Кіріспе оқырмандарға ұсынылып отырған «Криминалистикадан электронды оқу құралы» қазіргі заманғы оқу үрдісіне енгізілген кредиттік технология ерекшелігін ескере отырып құрастырылған көрнекі оқу құралы болып табылады



бет2/243
Дата07.02.2022
өлшемі0,68 Mb.
#90324
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   243
Байланысты:
46f35a43-0889-11e7-bfa7-a692e7d05c5eкриминалис.нускау

К Р И М И Н А Л И С ТИ К А
пәні бойынша әдістемелік нұсқау

Қылмыстық статистика мәліметтері куәлік ететіндей, соңғы жылдары жасалған қылмыстар санының едәуір өскендігі байқалады. Бұл қоғамның ізгілік (өнегелі) – саяси ахуалына кері әсер етіп, әлеуметтік-психологиялық қысымын үдетіп, адамдардың өзіне деген қауіпсіздігіне сенімсіздігін ұлғайтады. Пайдакүнемділік пен күштеу бағытындағы қылмыстардың көбеюі және олардың ашылуының төмен көрсеткіште болуы ерекше көңіл алаңдатады (дабыл қақтырады). Жиі кездесетін сыбайлас жемқорлық топтар мен көптеген ұйымдасып жасалған қылмыстардың іс-әрекеттері үлкен айлакерлігімен, ептілігімен сипатталады. Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайына тән жасалынатын қылмыстардың сыр сипаты да өзгеріп, жаңа түрлері пайда болуда. Мұндай қылмысты жасау мен жасыру тәсілдерінің бұрын тергеу тәжірибесіне белгісіз болуы оларды ашудың күрделілігі айқындайды.


Мұндай қылмыстарға, жалпы қылмыстылыққа қарсы күрес қылмысты ашу әдістері мен тиімді тәсілдерін өңдеуге және оны тергеу ісін жүргізуге шебер қолдануға тікелей байланысты. Дәл уақытысында қылмысты ашу және міндетті түрде жазалау қылмыскерлікке қарсы күрестің алдыңғы шебінде қылмысты тергеу мен ашу туралы, айғақтардың пайда болуы мен заңдылығын тексеретін ғылым – криминалистика тұрады.
Ерекше құбылыстардың, фактілердің және қатынастардың пайда болуына, жайы мен даму бағыттарына негізделген заңдылықтар кез келген ғылымның, соның ішінде криминалистиканың да пәні болып табылады.
Қылмыстық оқиға құбылыстарымен, оқиғаларды және басқа да процестермен өзара шартты байланысқан материалдық ақиқат процестің бірі. Қылмыс соншалықты тез жасалғанымен, бір жолғы әрекет болып табылмайды. Қылмыс дегеніміз – күрделі криминалды әрекет және кінәлінің қылмысты жасағанға дейінгі, жасалған кездегі, жасалғаннан кейінгі іс-қимылдарының жүйесі болып табылады. Қылмыстық оқиғаның аумағына енетін басқа да тұлғалардың және жәбірленушінің істері мен әрекеттерін осыған қосуға болады.
Барлық тұлғалардың, алғашқы кезекте талассыз қылмыскердің әрекеттері мен іс-қимылдары қоршаған ортаға әсерін тигізеді. Құралатын дәлелдік мәліметтер арқылы жасалған қылмыстың механизмі жайында, қылмыстық оқиғаның мазмұны туралы белгілі бір тұжырымдама жасалынады.
Криминалистика осылардың бәрін есепке ала отырып, оларды оқып білу негізінде қылмысты зерттеудің, табудың, бекітудің амалы мен тиімді тақырыптарын жасайды. Дәлелдерді, басқа да ақпараттар мен қалдырған іздерді іске айғақ ретінде процессуалды заң негізіне енгізеді. Осыған байланысты криминалистика адамгершілік іс-әрекеттің мүлде қарама-қарсы жақтарын, яғни қылмыскердің қылмыстық іс-әрекетін және тергеу органдарының қылмыстық істерді жүргізу қызметтерін оқытады.
Қылмыскердің қылмыстық іс-әрекеті қылмысты істеу механизмін анықтау үшін, қылмысты толық ашуға бағытталған, оларды табу үшін жасалған тиімді амалдар мен тәсілдерді, оқиға болған жердің шеңберінен асырмай анықтауға, криминалды іс-әрекеттер нәтижесінде жасалған, басқа айғақтарды дәлелдеуге мүмкіндік туғызатын іздердің сипатын терең оқытады.
Кез келген ғылымның пәні мен өзіндік маңызы осы ғылымға ғана тән ерекшеліктерімен сипатталатын міндеттемелермен анықталады. Криминалистиканың осындай арнаулы міндеттері:

  1. Айғақтарды жете зерттеуде қазіргі кездегі қолданылатын техникалық-криминалистикалық құралдарды жетілдіру және жаңасын ойлап табу;

  2. Сотта істің қаралуына дейінгі зерттеуде тәсілдер мен әдістердің, ұйымдастырушылықтың негізін әбден жетілдіру;

  3. Қылмыстың жекелеген түрлерінен хабардар ететін, оларды тергеуге ұсынатын әдістемелік мінездемелерді өңдеу.

Криминалистика өзінің спецификалық міндеттерін шешуде қылмыстың жекелеген түрлерінен алдын-ала сақтандыратын және тергеу әрекеттерін жетілдіріп, заттай айғақтарды ашуда жіті байқауға, зерттеуге бейімделген осы ғылымның әдістерімен бірге жаратылыстық-техникалық ғылымдарының жетістіктерін қолданады. Дәлелдеу процесіне аталған жаратылыстық және техникалық ғылымдар жетістігі криминалистика арқылы ғана енгізіледі.
Осы пәннің мазмұны мен міндеттері заң ғылымының бір саласы болып табылатын криминалистиканың бір жүйесін айқындайды. Криминалистика жалпы ғылым ретінде, сонымен қатар оқу тәртібі ретінде құрылысы жағынан келесі бөлімдерден тұрады: криминалистиканың теориялық және методологиялық негіздері, криминалистикалық техника, криминалистикалық тактика, қылмыстың жекелеген түрлерін тергеу әдістері.
Криминалистиканың теориялық және методологиялық негіздері осы саланың пайда болуы мен дамуы, пәні мен жүйесі, ғылыми әдістері жайындағы сұрақтарды қамтиды.
Криминалистикалық техника және оған пара-пар криминалистикалық теория заттық айғақтарды жіті байқауға, зерттеуге, жинастыру кезінде қолданылатын әдістер мен техникалық құралдар арқылы көрінетін ғылымның жүйесі. Бұл бөлімге қылмыстық іс материалдарында тіркелетін фотосуреттер, іздер туралы криминалистикалық ілімдер (трасология), атыс қаруларды қолдану және оны криминалистика тұрғысынан зерттеу (баллистика), құжаттарды криминалистикалық зерттеу, адамды сыртқы бейнелері бойынша зерттеу және қылмыстық тіркеу сияқты айғақтарды тауып, оған жете назар аудара зерттеу және техникалық құралдарды қолдануға байланысты тараулар кіреді. Осыдан байқағанымыздай, криминалистикалық техниканың жекелеген бөліктері зерттеу нысанының ерекшелігіне және осы нысандарды зерттеу мақсатында қолданылатын техникалық құралдарға байланысты жіктелінді.
Криминалистикалық тактика айғақтарды жинастыру мен зерттеуге бағытталған жеке процесуалды іс-әрекеттерді жүзеге асыруда қолданылатын рационалдық және тиімді тәсілдер мен жолдарын тергеуде жоспарлы қаралуын сипаттайтын ғылыми жүйе. Осы тергеу тактикасы көздейтін тергеудің өту іс-әрекетін жеңілдетіп, шыққан нәтижесі тиімді болатын әдістер мен тәсілдерді жасап шығарады. Сонымен қатар бұл бөлімде тергеушінің анықтау органдарымен өзара әрекеттері сияқты қоғамдық көмектерді пайдалануға байланысты мәселелер түсіндіріледі.
Криминалистиканың соңғы бөлімі – қылмыстың жекелеген түрлерінен алдын ала сақтандыратын және олардың тергеуге байланысты әдістемелік сипаттамалары мен ғылыми жүйесін қарастыратын қылмысты тергеу әдістемесі. Бұл бөлімде бағдарлама бойынша ұрлық, тонау, қарақшылық, зорлау, кісі өлтіру сияқты ауыр қылмыстарды тергеу әдістемесін оқыту қарастырылады. Сол сияқты оқу құралында жол-көлік оқиғалары, қорқытып талап ету, алаяқтық сияқты кең таратылған қылмыстарды да тексеру қарастырылады.
Бұл әдістемелік нұсқау криминалистиканың пәні мен жүйесі, тақырыптық мазмұны сияқты жалпы курс туралы мағлұматтар береді. Бұл курсты оқыту қылмысты ашудың жетілген амалдары мен тәсілдерін пайдалана отырып, оны тергеу жолдары арқылы қылмысқа қарсы күрестің міндеттемелерімен үйлеседі.
Студенттердің криминалистика пәнінің мазмұнымен жете таныс болуы олардың криминалистика курсын жетік меңгеруге көмектеседі. Бұл ең алдымен курс туралы жалпы түсінік беріп, оның пәні мен жүйесі, тақырыптарының мазмұны туралы материалдарды қамтиды. Криминалистика курсын оқу қылмысты ашу мен тексеру барысында қолданылатын әдістерді жетілдіру арқылы қылмыстылыққа қарсы күреспен үндесіп жатады.
Криминалистика курсын оқу нәтижелілігі студенттің оқу материалдарымен жүйелі түрде үнемі жұмыс істеп, лабораториялық, СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларды орындауға белсенді қатысуына байланысты.
Теориялық материалдарды ұғу қиын болғандықтан, оны анықтау органдарының, тергеу және құқық қорғау органдарының іс-тәжірибелерімен байланыстыра отырып оқу керек.
Оқу құралы криминалистикалық техника мен тактика бойынша лабораториялық сабақтарды өткізуді қарастырған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   243




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет