5. Тақырып. Құжаттарды криминалистік зерттеу
Құжаттарды криминалистік зерттеудің түсінігі, оның бөлімдері: қолжазба тану, автортану, құжаттарды техникалық зерттеу.
Қолжазудың қалыптасуы және оның идентификацияға негіз болатын қасиеттері. Қолжазудың қалыптасуының және өзгеруінің заңдылығы. Динамикалық стереотип. Қолжазудың жалпы және жеке белгілері. Жазуды ұқсатып (имитация жасап) жазу. Қолжазуды криминалистік сараптамаға жіберуге материалдар дайындау. Еркін, экспериментальды, шартты-еркін жазудың үлгілері. үлгілерге қойылатын талаптар.
Құжаттарды техникалық-криминалистік зерттеудің түсінігі, объектілері. Реквизиттер: мәтін, мөртаңба, құжаттың бланкісі, қолтаңба. Құжат материалдары: қағаз, сия, паста, тушь, графит, типографиялық бояу, желім, ледерин және т.б. Техникалық құралдар: қалам, мөр, штамп, клише, ксерокс, компьютер, принтер, баспаханалық станок, кескіш, кассалық аппарат және т.б. Құжаттарды техникалық-криминалистік зерттеудің шешетін идентификациялық және идентификациялық емес мәселелері.
Жалған құжаттарды жасау әдістері .Жартылай және толық әдістер. Жалғандық тәсіл белгілері.
Өшірілген, оқуға жарамсыз жағдайға келтірілген және отқа жанған құжат мәтіндерін зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |