Гелманов А. Г. , Кузнецов А. А. , Мазунин Я. М. Особенности расследования грабежей и разбойных
Жәкішев Е. Г. и др. Криминалистика КазНУ 2005
Еркенов С. Е. , Султанов С. И. Тергеу әрекеттерінің тактикасы. Данекер 2002
Студенттің өзін-өзі бақылауға арналған тест сұрақтары:
Ұрлықты тергеу
Ұрлық қылмысын сипаттау кезінде қандай элементтің мәні болмайды:
ұрлықтың себебі
жәбірленушінің жеке бас ерекшеліктері
ұрлықтың жасалу жағдайы
қылмысқа қол сұғушылық заты
тергеудің кезендері
Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасында қандай элементтің мәні жоқ:
ұрлықтың жасалу тәсілі
қылмысқа қол сұғушылық заты
қылмыскердің жеке басының ерекшеліктері
ұрлықтың себебі
тексеру әрекеттері
Төменде көрсетілген элементтердің қайсысы ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы элементтеріне жатады:
ұрлықтың кең таралғандығы
ұрлықтың қоғамға қауіптілігі
үй - жайға кіру әдісі
ұрланған заттарды алу мерзімі
барлығы дұрыс емес
Ұрлық қылмысын жасау әдісінің мәні қандай:
ұрлыққа қатысы болуы мүмкін адамдар топтарын анықтауға көмектеседі:
қылмыс орнындағы іздерді мақсатты түрде іздеу
ұрлық жасаған адамның қылмыстық тәжірибесінің бар жоғын анықтау
пайдаланған құралдардың сипаттамасын анықтау
жоғарыда аталғандардың барлығы
Ұрлық қылмысына қол сұғушылық зат болуы мүмкін:
азық - түліктер
мал, үй жануарлары
ақша
бидай
жоғарыда аталғандардың барлығы
Ұрлық қылмысына қол сұғушылық зат болуы мүмкін:
ішімдік өнімдері
мұнай, мұнай өнімдері
шикізат, материалдар
дайын өнімдер
жоғарыда аталғандардың барлығы
Ұрлықты тергеу кезіндегі қылмысқа қол сұғушылық затының мәні неде:
қылмыскер туралы болжамдар жасауға көмектеседі
қылмыскерлердің тобы туралы болжамдар жасауға көмектеседі
қылмыскердің тұрғылықты орны туралы болжамдар жасауға көмектеседі
қылмыскердің жасы туралы
жоғарыда аталғандардың барлығы
Ұрлыққа дайындалу тәсіліне кірмейтін элементті атаңыз:
ұрлық жасайтын объектіні бақылау әрекеті
ұрлық жасалынатын объектіге енудің әдісін таңдау
бұзу үшін техникалық құралдарды таңдау (құрал - жабдықтар және басқа да заттар)
жабатын құлыптарды бұзу
жоғарыда аталғандардың барлығы
Ұрлық кезінде ізді жасыру тәсіліне қатысты элементті атаңыз:
қорғалатын қондырғыларды құру
жезбезекті кілттер көмегімен ашу
көшірме кілттердің көмегімен ашу
бұзу
бұзудан басқа, жоғарыда айтылғандардың барлығы
Кәмелет жасына толмағандармен ұрлық жасалуы мүмкін:
ауыр құрал –жабдық қондырғыларымен жабық жерді ашу
құжаттарды ұрлау
тамақ өнімдерін, техниканы ұрлау
жүннен жасалған заттарды ұрлау
мал ұрлау
Кәмелет жасына толмағандармен ұрлықтың жасалуы:
түнгі уақыттарда ену
ауыр құрал –жабдық қондырғыларымен жабық жерді не сейфті ашу
ашық есіктер арқылы ішке ену және құны төмен заттарды ұрлау
қорғау қондырғыларын жойып ұрлау
материалды жауапты тұлғалардың көмегі арқылы ұрлау
Кәсіби жолмен жасалған ұрлыққа тән:
ішке ену үшін арнайы ашу құралдарын пайдалану (жезбезекті кілттер)
ұрланған заттың саны және құндылығы
іздердің аз қалуы не олардың мүлдем жоқтығы
қылмыскерлерді көрген куәлердің жоқтығына алып келетін әрекеттері
жоғарыда атлғандардың барлығы
Ұрлық істері бойынша қандай мақсатта оқиға болған жерді қарау жүргізіледі:
ұрлық іздерін табу, алу, бекіту
көрген куәлерді табу
ішке ену әдісін және бұзк құралын анықтау
қылмыскерлер санын анықтау
жоғарыда аталғандардың барлығы
Ұрлық істері бойынша оқиға болған жерді қарау міндетіне кірмейді:
қылмыскердің жасын анықтау
қылмыскердің кәсіби қабілетінің бар болуын
қылмыскердің қол және аяқ киім іздерін табу
қылмыскер сотталғандығы бойынша есепте бар жоқтығын
жоғарыда аталғандардың барлығы
Құлыпты не сейфті газды сваркалық құралдармен ашу кезінде қандай іздер қалады және қайда болуы қажет:
сейфте қылмыскердің киімінің жіптері
сейте қолдың іздері
оқиға орнында аяқ киім іздері
топырақ іздері
металл бөлшектерінің іздері қылмыскердің киімінде, аяқ киімінде және тырнақ астында
Мал ұрлығы кезінде қылмыскерге қатысты қандай типтік болжам ықтимал:
қала тұрғынымен жасалынған
кәмелетке толмағандармен жасалынған
сол ауыл тұрғынымен
бөтен адамдармен
рецедевистермен
Емханалардағы дәрі – дәрмектерді ұрлау жағдайында қылмыскерге қатысты қандай типтік болжам ықтимал?
аудан емханасына жақын орналасқан тұрғындармен жасалынған
осы емханада емделіп жатқан аурулармен
осы емханада жатқан нашақорлармен
дәрігерлік қызмет көрсетушілермен
бөтен адамдармен
Төменде көрсетілгендер ішінде қалта ұрлығын жасайды:
қаңғыбастар
ересектер, нашақорлар, ішімдікке әуестенушілер
жұмыссыздар
жұмыстан шығып кеткендер
арнайы үйретілгендер
Жәбірленушіге қалта ұрыларының суреттері бар альбомдарды көрсету нәтижесі қандай негізде бекітіледі:
жауап алу хаттамасымен
анықтама берумен
суретке түсіру бойынша тану хаттамасы
тергеу экспериментінің хаттамасымен
қарау хаттамасымен
Ұрлық болған жерден аяқ киімнің ізін табуға байланысты қандай сараптама тағайындалады?
сот - баллистикалық
сот - одорологиялық
сот - трасологиялық
материал мен заттарға криминалистикалық сараптама
сот - тауартану
Ұрлық пен шабуыл жасау істері бойынша жәбірленушілерден жауап алудың басты мақсаты мәлімет алу болып табылады:
ұрланған заттардың ерекшеліктері туралы
бұзу құралдарының ерекшеліктері туралы
ұрлық пен шабуыл жасаудың іздерін жасыру әрекеттері туралы
қылмыскердің қылмыс ізін қай жерде қалдыруы мүмкін екендігі туралы
жәбірленушінің оқиға болған уақытта жағдайы қандай еді
Ұрлық істері бойынша қарау жүргізу кезінде учаскелік полицияға қандай тапсырмалар беріледі:
1. оқиға болған ауданда үй аулаларына тексеру жүргізу
2. іздерді алу мен буып - түю
3. материалдық іздерді табу және бекіту
4. бөлшектеп түсіру
5. оқиға болған жердің жоспарын құру
Ұрлық болған жерді қарау кезінде анықтауға мүмкін болмайтын жағдайды көрсетіңіз:
ұрлық жасалған жерге қылмыскер қай жақтан кірді және қандай бағытта кетті
қандай құралдар мен қаруларды пайдаланғанын
ұрлыққа қанша қара шашты және сары шашты адамдардың қатысқанын
қылмыскердің киімінде, аяқ киімінде қандай іздердің қалғанын
ұрлық болған жерде қалған іздерді жою үшін қандай әрекеттер жасалғанын
Ұрлық жасалған жердегі табылған қол іздерін анықтау үшін қандай сараптама тағайындалады?
сот - биологиялық
сот - автортану
сот - дактилоскопиялық
фото - техникалық
сот - портреттік
Ұрлық кезінде қолданылған бұзу құралдары мен олардың оқиға болған жерде қалдырған іздеріне тағайындалатын сараптамаға қандай сипаттағы сұрақтар қойылады?
классификациялық
диагностикалық
ситуациялық
идентификациялық
шығу қайнар көздерінің ортақ екенін анықтау
Ұрлық істері бойынша бұзу құралдарын идентификациялау кезінде қандай сараптама жүргізіледі?
трасологиялық
тауартану
материалдар мен заттарға криминалистикалық сараптама
трасологиялық және тауартану кешенді сараптамасы
инженерлі - техникалық
Ұрлау істері бойынша күзетшіден жауап алу кезінде келесі сұрақтардың қайсысы қойылуға жатпайды?
оның қайда болғаны туралы
ұрланған заттардың бағасы қандай
қандай да бір уақытқа кетіп қалған жоқ па
сезікті адамдарды аңғарған жоқ па
электр жүйесін сөндірген жоқ па
Достарыңызбен бөлісу: |