр аяғында, Қытайдың солтүстігін мекендеген көптеген, мал шаруашылығымен айналысқан тайпалар арасында туысқан рулардан құралған ірі одақ сюнну тайпалары ерекше көзге түсті. Олар бұл кезде алғашқы рулық қауымдық қатынастардың ыдырауы кезеңінде өмір сүрді. Сюнну тайпаларының одағы, оның көсемі шаньюдің басқаруымен көршілес дунху, линъху, лофанъ тайпаларына және Қытайдың солтүстігіндегі Цинь және Чжао патшалықтарына үздіксіз шабуылдар жасаған. Қытайдың бай патшалықтары сюнну тайпаларын әрдайым қызықтырған. Чжаньго дәуірінде өзара бақталастық соғыстарды пайдаланып, сюнну тайпалары Цинь, Чжао, Янь патшалықтарына жиі шабуылдар жасап тұрғаны белгілі. Чжаньго дәуірінің аяғында бұл тайпалар Чжао патшалығының Хуанхэ саласындағы Цзююань жерлерін басып алады. Империя құрылуының алғашқы жылдарында солтүстік шекарадағы соғыстар тоқтамайды. Бұл шабуылдардың да басты мақсаты сол -тонаушылық болды. Мемлекет ішінде шеткі аймақтарды астанамен байланыстыратын жол салу құрылысы қызу жүргізілді. Жан-жақтан орталыққа бағытталған жолдардың салынуы сауда мен қолөнердің жедел дамуына алып келді. Қатал заңға негізделген тәртіп пен әрі құрылыстарға жүз мыңдаған адамдардың тартылуы аса көп мөлшерде материалдық және адам шығынына алып келді. Ол халықтың орталық өкіметке жаппай наразылығын туғызды. Цинь Шихуанди қайтыс болғаннан кейін халық наразылығы жаппай бас көтеруге ұласты. Келесі билеуші Эршихуанди 4 жылдай ғана билік құрды. Осыдан кейін Цинь патшалығын құрған әулет толығымен жойылып кетті. Бірақ орталықтанған Қытай мемлекеті сақталып қалды. Билікке жаңа әулет келіп, Хань мемлекеті құрылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет