Басқа иммуноглобулиндер плацента арқылы өтпейді. Секреторлы IgAS ұрықта шамалы мөлшерде өмірінің 3-4 айында пайда болады.
Балада өмірінің 2-ші және 6-шы айларының аралығында өзінің IgG синтезі әлсіз жүреді. Біріншілік иммундық жауап IgM антиденелерінің синтезімен көрінеді. 1-ші жылының соңында IgG мөлшері ересектердердікінің 50-60%, ал IgA шамамен 30% құрайды.
Секреторлық IgAS өмірінің 3-айынан кейін секреттерде пайда болады. Алғашқы 4 жыл бойы кейбір секреттердегі олардың концентрациясы ересектердікінен 4-5 есе төмен, сол себепті жергілікті иммунитет төмен болады. Ішекте IgAS жетіспесе, балалар тағамдық аллергияға шалдығады.
2-ші – өмірінің 3-6 айлары. Анасының антиденелері жойылуымен байланысты пассивті гуморальды иммунитеттің әлсізденуімен сипатталады. Көптеген антигендер енуіне біріншілік иммунды жауап түзілуі байқалады, IgM антиденелерінің синтезі басым келеді. Иммунды ес жасушалары түзілмейді. Тек 2-3 қайтара антигенді енгізгеннен кейін IgG синтезі басым болатын екіншілік иммунды жауап көрінеді. Иммунды ес жасушалары түзіледі. Жергілікті иммунитеттің жетіспеушілігі сақталады. Бұл кезде тұқымқуалайтын иммундық жетіспеушіліктер айқындалады.
3-ші – 2 жас, баланың сыртқы ортамен контакттері кеңейеді. Бұл кезде антиденелер синтезінің IgM-нан IgG-ға көшуі жүреді. Алдымен IgG1 және IgG3, кейіннен IgG2 және IgG4 антиденелері пайда болады. Алайда жергілікті иммунитеттің әлсіз белсенділігі сақталады. Иммунды жүйенің мәнсіз аномалиялары, иммунопатологиялық диатездер, иммунокешенді аурулар жиі айқындалады.
4-ші – 4-6 жас. IgM мен IgG антиденелерінің концентрациясы ересектердегі мөлшерге жетеді; IgA қандағы деңгейі әлі де төмен; IgE мөлшері артады. Кеш иммунодефициттер айқындалады.
Қорытынды
Көрсетілген иммунды жүйе қалыптасуының критикалық кезеңдерінде иммунды жауап күшінің тұқымқуалайтын өзгерістері мен иммунопатологиялық жағдайлар әсіресе жиі байқалады.
Хаитов Р.М., Игнатьева Г.А., Сидорович И.Г. Иммунология. Норма и патология. Учебник. – 3-е изд., М., Медицина, 2010. – 752 с. +
2. Ковальчук Л.В., Ганковская Л.В., Мешкова Р.Я.
Клиническая иммунология и аллергология с основами общей иммунологии. Учебник. Гэотар-Медиа, 2011. 640